Қиылыста, жол шетінде, бұрышта. Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын. Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па. Не істеу керек? Соған қарап ұғасың, Қызыл шеңбер....
Оңтүстіктің бір жігітіне қыдыр кездесіп қалыпты. Жігіт қыдырға ұнаса керек — «қалаған тілегіңді орындайын» депті. Жігіттің көлігі жоқ екен. «Көлік бер, бірақ, бензинсіз жүретін болсын» — депті. Қыдыр: «жарайды, саған бір сөз айтқанда жүретін, бір сөз айтқанда тоқтайтын көлік берейін. Қай сөзді айтқанда жүрсін, қай сөзді айтқанда тоқтасын?» деп сұрапты. Жігіттің күнделікті қолданатын сөзі «шешең» екен. «Шешең» дегенде жүрсін, «әкең» дегенде тоқтатасын, — депті.
Жігіт қыдыр берген көлігімен айдап жүріп келе жатыпты. Көлік жылдмадық қосқан сайын жаны кіріп, үсті-үстіне «Шешең! Шешең!» деп жылдамдықты үдете түсіпті. Бір мезет қараса, алдында — тік құлама жар. Жігіт көлікті тоқтататын сөзді ұмытып....
Салық дегеніміз - ежелден келе жатқан экономикалық ктегория. Қазіргі кезде көптеген әдебиеттерде салықты мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін құрайтын көзі ретінде қарастырады. АҚШ-ның алғашқы салық деклорациясының негізін қалаушысының бірі – Бэнжамин Франклин былай деген: «өмірде екі нәрседен құтыла алмайсың, біріншісі - өлім, екіншісі - салық». Сондықтан менің ойымша кез-келген мемлекеттің заңды және жеке тұлғалары сол елдің салық заңына сәйкес салықты төлеуге міндетті болып табылады. Жалпы салықтарды екі топқа бөліп қарастыруға болады: тікелей және жанама. Мен осы баяндамамда еліміздегі тікелей салықтың бір түрі ретіндегі – көлік құралдарына салынатын салық қарастырылады. Көлік құралдар салығы Қазақстан Республикасындағы салықтардың бірі болып саналады. Жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі көлік құралдарына салық ұсталынады. Бүгінгі таңда, көлік салығы салық ретінде кең түрде қолданылып келеді. Ертеректе көлік салығы аттың күшімен есептелініп келді. Бұл есеп түрі мемлекетке тиімсіз болып келді, себебі көлік құралдар салығынан түскен салық соммалары аз ғана болды. Қазіргі кезде көлік салғын есептеуде бірнеше тәсілдер қолданылады. Жеңіл автокөліктерді двигатель көлеміне қарай есептейді. Сол кезде соңғы жетістіктегі және қуатты көліктердің салық соммасы жоғары болады. Жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай, жолаушы таситын орындық сандарына қарай көлік салығы есептелінеді.....
Қазақстан Республикасы Ресей және Еуропамен географиялық шексіз жерасты көлік байланысы бар азия мемлекеті ретінде маңызды транзитті әлеуетке ие. Қазақстан экономикасы территориясының ауқымдылығынан, теңізге шығу жолының жоқтығы мен елді мекендердің әрқилы орналасуы салдарынан көлік жүйесін қажет етеді. Жерасты жолдары желісінен келетін хабарламалар жүйесінің негізгі үлесі автомобиль және темір жолдары арқылы келеді (шамамен 88,4 және 14,0 мың км.). Қолдануға берілген су жолдарының ұзындығы 3,9 мың шақырымды, ал әуе трассасы - 61 мың шақырымды құрайды. 1000 шаршы метр территория желісінің тығыздығы 5,1 км жуық темір жолды, 32,4 км қатты жабындымен қапталған автомобиль жолдарын, 1,5 км ішкі су жолдарын құрайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Үкіметінің арасындағы Ресей тарапының Қазақстан тарапына 1999 жылдан бастап “Байқоңыр” кешенін пайдаланғаны үшін жалдық ақы бөлігін тауарлармен төлеу жөніндегі Мәскеу қаласында 2001 жылғы 28 қарашада жасалған ақы төлеудің тәртібі мен нысаны туралы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1427 қаулысы қабылданды, осыған сәйкес Қазақстан Республикасының тарапынан “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Компания) кері қайтарымсыз STAND BY аккредитивін пайдалана отырып 65 000 000 АҚШ доллары сомасына ресей рыногында ресейлік кәсіпорындар мен ұйымдардан шарттық бағалар бойынша ресей тауарлары мен қызметтерін сатып алу үшін заңды тұлға болып белгіленген. Ресейлік әзірлеуші-зауыттардың техниканы әзірлеу шамасына қарай оларды жеткізу 2003 жылдың соңына дейін жүргізілді. STAND BY аккредитивін пайдаланумен жол техникасын жеткізудің іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұдайы баяндалып отырды. Ақыны төлеуді жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Компанияның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арасындағы 65 000 000 АҚШ доллары сомасына STAND BY № 30/4318 аккредитивін пайдалану және “ҚТЖ” ҰК” АҚ республикалық бюджетке ақшаны өтеуі туралы үшжақты келісім шарттарына сәйкес СССР Сыртқы экономикалық Банкі (Ресей Федерациясы) жүзеге асырды. Қазақстан Азия елдеріне Ресей және Еуропамен географиялық жағынан баламасыз жер үсті көлік байланысын ұсына отырып, айтарлықтай транзиттік әлеуетке ие. Республика әуе кеңістігінің тартымдылығы мен транзиттік әлеуеті де өсуде. Аса көлемді өткізу нарықтары бар елдермен көршілес болу да отандық көлік жүйесінің дамуын перспективалы етеді. Жерінің біршама жазықтығы5 және табиғи тастың үлкен қоры болуы темір жол және автомобиль көлігінің коммуникацияларын кедергісіз дамытуға мүмкіндік береді. Жер үсті жолдары қатынасы желісінің негізгі үлесі автомобиль және темір жолдарға (тиісінше 88,4 және 14,0 мың км) келеді. Пайдаланатын су жолдарының ұзындығы 3,9 мың км, әуе трассаларының ұзындығы - 61 мың км құрайды. 1000 шаршы км аумақтағы көлік желісінің тығыздығы: 5,1 км темір жолды, 32,4 км қатты төсемді автомобиль жолдарын, 1,5 км ішкі су жолдарын құрайды. ....
