Назерке Ибадуллаева Менің мамандығым менің өмірім

Əрбір мектеп бітіруші түлектің ойында жауабы бұлыңғыр мыңдаған сұрақ тұрады. "ҰБТ-ға қаншалықты дайынмын?", "Ата-анамның маған артқан үміті ақталар ма екен?", "Болашақта қандай мамандық иесі боламын?", "Оның еліме, өзіме тигізер пайдасы қандай болмақ?" деген сансыз сауалдың менің де ой-санамды шырмағанына аз болған жоқ. Осылай ой жетегінде жүргенде, уақыттың қалай зымырап өткенін де байқамай қаласың." Нар тəуекел!" деп, бір мамандықты таңдайсың. Ол ата-анаңның не достарыңның айтқаны емес, өз жүрек қалауың болмақ! Барлық жас түлек өз мамандығын жүрек қалауымен таңдайды десек, артық айтқан болармыз. Алайда менің жүрегімнің қалауы болашағымның адастырмас қазығына айналарына сенемін.

Бүлдіршін шақта көпшілігіміз ұстаз болуды армандаймыз. Бірінші сыныпқа келген балақандарға əліпби үйретіп, қолына қалам ұстатып, жазуға баулуды бақыт санайсың. Алайда жоғары сыныпқа келген шақта, неге екені белгісіз, ол ойыңнан қайтасың да, мүлдем басқа салада қызмет атқаруды жөн көре бастайсың. Ойланып жүргенде, бұл мəселеге ата-анаң да кірісіп, қолдау көрсетіп, қажет болса, нұсқау да беруге дайын екенін білдіреді. Алайда менің ата-анам мамандық таңдау мүмкіндігін өз еркіме қалдырды. Оған өзім іштей мəз боламын. Еркін болғанға не жетсін!

.....
Әңгімелер
Толық

Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесу керек?

Мамандық таңдау – өте маңызды мәселе. Себебі, осы таңдау баланың болашақта көптеген жылдар бойы бақытты немесе бақытсыз болатындығы шешіледі. Мамандық таңдауда кедергісін келтіретін 5 стереотиптен аулақ болыңыз.
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Менің болашақ мамандығым

Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт. Менің қалаған мамандығым журналист. Журналистер әрбір естіген, байқаған нәрсесін көзбен көріп, соны жазбаса тағат таппай ой түйсігінен өткізіп халық арасында болып жатқан көкейкесті мәселелер мен болған оқиғаларға бейжай қарай алмайтын мамандық иесі. Журналист......
Шығармалар
Толық

Мен мамандық таңдаймын

Мамандық таңдау мектеп қабырғасынан басталады. Мамандық таңдау - өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау. Әрбір мамандықтың қыр-сырын білетін адамдар бар. Мысалы, білікті дәрігер науқас адамды ауруынан айықтырса, шебер құрылысшы әсем ғимараттарды тұрғызып, ел игілігіне ұзақ қызмет етуге мүмкіндік тудырады. Әр адамның бойында өзі қалаған мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Ең бастысы – адам еңбекті сүюі керек.......
Шығармалар
Толық

Мен таңдаған мамандық

Мен Мұратқызы Балжан Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Асық ата өңірінің тумасымын. Алла қаласа, «Нәзір Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 11 «Ә» сыныбының түлегі болып ұшқалы отырмыз. Шыны керек, бұл тақырыпты оқығанда, тіптен неден бастарымды білмеймін. Себебі, қазақ халқымызда «Мамандық таңдау мен жар таңдауда қателеспеңдер»- деген үлкендердің асыл сөзі бар емес пе?........
Шығармалар
Толық