Педагогика | Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілеттің дамуын зерттеу

Кіріспе
Тәуелсіз мемлекетіміздің саяси – экономикалық, әлеуметтік даму жағдайының ерекшеліктеріне қарай бұл күнде халыққа білім беру саласы және оның әр буыны үлкен өзгерістерге ұшырауда. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамдарда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педгогика | Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру әдістемесі

1. Ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттің мәні.
Диалектиканың қарма – қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез – келген нәрсені,құбылыс,процесс қарма – қарсы,бірін – бірі жоққа шығару және бір мезгілде өзара қарым – қатынаста болатын қарама – қарсы жақтардың қарама – қайшылықтың бірлігі болып табылады.Оқушылардың танымдық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама – қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама – қайшылықтарымен сипатталады.Әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу – тәрбие процесінде жүзеге асырылады.Микро жүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама – қайшылықтарында кездесіп отырады.Оқу – тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама – қайшылықтарын оқушыларды оқу – танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды,кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбыларымен қарым – қатынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен,ал оқушылар бір – бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясы

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу
мотивациясының психологиялық сипаттамасы,
яғни оқуды басқару балалардың осы іс-әрекетті
қалыптастыруы болып табылады. Оқуды
бастамастан бұрын бала оқу міндетін (түсіну, өзі
үшін қабылдау, өз бетінше анықтау) меңгеруі тиіс
екендігі, толық құнды оқу белсенді оқу әрекетінсіз
оқу жұмыстарының әдістері, тәсілдерінсіз
(мысалы, оқытылатын пәнінің әр түрлі жақтарын салыстыру, олардан жекелеген белгілерді бөлуі, оларды қайта құру және қайта қарастыру, сызба, модель құрастыру) мүмкін емес. Белсенді оқуды жүзеге асыру сонымен қатар баланың өзін-өзі тексеру, бағалау ептілігін, яғни өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі баға беру әрекетін орындауды талап етуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАЃЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ БЕЙIМДЕУДIЊ ПСИХОЛОГИЯЛЫЌ НЕГIЗI

КIРIСПЕ
Ж±мыстыњ өзектілігі. Ќазаќстан Республикасы Президентініњ аќпан айында µткен халыќќа жолдауында еліміздіњ болашаѓы жас ±рпаќтыњ білімділігі мен сауаттылыѓы екендігін баса айта отырып, олардыњ оќу-білім алуына мемлекет, ќоѓам тарапынан ерекше кµњіл бµлініп, оларѓа жан-жаќты жаѓдай жасалу керектілігі – мемлекет алдындаѓы негізгі міндет пен µзекті мєселе болып ќала беретіндігін айтып µткен болатын. Сондыќтан б±л міндетті шешуде балалармен ж±мыс ж‰ргізетін єрбір ересек адам ат салысуы тиіс.
Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамға адамның кез-келген єректке сондай-аќ кезкелген жања ортаѓа єлеуметтенуі мен бейімделуімен байланысты. Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, єрбір ќоѓам м‰шесі бола отырып, ‰немі айналасындаѓылармен ќарым-ќатынасќа т‰седі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді.
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сүранысын қамтамасыз ету мақсатында қоғамға бейімделе алатын, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш білім беретін мектепте мұғалімнің педагогикалық процесті ұйымдастыруды

Кіріспе
Қазіргі кезеңде біздің қоғамымыздың басты міндеттері ретінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуді, соның негізінде елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерісті түбегейлі жүзеге асыруды ұсынды. Мұндай ауқымды міндеттерді шешуде мектептің рөлі зор. Мектептің басты міндеті – жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігі мен сапасын түбегейлі және батыл жақсарту, әрбір жас ұрпақты жан-жақты және үйлесімді дамытуға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Оқу-тәрбие процесінің табысты болуы көп жағдайда педагогтар мен оқушылардың жүйелі жұмыстарына байланысты. Педагогикалық процестің өте тиімді болуы үшін мынадай жағдай қажет: мұғалім оқушысын оқыту мен тәрбиелеуге ынта-ықылас білдіруі және атқара алуы оларға оқуға деген ынтызарын оята білуі тиіс. Сондықтан да мұғалім мен оқушылардың бірлескен еңбегінде олардың мүдделілігі мен жауапкершілігі талап етіледі. Бұл мүмкіндіктер Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, Е.И.Ильин, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин секілді жаңашыл-педагогтар ұсынған “педагогикадағы ынтымақтастықтың” негізгі идеялары мен принциптерінде тұжырымдалады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | «Балбөбек» бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің жаңарту негізі"

