Туған жері: Тараз қаласы Туған күні: 07.11.1976ж. Отбасы: Анасы Жібек Жолдасова. Екі қарындасы бар – Айнұр, Гүлнұр. Білімі: Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсеитова атындағы музыкалық мектебіне ауысты. 1994-98жж. Т.Жүргенов атындағы театр адемиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алды. Алғаш кэсіби жолы «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен басталды. 2002-07 жж. Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген. Аспабы: Домбыра Талай арудың «тым болмаса, бір көрсек» деген арманы болған Мейрамбекке бұрылып та қарамайды. Бұл үнемі бикештердің ықыласына бөленіп, назардан тыс қалмаған сері жігітке біртүрлі қызық көрінеді. «Жұрттың бәрі өліп-өшіп жатқанда бұл неге көзінің қиығымен болса да бір қарамайды» деп қатты таң қалады. Осы оймен бейтаныс аруға жақындап келіп, танысуға ниет білдіреді. Алайда бір-екі ауыз тілдесуден әріге бармаған Мархабат ашылып ештеңе айтпай, өз жөнімен кетіп қалады. Бір көргеннен ғашық болып қалған Мейрамбек «қайтсем де осы қыздан айырылмаймын» деп, оның құрбысынан телефонын әзер сұрап алады. – Мен өзімді танымайтын, өнерімді емес, азамат ретінде бағалайтын қарапайым жар іздеп жүрген болатынмын. Ойда-жоқта кездестірген қиялдағы қалқаны әрең дегенде кездесуге көндіріп, мейрамханаға шақырдым. Өзімнің өмірі кешігіп жүретін әдетім бар болғандықтан, алдын ала дайындалып, қатты қобалжыдым.....
Гүлзира Айдарбекова өзінің ұлы Қайрат Нұртас секілді әндерінің барлығы хит болған әншіні білмейтінін айтты. Сонымен бірге, ол Қайратты Төреғалимен, Димашпен салыстырып, қайсысы мықты екенін анықтағысы келгендерге де жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Қазақ халының сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев соңғы кезде Instagram парақшасында балалық шақтағы суреттерін жиі жариялап жүр. Ел сүйікті әншілерінің еш жерде жарияламаған суреттерін көргенде, Мейрамбектің бала кезде көрікті болғанын жарыса жазуда. NUR.KZ порталы бүгін оқырман назарына Мейрамбектің жас кезіндегі суреттерін ұсынады.
Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (8 қараша 1976 жылы, Жамбыл облысы, Талас ауданында туған) — қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Өмірбаяны Мейрамбек Беспаев Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек екі қарындасы бар – Айнұр, Гүлнұр. Анасының есімі - Жібек Жолдасова. Жұбайы - Мархабат. Қазіргі таңда қыз бен ұл тәрбиелеуде....