- Айнұрды айтамын-ау, - дейді апасы. - Айнұрды айтып отырмын! - дейді сонан соң, "кімді айтып отырғанымды өзің біліп отырсың ба?" дегендей. Бұл - апасының үлкен ағасына қарап дастарқан басында сөйлеп отырғандағы кейпі.
- Ау, біліп отырмын ғой, - дейді ағасы. - Айнұр деген өзімізбен қарайлас оқыған жігіттер емес пе?
- Сол бала мектепті алтын медальмен бітірді ғой, - дейді апасы.
- Ау, Айнұрлар деген мықты оқыған жігіттер ғой! - дейді ағасы. - Айнұрлар деген мектепте мықты оқыды емес пе?!
- Әне! Оқысаң, сол баладай болып оқы! - дейді апасы. - Ауылдың қарапайым ұлы. Мектепті өзінің білімімен алтын медальға бітіріп шықты.
Апасы соңғы сөзді айтқанда бұлар отырған жаққа қарап отырып айтады. "Осыны сендер үшін айтып отырмын, өздерің бірдеңе түсініп отырсыңдар ма?" дегендей.
- Сол бала қай ғылымның соңына түсті? - дейді сонан соң тағы да ағасына қарап.
Ауылдағы баласын қаланың мектебіне оқытқысы келген еді. Оқытты да. Үйде отырып баласынан сұрады:
- Бұл кезде ауылдың мектебіне барып жататын едің. Міне, қаланың мектебіне де бардың. Өзіңе қайсысы дұрыс? Ауылдың мектебінде оқыған ба, әлде қаланың мектебінде оқыған ба?
Бірінші сыныпқа барған ұлына анасы осы сұрақты қойып, оның "қала мектебі" дейтініне сенімді еді.
- Ең дұрысы - оқымай-ақ қойған жақсы еді, - деді бала. - Жаныңызда еріп жүре берсем де болмас па еді?
- Бүгін бізде көпшілікке танымал, елге елеулі жан Бейсенбай Жұманың кластасы Аюбай ата қонақта отыр. Аюбай ата, сізді Бейсенбай Жұманың кластасы дейді ғой, сол сөз рас па?
- Бейсенбайдың кластасы екендігім рас, - деді Аюбай ата. - Бейсенбайдың өзі бізден бес жастай кішілігі бар бала еді. Өзінің зеректігімен, алғырлығымен бізді қуып жетіп алған ғой. Өзі бір кіп-кішкентай, көзі жылт-жылт еткен сүйкімді балатұғын. Бейсенбай менің артымдағы партада отырды, мен Бейсенбайдың алдыңғы жағындағы партада отырдым. Менің сабақ үстіндегі ермегім сол - мұғалімнің көзін ала беріп, Бейсенбайды танаудан шертемін ғой келіп. Артыма қараймын да, Бейсенбайды танаудан шертіп кеп қаламын. Күн ұзақ сабақ үстіндегі ермегім сол еді.
Қазалы ауданындағы №25 мектепке ұзақ жылдар басшылық жасаған Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Алмас Темірбайұлы жуырда ғана 63 жасқа толып, құрметті демалысына шыққан еді. Мектеп әкімшілігінің ұсынысымен осы іс-шараның сценарийіне байланысты жұмыстарды жазып отырғанда, осы бір шағын естелік те тіл ұшына оралып тұрды.
Қызылорданың оқу орнынан әдебиеттің мұғалімдігі мамандығы бойынша бітіріп келген бұған мектептің директоры: "Кел, жұмысқа алайын", - деді. Мұнысы жағдайға қарағаны, түсіністік танытқаны, үйден апасының жанынан шығып тұрсын дегені, дүниеден озып кеткен көкесіне деген құрметі. Әйтпесе мектеп сол сәтте дәл осы мамандықтың иесіне тым зәру болып тұрған жоқ еді. Мұны естіген апасы: "Бұл бала да көргендігін істеп отырған бала ғой", - деді.
Бірақ мәселені мектептің директоры шешпейтін болып шықты. Мәселені аудандық білім бөлімі шешеді екен. Ал аудандық білім бөлімі мұны маманы тапшы шалғай ауылдарға жіберіп жатты. Осылай аудандық білім бөлімі мен ауылдың арасын тамыздың он бесінен қыркүйектің басына дейін жол қылып жүріпті.
Бір күні аудандық білім бөлімінен мектептің директорын көріп қалды. .....
Қазалы ауданындағы №25 мектепке ұзақ жылдар басшылық жасаған Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Алмас Темірбайұлы жуырда ғана 63 жасқа толып, құрметті демалысына шыққан еді. Мектеп әкімшілігінің ұсынысымен осы іс-шараның сценарийіне байланысты жұмыстарды жазып отырғанда, осы бір шағын естелік те тіл ұшына оралып тұрды.
Қызылорданың оқу орнынан әдебиеттің мұғалімдігі мамандығы бойынша бітіріп келген бұған мектептің директоры: "Кел, жұмысқа алайын", - деді. Мұнысы жағдайға қарағаны, түсіністік танытқаны, үйден апасының жанынан шығып тұрсын дегені, дүниеден озып кеткен көкесіне деген құрметі. Әйтпесе мектеп сол сәтте дәл осы мамандықтың иесіне тым зәру болып тұрған жоқ еді. Мұны естіген апасы: "Бұл бала да көргендігін істеп отырған бала ғой", - деді.
