Кк дыбысы мен әрпі (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Кк дыбысы мен әрпі
Оқу мақсаты: 1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.1.2 Оқудың түрлерін(буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар білуге тиісті:
К дыбысы мен әрпін ажырата алады, әріпті дыбыспен сәйкестендіре біледі.
Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойып біледі.
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:
Сюжетті суреттің көмегімен мәтінді құрастырады.
Кейбір оқушылар білуге тиіс:
Суреттің көмегімен мәтінді баяндай, дәлелдеулер жасай алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

К дыбысы мен әрпі

Білімділігі: Балаларға К дыбысы мен әрпін таныстыру. Сөздерді буынға бөлуге және буындарды оқи білуге үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың білімге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, суретпен жұмыс, топтастыру стратегиясы.
Көрнекілігі: кесенің, күшіктің, кенгурудің, бүркіттің суреті.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылығын ояту. Амандасу. Шаттық шеңберіне тұру.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық