Экономика | Ломбардтық несие

Оңай сатылатын (жылдам өтетін) мүліктің кепілге салынуы ломбард несиесі деп ұғылады әрі мұндай несие түрінің құқығы ежелден бар, әсіресе, Солтүстік Италияда (Ломбардияда) кеңінен тараған болатын.
Қымбат металдар мен тауарлар оны қамтамасыз етүші ретінде қызмет етті. Кейін өсімқорлар ломбардты ақшаны жылжымалы мүліктің кепілдігімен беретін несие мекемелеріне айналдырды.
Алғашқы ломбардты Италиядан шыққан келісімсек XV ғасырдың екінші жартысында Францияда құрды. Содан соң ломбардтар Еуропаның әр түрлі елдерінде пайда бола бастады.
Осы заманғы шетелдік банк іс – тәжірибесінде ломбардтық несие ең алдымен маусымдық несие формасында немесе төлем қаражатындағы қысқа мерзімді қажеттілікті өтеудің овердрафтық түрінде пайдаланылады.
Жеке қарыз алушыларға берілетін ломбардтық несиенің маңызды түрлеріне құнды қағаздардың, тауарлардың, қымбат металдардың кепілдігімен берілетін несиелер немесе талап кепілдігімен берілетін несие жатады. ....
Рефераттар
Толық