Түркітану | Көне Египет мәдениеті

Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті де мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — парғауындарды кұдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдай-лардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосылып айтылады. — «Алтын» нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.
Перғауынның жеке — дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күш — өлім. Міне, соңдықтан да болар — көне Египеттің
мәдениетінің ең басты ерекшслігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша аткарды.
Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылганда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені — одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілім пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен роль атқарады. Тереңірек ойлап қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған. Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге кайтып оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жерде мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды ....
Рефераттар
Толық