Көңілді жаз

Мақсаты: Балалардың көңіл күйлерін көтере отырып, қимылдарды музыканың ерекшеліктерімен үйлестіру дағдыларын дамыту. Шуақты көңіл - күй сыйлау. Жазғы табиғат ерекшелігін би өнерімен байланыстыру. Би билеу техникасының негіздеріне үйрету: топтаса және дара билеу. Ересектің көмегімен және өздігінен би билеу. Өз ара татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Музыкалық орталық, аудиожазба, биге арналған әуендер.
Жүру барысы: Балалар марш әуенімен залға кіреді, жүру, жүгіру қимылдарын жасап ортаға тұрады.
- Балалар, алдымен амандасып алайық!
(Амандасу жаттығуы)
- Балалар, бүгінгі іс - әрекетімізді «тыныштық сәтімен» бастайық!
Тыныштық сәті.
- Өте жақсы, рахмет балалар! Енді аяғымызды алшақ қоямыз, қолымыз белде, менімен бірге қайталаңдар.
Жаттығу
Әуенмен.
- Басымызды оңға, солға қозғалту (8 рет), алға - артқа (4 рет);
- Қолымызды түсіреміз, екі иығымызды бірге көтереміз (8), иықты кезек кезек көтереміз (4);
- Қолымыз белде, аяғымызды алшақтатамыз. Екі жағымызға жеңіл иілеміз. (8);
- Аяғымыз бірге, секіреміз. (8);
- Аяғымызды алшақтатамыз. Қолымызды жоғары көтеріп, жан жаққа қозғалту. (8);
- басымызды иыққа жәй тигізу. (4); .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық