Қазіргі қоғамдағы мәселенің бірі – оқыған-тоқыған, жұмысы бар қыздардың теңін таппай отырғаны. Кейбір деректерге қарағанда, еліміздегі 18-бен 35 жас аралығындағы 700 мың тұрмысқа шықпаған қызға 300 мың бойдақ келеді екен. Осы орайда Астана арнасы мұның себебін білу үшін бірнеше қызды әңгімеге тартты, деп хабарлайды NUR.KZ.
Майра Мұхамедқызы - (сахнада Maira Kerey - Майра Керей есімін пайдаланады) (1965 жылдың 5 қыркүйек күні Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келді) қазақтың ең атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі "Гранд Операда" Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі. Өмірбаяны Майра Мұхамедқызы ҚХР-да өнерлі отбасында туып, өскен. Тарихи отанына 1994 жылы оралды. Әкесі Мұхамед Әбдіқадырұлы — композитор, профессор, музыка зерттеу саласы бойынша көптеген кітаптардың авторы. Анасы Камал Қуанышқызы — әнші, ҚХР Халық әртісі. Майра Мұхамедқызы Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген. Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (профессор Н.А. Шариповтің сыныбы) стажировкадан өткен. ....
Майра Ілиясова (1956 жылы 3 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған) — әнші, продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.
Майра Ілиясова 1956 жылы 3 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуатта дүниеге келген. 1979 жылы Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжі (бұрынғы Алматы эстрадалық цирк студиясын) Қазақстанның халық артисі, профессор Бекен Жылысбаевтың классын бітірген. 1985 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет инистиуты)ның "драма актері" мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірген. Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаев, Қазақ ССРнің еңбек сіңірген артисі, профессор Рахилям Машурованың классын бітірген.....