Бірақ мәселені мектептің директоры шешпейтін болып шықты. Мәселені аудандық білім бөлімі шешеді екен. Ал аудандық білім бөлімі мұны маманы тапшы шалғай ауылдарға жіберіп жатты. Осылай аудандық білім бөлімі мен ауылдың арасын тамыздың он бесі .....
"Бұл кекіл алыну керек пе, жоқ па?" Бұл бірінші сыныпқа баратын кезде талас тудырған мәселе осы болды. Бұл алдырмаймын деді. Осыны естіген мұны бірінші сыныпқа қабылдағалы тұрған ұстазы: "Кекілімен-ақ келіп отыра берсін. Бала бастықсын әуелі. Бұл балабақшаға бармаған бала ғой" депті. Ағайының онысы рас еді. Бірде кішкентай күнінде қолжуғышқа бойы жетпейтін болған соң, үлкен орындықты қойып алып, соның үстіне шығып, жуынып жатыр еді, ашық тұрған есіктен есік алдында апасымен сөйлесіп жатқан балабақша қызметкерінің даусын естіді. Балабақша қызметкері мұны балабақшаға барады ма деп сұрап жатыр екен. Апасы: "Шырағым, өзің сұрап көр баладан. Егер барамын десе, барсын", - деді. Жанына келген тәтей: "Балабақшаға барасың ба?" деп сұрап еді, бұл "Жоқ" деп басын шайқады. Балабақша тақырыбы осымен жабылған.
Мектепте бүгінгі кезекшілікте Айжан тұр еді. Осы кезде есіктен Күлия кірді. Күлия - өзін кербездеу ұстайтын әйел. Шәкірттің ата-анасы. Айжанға бас изеп амандаса салып, аржағында келе жатқан орыс тілінен сабақ беретін Сәулені көріп, үйіріле кетті. Сәуле де Айжандар қатарлы қыз еді.
- Амансың ба, қарағым, Сәуле?! Біздің қыздың сабағы қалай? - деді Күлия.
- Дүрияны айтасыз ба? - деді Сәуле. - Дүрияның сабағы жақсы ғой.
- Жақсы болу керек! - деді Күлия сенімді дауыспен. - Өйткені папасы да мектепте жақсы оқыған ғой.
Сәуле Күлияның сөзіне жымиды. Осы кезде мектепке дәудірлей сөйлеп Сейдолла кірді. Сейдолла - зор денелі кісі. Есік аузында тұрған Айжанды аса елемеген күйі Сәулені көріп, үйіріле қалды:
- Сәуле қарындас! Біздің ұлдың сабағы қалай?!
- Аға, жай сөйлесеңізші! - деді Айжан, Сейдолланың дәудірлей сөйлегеніне кейістік білдіріп. - Мектепте сабақ өтіп жатыр ғой.
Диспут жоғары сыныптардың арасында өткелі жатыр еді. Кенет ағайлары сыныптағы екі ұлды осы өткелі жатқан диспутқа дайындай бастады. Мұны және сыныптың тағы бір ұлын. Бұларға қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін осы ағайлары бұлардың 5"А" сыныбына жылдың басында жетекші болып тағайындалған еді. Енді өзінің сыныбының екі ұлын жоғары сыныптар арасында өткелі жатқан диспутқа қатыстырып көрмек.
Мәдениет Үйінде өткелі жатқан диспуттың жалпы тақырыбы "Достық дегеніміз не?" деп аталатын. Іс-шараны мектептің аға пионер вожатыйы ұйымдастырып, өткізгелі жатыр еді. Мектептегі осы аға пионер вожатыйға үлкен баға берілетін.
Аға пионер вожатыйдың дружина жиындарындағы орны да оқушылар үшін елеулі еді. Мұндай дружина жиындары отряд советі председательдерінің рапорт тапсыруымен басталады. Рапорт дружина советінің председателіне тапсырылады. Ал дружина советінің председателі - жоғары сыныптың оқушы қызы. Өз рапортының мәтіні төмендегіше болып келетін: .....
"Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы-құрдастарым! Мінеки, біз үшін қоңыраудың сиқырлы да сазды әуені соңғы рет ән салмақ. Және ол ән барлығымызды сонымен бірге өмір деп аталатын алып күрежолдың төскейіне шығарып салар. Бізді қаншама жыл оқытып, білім берген, тәрбие берген аяулы ана мектебіміз бен құрметті ұстаздарымыз іштей тілектестік білдіріп, сәт сапар тілеп қалар..."
Бұл - Қожабақы ауылындағы №25 мектептің бір кездегі 48-түлектерінің ауыл сахнасындағы өздерінің соңғы қоңырау салтанатында ұстаздары мен мектеп бітіруші құрбы-құрдастарына арнап сөйлеген сөзі еді. Сонан соң олар соңғы қоңырау жайлы өлең оқыды:
Ұғынды ма арлылығын, тәтті өмірдің нар жүгін, Ақ бантикпен қоштасады қыз бала да дәл бүгін. Бүр жарды ма кеудесінде асау сезім елім деп, Адуындау ерке ұлдың да мұрты қапты тебіндеп... .....