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ұл бәсекелестігі алдымен оның біліктілігі деңгейіне байланысты екендгі, сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, сөйтіп халықаралық деңгейге жету мақсаты қойылып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша халықаралық тәжірибедегідей, орта білім берудің нәтижеге бағытталған моделіне көшу көзделуде. Ол м 2008-2009 оқу жылынан бастап жүзеге асса, ал оған дайындық қызірден бастап жүруге тиіс екендігі сөзсіз. Дайындықтың мақсатты, жүйелі жүруін қамтамасыз ету үшін институт жанынан «Балалар әлемі» ғылыми-әдістемелік зертханасы ашылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңі

1.1 Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері.
Қазіргі заманғы советтік тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің I—III кластары). Балалар мектепке 6 жастан баратын, ал бастауыш оқу үзақтығы біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, әрине, басқаша хронологиялық шектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалды. Мәселен, бұл кезеңді мектепке мүлдем оқымаған бала бастан өткізбейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Кәсіби оқыту | Жалпы білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру


Қазіргі уақытта, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмысын үйлестіру үшін тәжірибе ретінде қалаларда, аудандарда кәсіптік бағдар беру орталықтарын құру қайта қолға алынып отыр.
Сонымен, алдағы уақытта халық шаруашылығының мамандар жөніндегі қажеттерін, өндірістік оқудың материалдық базасының мүмкіндіктерін, қалалық және ауылдық мектептердің мүмкіндіктерін ескере отрырып, мектеп оқушыларын еңбекке баулудың профильдерін, оқушылардың қоғамдық пайдалы және өнімді еңбегін өз дәрежесінде ұйымдастыру, олардың мақсаты,мазмұнды болуын, сөйтіп, жалпы білім беретін орта мектеп түлектерін дер кезінде еңбекке орналастыру тәрізді жауапты міндеттер тұр.
Қазіргі кезде саны бар сапасы жоқ оқу орындары да көбейіп білім сапасын төмендетіп жіберді. Сонымен қатар мектепті он екі жылдыққа көшіру мәселесі көптеп қолға алынып жатыр. Сол үшінде мектеп қабырғасынан жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарына мықтап көңіл бөлуді қажет етеді. Әрбір оқушы мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтың маман болып жатса ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

ПМНО | Көмекші мектептің 7 сынып оқушыларына сөз құрамын оқыту

Зерттеудін көкейкестілігі. Қазіргі кезеңдегі арнайы педагогиканың өзекті мәселерінің бірі - мүмкіншілігі шектеулі балаларға қазақ тілін үйрету және оқыту.
Бүгінгі күнге дейін, көмекші мектептерде қазақ тілінде және қазақ тіліне әдістемелік құралдар жоқтың орнында. Сондықтан, Республиканың барлық арнайы білім беру ұйымдары, жалпы білім беру мектептеріне арналған әдістемелік құралдармен жұмыс жасайды, бұның өзі түзету жұмыстарын жоспарлау менен өткізуге қиындық туғызады.
Аталған проблеманың әуезділігін және осы кезеңге дейін қазақ тілінде әдістеменің жоқ болуына байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын -көмекші мектептің 5-7 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту деп алдым. Сондықтан, біздің жұмысымыздың
Зерттеудің мақсаты:
Қазақ тілінде оқитын көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша жіберетін қателер түрін анықтау.
Сондай-ақ, қазақ тілінде оқу жүргізілетін көмекші мектепке арналған «Сөз құрамы» тарауына әдістемелік құрал жазу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Мектеп оқушыларының мазасыздануының психологиялық мәселелері

