Тарих | Менің Қазақстаным — менің болашағым

«Менің Қазақстаным — менің болашағым». Бүгін «Атамекен— «Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешенінде Конституция күніне арнап өткізілген республикалық бейне-конференция осылай аталды. Интерактивті сабақ түрінде болған шарада құқықтық және демократиялық мемлекет құрудағы Ата Заңның рөлі төңірегінде ғибратты әңгіме өрбіді. Интернет арқылы Маңғыстау, Алматы және Қарағанды облысы мен Астана қаласының сондай-ақ, өзге де өңірлердің студент, оқушылары тікелей байланысқа шықты. Олар заң саласының білгір мамандары мен «Нұр Отан» партиясы өкілдеріне өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, бейне-конференцияға Әділет, сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі мен Ресей, Белоруссь елшіліктері интернет арқылы қатысты. Ұйымдастырушылар, «интерактивті сабақ жас буынның құқықтық санасын қалыптастыруға таптырмайтын шара» деп бағалап отыр. Ал Заң ғылымдарының докторы Марат Башимовтың сөзінше, көптеген елдер Конституция күнін патриоттар мейрамы ретінде атап өтеді.
1995 жылы референдумда қабылданған Ата заңымыз бүгінде еліміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Республика аумағында жыл сайын атап өтіп келе жатқан мереке қарсаңында биыл да түрлі мекемелер тарапынан іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Төтенше жағдайлар департаментінде де бірқатар іс-шаралар осы бағытта өрбуде. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен 2009 жылдың 7 тамызында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы ғимаратындағы саптық алаңда департаменттің және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінің балалары арасында «Менің Отаным ....
Рефераттар
Толық