Тарих | Матриархат

Бұл өтпелі дәуір салттарының ерекше комплексі матрилокальдылық патрилокальдылықпен ауысқанда, әдетте біраз уақыт әлі де, туыстықты ана жағынан есептеумен байланысты болды. Бұл кезде әйел ерінің, семьясы мен руына келіп ірге тепкенде, оның балалары сол руға жатпайтын және белгілі жас мөлшеріне жеткенде шешесінің семьясы мен руына қайтып оралатын. Мұнда олардың ең жақын нақтылы туысы анасының бауыры болатын, оның баласы осындай тәртіп бойынша өзінің анасының аға-інісіне барады. «Жиені нағашы ағасының үйінде тұрады. Соның шаруашылығында жұмыс істейді, оның өсиет ұстаздығына құлақ асады. Семья, немесе ең жоқ дегенде, оның қабілетті бөлігі соншама туғандары мен олардың балаларынан емес, нағашы ағалары мен олардың жиендерінен тұратын еді. Бүкіл осы тәртіп, сондай-ақ оның осы қалпында ұзаққа сақталып келген сарқыншақтары (көбіне жиендер мен оның нағашы ағасының арасындағы ерекше жақындық туралы ұғым) авункулат деген атқа ие болды. ....
Рефераттар
Толық