Жұмағали Саин (Ленин атымен)
Ышқына бір соқты боран қуырып,
Әлек салды жер өкпесін суырып.
Діріл қақты, қалшылдады дүние
Қыл тұзақта тұра қалды буынып...
Қысылды ауыл, жан қалмады саспаған,
Қорықты күннен қабағын бір ашпаған.
Толған үрей кернеп кетті өмірді
Сұп-суық бон тұрды жылы баспанаң.
Сонда тудым... Ызыңдап жел ойнады,
Мен туды доп ашуын күн қоймады.
Тарсылдатты терезе мен есікті,
Солай күлді, солай тойын тойлады...
Боран айдап, жел сабалап, қар басты,
Өмір, өлім арпалысты, арбасты.
Шырылдаған жұтам деді мені де.
Қанды тырнақ жас денеме жармасты.
Ленин деді, ерді қазақ даласы.....
Әлек салды жер өкпесін суырып.
Діріл қақты, қалшылдады дүние
Қыл тұзақта тұра қалды буынып...
Қысылды ауыл, жан қалмады саспаған,
Қорықты күннен қабағын бір ашпаған.
Толған үрей кернеп кетті өмірді
Сұп-суық бон тұрды жылы баспанаң.
Сонда тудым... Ызыңдап жел ойнады,
Мен туды доп ашуын күн қоймады.
Тарсылдатты терезе мен есікті,
Солай күлді, солай тойын тойлады...
Боран айдап, жел сабалап, қар басты,
Өмір, өлім арпалысты, арбасты.
Шырылдаған жұтам деді мені де.
Қанды тырнақ жас денеме жармасты.
Ленин деді, ерді қазақ даласы.....
Өлеңдер