Саясаттану | Көшпелі қазақ өркениетіндегі отбасылық қатынастарды реттеу және әйел құқығының мәртебесі
Көшпелі қазақ қоғамындағы әдет – ғұрып дәстүрін арнайы бақылап, оны жүйелі түрде зерттеп – зерделеудің ұзаққа созылған тарихы бар. Оның бастауы көшпелілер тарихының ежелгі дәуіріне барып тіреледі. Сол кезден бастап сахара жұртының әдет заңдары хатқа түсіріліп, оларды іздеп, жинау, жарияланған – зерттеу ісі бірте – бірте жолға қойылды. Дегенмен, қолда бар деректер көшпелі қазақ әдет – ғұрып заңдарының зерттелу барысын Ресейдің қол астына ену кезеңінен бастауға ғана мүмкіндік береді.
Сахара жұртының әдет құқығын зерттеуді осы уақыттан бастап алғанда шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Олар Ресей өкіметі кезеңінде әдет заңдарын жинап, жариялау, Кеңес дәуірінде оларды зерттеп – зерделеу қазіргі таңда ғылыми сарапқа алу.
Ресей империясы тұсында әдет – ғұрып дәстүрін зерттеудің өз ерекшеліктері болды. Бұл уақытта әдет заңдары көшпелі қазақ қоғамындағы басты құқықтық жүйе болғандықтан ол жайлы деректер жинап, жүйелеу және сарапқа салу патша органдарының ресми қызметі болды. Сондықтан бұл кезеңде әдет құқығы нормаларын іздестіріп, жинауға, оларды дұрыс ұғынып, түсінуге көп мән берілді. Екінші жағынан, ол нормаларды патшалы Ресей заңдарымен салыстыра қарап зерттеуге, өкімет саясатына және жарлықтарына қарсы келмейтіндерін қолдап, пайдалануға, ал қарсы келетіндеріне шектеу, тосқауылдар қойып, не оларды өмірден аластату шараларын іске асыруға көңіл бөлінді. Демек, жергілікті халықтың құқықтық нормаларын жинақтап зерттеу, көп жағдайда ресми органдардың тапсырмасымен, бақылауымен және солар тарапынан іске асты. Әрине бұл жайт осы уақыттағы қазақ әдет – ғұрып құқығының жариялану және зерттеліну барысына әрі деңгейіне әсер етпей қалған жоқ. Тіпті, жеке – дара зерттеушілердің өздерінің еңбектері де әдет заңдары жайлы ресми органдардың бағыт – бағдарын, сарынын және бағасын ескеріп отыруға мәжбүр болды.
Халқымыздың құқықтық болмысы 19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап жан – жақты зерттеле бастады. Зерттеу еңбектерінің ең алғашқыларының бірі- А. Левшиннің 1832 жылы жарық көрген атақты монографиясы. Оның еңбегі сол ғасырдың басындағы қазақ өмірінің шынайы шындығын жан – жақты сипаттаудың ең жақсы үлгісі болды. Оның ішіндегі аса құндылары әйел құқына байланысты: құдалық, қалың мал, үйлену әдет – ғұрыптары, өлікті жерлеу, ас беру салттары мен Тәуке ханның әйгілі “ Жеті Жарғысы ” жайындағы сипаттамалары болып есептеледі.
19 ғасырдың 60-70 жылдарында жазылған Ф. Лазаревский, Ы.Алтынсарин, В. плотниковтың, И. Ибрагимовтың еңбектерінде де әйел құқықтары жөнінде көптеген қызықты деректер келтірілген. Торғай облысының әскери губернаторы генерал – лейтенант Л. баллюзек жариялаған еңбектегі қыруар деректерді губернатордың тапсыруымен қазақ әкімдері мен билері, қазақтың оқыған ....

Курстық жұмыстар