Адамның өзі жасаған өмір суру ортасының бірден бір бөлігі – көлік жүйесі.Кез-келген адам өзінің жасына немесе мамандығына қарамастан әр күнді осы көліктің түрлерімен күнделікті пайдаланып жатады.Көлік адамның,тіпті қоғам өмірінің боліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі. Бүгінгі заманғы көлік жүйесі қоғамдық (теміржол, автокөлік, теңіз,өзен, әуе көлігі және труба арқылы) және жекеменшік болып екіге бөлінеді.Жоғарыда айтылғанның бәрі көлік жүргізушілер үшін ғана емес,айнала қоршаған орта үшін де аса қауіпті аймақ болып есептеледі. Теміржол көлігі.Қазіргі замандағы теміржол жүйесі аса қауіпті аймақ ретінде белгілі.Жүк таситын пойыздар 90 км/сағ., ал жолаушы пойызы- 140 км/сағ. Жылдамдығымен жүре алады.Жолаушылар таситын пойыздың жалпы салмағы 1000 т. асса,жүк пойыздарының салмағы одан бірнеше есе ауыр болып келеді,сондықтан пойыз құрамасы бірден тоқтамай алмайды.Пойыздың тежеу жолы бірнеше жүз метрге созылады. Теміржолдарда ірі-ірі апаттар, мыңдаған шағын оқиғалар болып тұрады,темір жол ұйымдары үлкен зиян шегіп жатады, тіпті адам өлімдері де болып тұрады. Пойыздармен тасымалданатын жүктердің 3000-нан астам түрлері қауіп туғызатын химиялық заттар екен.Олардың ішінде 0орша5ан орта5а6 табиғатқа,адамдарға ,үлкен залалын тигізетін газ,химиялық заттар, жанғыш заттар сияқты жарылысқа әкелетін, уландыратын, ауру тарататын зардабы бар жүктер өте жиі кездеседі. Тыйым салынады: Вагонның төбесінде, баспалдағында , вагондардың арасындағы алаңдарға жолаушылардың журуіне болмайды; Жүріп келе жатқан пойызға мінгізуге (түсүруге)болмайды Жүріп келе жатқан пойыздың вагондарының терезесінен, есіктерінен шығып немесе бас шығарып қарауға болмайды Вагондарда жеңіл жанғыш, жарылғыш заттарды алып журуге болмайды Платформадан темір жолға секіруге болмайды Вагонда, тамбурда,арнайы орындардан басқа жерде темекі шегуге болмайды Пойыз өтіп келе жатқанда, платформаның шетіне 2м жақын тұруға болмайды. Пойыздың құрамасының үстіне шығу,әсіресе, электрленген темір жолдардағы пойыздарға, контакты сымдарға 2 метрге жақындау адам өміріне аса қауыпты. Әуе көлігі. әуе көлігіндегі қаупсіздік келесі жолдармен қамтамасыз етеді: Жолаушылардың өздерін және қол жүктерін тексеріп отыру әуе кемелерін арнайы тексеру әуе кәсіпорындарындағы өткізу тәртібі мен объектінің ішкі тәртібін ұйымдастыру және қатал қадағалау авиациялық техникалардың күзетін қамтамасыз ету әуе кемелерін басып алуды қамтамасыз ету үшін қажетті күш пен заттарды дайындау әуе жай мен азаматтық авиация объектлілерін қоршау Осы аталған іс-шаралардың кейбіреуін қарастырайық.....