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңдағы түрлі өзгерістер, жан-жақты карқынды дамуға байланысты кез-келген адам үнемі түрлі стресс жағдайларымен соктығысып отыратындығы жасырын емес. Экономикалық, саяси тұрақсыздық адамның өзіне, өзге адамдарға, ситуацияларға деген сенімділік сезімін жоғалтады.
ХХ-шы ғасырдың басында шетелдік және отандық психологияның өзекті мәселелерінің бірі жағымсыз эмоционалды жағдайларды, яғни ашу, агрессия, кінәлау сезімі, мазасыздану, стресс, дистрессті зерттеу болды.
Психология тарихында мазасыздануды түсіну ең алдымен жеке тұлға туралы түрлі теориялық дамуымен байланысты. Ең алғаш мазасыздануды зерттегендердің бірі З.Фрейд болды. [1,2,3,4]
Ол былай деді: "мазасыздануды бәсеңсіту үшін, адамның психикасы сублимация, регрессия, проекция, үнемдеу деген сияқты қорғаныс механизмдерін қалыптастырады. Мазасыздық сезімі жеке адамның дамуын тежелтеді, себебі онымен күресу үшін көп энергетикалық күш-қуат жұмсалады".
Бірақ, бұл Фрейд бойынша мазасыздануды жоюдың бірiнші тәсілі ғана. Екіншісі, жағдайларға тікелей мойын бұру болып табылады.
Фрейдтің оқушылары, неофрейдистер яғни Э.Фромм, К.Хорни, Г.С.Салливан және т.б мазасыздануды жеке тұлғадағы базалық, яғни негіздік кайта қүрылу, түзіліс деп есептеді. Мысалы, Э.Фромм былай деп жазады, мазасыздық сезімі адам табиғаттан қол үзгенде пайда болады деп, оның әлеуметтік аспектілеріне көңіл бөледі. К.Хорни мен Г.С.Салливандар мазасыздануды ана мен баланың қарым-қатынасы тұрғысында түсіндіреді. Бұл ғалымдар мазасызданудың қайнар көзі деп, Фрейд сияқты биологиялық себептерден емес, әлеуметтік себептерден іздеді. [1,2,3,4,5,6,7,8,].
Мазасыздану проблемасына өте жиі гуманистік бағыттағы психологтар К.Роджерс, В.Франкл, А. Маслоулар мән берді. Олар өзгелерге қарағанда, өзін-өзі дамытуға ұмтылған дені сау жеке тұлғаға катысты түсіндірді. [9,10,11]
Л.С.Выготский өз зерттеулерінде үнемі мына құнды жайтты ескертті: яғни, адам психикасы тұтас процесс ретінде зерттелуі тиіс. Адамның жеке тұлғасының интелектуалды және аффективті жақтары арасында тығыз өзара байланыс болуы тиіс. Кеңестік дәуірде психологтар көбінде интеллектуалды аумақты зерттеуге аса мән берді. Ал, эмоционалды күйлерді зерттеу идеологиялық себептерге орай рұқсат етілмеген еді. Мазасыздануды орыс нейрофизиологтары И. М, Сегенов, И. Павлов, В. М. Бехтеревтер де өз еңбектерінде қарастырып өткен.
Жалпы психологияда эмоционалды күйлердің проблемасы Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Ф.Е.Василюк, Рубинштейн еңбектерінде де қарастырылды. Олар эмоционалды күйлердің базалық, теориялық негіздерін қарастырды.
Мазасыздануды эксперименттік тұрғыда зерттеуді алғаш С.Д.Спилбергер (С.D.Spielberder) және оның ізбасарлары бастаған. Бірақ әлі күнге дейін мазасыздану детерминациясы мен функциясының механизмдері айқын емес. [12,13]....
Дипломдық жұмыстар
Толық