ЕСТІР ҚҰЛАҚ БОЛСА...

Өз кезінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бабамыз: «Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын», - деп әдемі теңеумен дөп айтқан екен.
Сол секілді өмірімнің түрлі кезеңінде өзімнің тарапыма сөгіс, басқаша айтсам сырттымнан айтылатын жағымсыз әңгімелер легін естіп жатамын яки естіп те келемін. Бәлкім, бұл нәрсе бәрінің басында....
Шығармалар
Толық

Оқу түрлерін қолдану Мұзафар Әлімбаевтің «Демалыста жайлауда» (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Оқу түрлерін қолдану Мұзафар Әлімбаевтің «Демалыста жайлауда»
Оқу мақсаттары: 4.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;
4.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңнен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
Көпшілік оқушылар: өлеңді сын тұрғысынан бағалап оқиды;
Кейбір оқушылар: өлең кейіпкеріне хат жазады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Асыл мұра – салт-дәстүрге байланысты шығармалар оқу «Тұсау кесушінің жыры» «Қыз қуу» (4 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра
Сабақ тақырыбы: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Асыл мұра – салт-дәстүрге байланысты шығармалар оқу «Тұсау кесушінің жыры» «Қыз қуу»
Оқу мақсаттары: 4.2.1.2* шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу
4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;
Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты анықтайды, қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады.
Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты ақпаратты тауып салыстырады, бағалауға негізделген сұрақтар қоя алады жауап бере алады, мысалдар келтіре өз ойын айтады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Торғай екеш торғай да...

Бүгінгі таңда қоғамның ең бір өзекті мәселесі. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен аналар арасынан азғындаған қыздарымыздың осындай келеңсіз жайттарға ұрынуы бір ғана отбасының немесе бір ғана аймақтың қасіреті емес, қазақ деген ұлтымыздың ұятына таңба болып басылып тұр. Расында, алып-анадан туады! Кешегі дана тұлға Абайды Ұлжан шешей дәретсіз емізбеген екен. Сол әдептен тайып кеткендердің бүгінде көбейіп бара жатқандығы ......
Шығармалар
Толық

Мал, жануар

Мал саусаң — сүт,
Жер саусаң — құт.

Мал семіз —
Төл егіз.
Жер семіз —
Дән егіз.

Елге мал көптік қылмайды,
Жерге тал көптік қылмайды.
Тарыға май көптік қылмайды,
Күрішке су көптік қылмайды.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жақсыдан үйрен Ыбырай Алтынсарин «Малды пайдаға жарату» (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Жақсыдан үйрен Ы.Алтынсарин «Малды пайдаға жарату»
Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқып, мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;
Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады; шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады.
Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты өз көзқарасын білдіреді.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ұ әрпі бойынша ат қою)

ҰЗАҚ - бұл есім баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген мақсатпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жасұзақ, Өмірзақ, Байұзақ, Мыңжасар, Көпжасар.

ҰЙЫҚБАЙ - бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.

ҰЛАН - түркі тілдерінің көбінде бар есім. Бірақ әр түрлі мағынада айтылады. Ұлан — сәби, бала; жауынгер, жігіт, азамат, жасақшы.

ҰЛАС - жалғас, селбес.

ҰЛЫҚБЕК - ұлы, зор + бек.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ү әрпі бойынша ат қою)

ҮДЕРБАЙ - көшіп-қону кезінде туған балаға қойылған есім. Түрлері — Көшербай, Көшімбай, Қонысбай.

ҮЛГІБАЙ - бала өнегелі, тәрбиелі болсын деп қойылған есім.

ҮМБЕТ - араб тілінен алынған уммат — халық, көпшілік, қауым. Біріккен тұлғалы есімдер — Үмбетбай, Үмбетәлі, Үмбетжан.

ҮМІТ - иран тілінен - сенім; тілек, қалау. Біріккен тұлғалы есім - Үмітбек.

ҮРІМБАЙ – тәжік тілінен алынған хуррам — көңілді, шат; гүлденуші, жарқын, шат көңілді, жарқын жүзді. Біріккен тұлғалы есімдер — Үрімжан, Үрімхан.

ҮСЕН - араб тілінен алынған Хасан, Хасен есімдерінің өзгеріп айтылған түрі. Мағынасы — сұлулық, әдемілік, көркемдік, жақсылық.

ҮСТЕМ - басым, артық.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ф әрпі бойынша ат қою)

ФАЗЫЛ - (қараңыз: Базыл).

ФАЙЗ - араб тілінен - жеңуші, жеңімпаз; мырзалық, молдық, байлық.

ФАЙЗРАХМАН - араб тілінен - рахымдылық, мейірбандылық, мархабаттылық.

ФАРИД - араб тілінен алынған тені жоқ, сирек зат, бағалы, құнды.

ФАХИР - араб тілінен алынған — келбетті, әдемі, асыл; мақтаныш боларлық.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Х әрпі бойынша ат қою)

ХАБИБ - араб тілінен - жан дос, сүйікті, сүйкімді жолдас.

ХАДИМ - араб тілінен - қызметші, жалшы, қызметкер.

ХАЙДАР - араб тілінен - арыстан. Бұл есімнін синонимдері - Әсет, Шер, Айдар.

ХАКІМ - араб тілінен - әкім етуші, әмірші; данышпан, дана, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер – Хакимжан, Хакімзада.

ХАҚНАЗАР - (қараңыз: Ақназар).

ХАЛЕЛ, ХАЛИЛ - араб тілінен алынған - сүйікті дос, жақсы жолдас.
Есімдер мағынасы
Толық