Мемлекет Басшысы «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мынадай міндет қойды: Қазақстан әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі болуы тиіс, бұл бізден елдің бүкіл көлік инфрақұрылымының озыңқы дамуын қажет етеді. Қойылған міндетті шешуде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыруды қамтамасыз ететін уәкілетті орган болып табылады. Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешені темір жол, автомобиль, су, авиация көліктерін, сондай-ақ технологиялық көліктің әр алуан басқа да түрлерін біріктіреді. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Әкімшілік реформа аясында Министрлікте көлік-коммуникация кешенінің қолданыстағы 8 салалық заңы бойынша («Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Ішкі су көлігі туралы», «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы», «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы», «Қазақстан Республикасының авиация қызметін және әуе кеңістігін пайдалану туралы», «Темір жол көлігі туралы», «Автомобиль жолы туралы») заңды түрде бекітілген міндеттері бойынша функционалдық талдау жүргізілді. Ішінара алғанда, көлік саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Парламентпен; «Нұр Отан» ХДП; экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және сауда, білім және ғылым, қаржы, әділет министрліктерімен; табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттіктерімен; мемхолдингтермен; әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен; облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен, қоғаммен және басқаларымен өзара тығыз іс-қимыл жасау қажет. Көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ішкі істер, экономика және бюджеттік жоспарлау, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау министрліктерімен және «Самұрық-Қазына» ҰАҚ өзара әрекеттесу қажет. Транзит-көлік әлеуетін іске асыру үшін индустрия және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау, сыртқы істер, ішкі істер, қаржы (салық және кедендік бақылау комитеттері), туризм және спорт, денсаулық сақтау (Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті) ауыл шаруашылығы (АӨК мемлекеттік бақылау комитеті) министрліктерімен; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен; «Самұрық-Қазына» ҰАҚ; қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуі қажет. ТМД, ЕурАЗЭҚ, ШЫҰ, ЕО, ЦАРЭС, СПЕКА сияқты және тағы басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы ынтымақтастық маңызды аспектілердің бірі болып табылады. ....
«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №265 «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көлік саласы бойынша мемлекеттік қызметтің екі түрін көрсетеді. Олар: жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру және халықаралық техникалық байқау сертификатын беру. Аталған екі мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар өтініштерін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарына (бұдан әрі – ХҚО) немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) тапсырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ала алады. Лицензия алу, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: лицензияны алуға: 1) белгіленген нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі; 3) дара кәсіпкер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері; 6) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының не ұйыммен(-дармен) жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері; 7) автобустар мен шағын автобустарға рейс алдындағы техникалық байқау (инженер-механик), жүргізушілерге рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жүргізу үшін қызметтердің және білікті персоналдың немесе осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері; 8) тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері;....
Көлік логистикасы нақты бір аймақтағы немесе өндіріс саласының экономикалық-әлеуметтік бағдарламаларын орындау барысында маңызды орын алады. Ал көлік логистикасының тиімділігі сол экономикалық-әлеуметтік бағдарламаны орындау барысында нақты автокөлік кәсіпорыны үшін қаржыдай тиімсіз болуы немесе болмауы мүмкін. Демек қаржыдай тиімсіз болатын болса, автокөлік кәсіпорын сол арнаулы бағдарламаның есебінен бағдарламаны орындаушы тұлғадан, жіберіп алған пайдасының орнын толтырады. Күнделікті қатынастар көрсетіп отырғандай егер арнаулы бағдарлама бірнеше жылға арналған болса, оған жауапты тұлға өз ішінен, яғни құрама автокөлік кәсіпорынын ұйымдастыруы мүмкін. Ал егер арнаулы бағдарлама қысқа мезгіл арасында орындалуы тиіс болған жағдайда, бұрыннан жұмыс істеп тұрған автокөлік кәсіпорындарымен келісім шартқа отырып, нақты тасымалдау көлемінің бағасына келіседі. Бұл жағдайда тасымалдау бағасына автокөлік кәсіпорынының жоспарлы пайдасы міндетті түрде қосылады. Сонымен қатар автокөлік кәсіпорыны қандай деңгейде тасымалдау жұмыстарына қатынасқанына қарамастан, өзінің ішкі нақты және келісімді тасымалдау бағаларының ең төменгі мөлшерін анықтауы міндет. Өйткені тасымалдау жұмыстарының түрлеріне, көлеміне қарамастан, автокөлік кәсіпорыны әрбір автомобильдің маркасына қарай өзін-өзі ақтау бағасын немесе ең төменгі тасымалдау бағасын білуі тиіс. Осындай дұрыс есептеулер негізінде автокөлік кәсіпорындары тізімдегі автомобильдерді пайдалану тиімділігін алдын-ала біліп отырады [1]. Мысалы үшін автокөлік кәсіпорынына бір маусым ішінде тасымалдауға берілген тапсырыстың уақытына қарай автомобильдерді пайдалану жоспарын орындалық. i–жүктің s-түрін k-көлемде r-қашықтыққа d-уақытта тасымалдау керек. Сонымен қатар осы жүктің түрін келесі жерге h-қашықтыққа d1 –уақытта тасымалдау жұмыстарын атқару жоспарлансын. ....