Қазақ әдебиеті | Көктіңұлы Сапақ датқа, Сапақ датқа (би) Қалдарбекұлы
Көктіңұлы Сапақ датқа, Сапақ датқа (би) Қалдарбекұлы 1814-1903 жылдар аралығында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Сыр өңірінде дүниге келіп,өзінің бойындағы табиғат берген ақыл-парасаттылығымен, тапқырлығымен, сөзге шешендігімен халқын өз соңына ерте білген Қоңырат тайпасы, Байлар-жандар руынан шыққан қазақ батырларының бірі. Көктіңұлы атану себебі, Қоңырат тайпасының 6-ата Көктіңұлы( Алғи, Байлар-Жандар, Құлшығаш, Тоқболат, Оразгелді, Қаракөсе ) руларынан шыққандықтан өз замандастары Көктіңұлы Сапақ датқа деп атаса керек. Сапақ датқа 19-ғасырдың екінші жартысында Қоқан хандығы, Бұхара әмірлігіне қарсы күрес жүргізіп елін, жерін, халқын басқыншылардан азат ету жолында тер, қан төккен ірі тұлға. Аты шулы Мырза би оқиғасы да осы Сапақ датқамен тығыз байланысты. Аш көз Қоқан бегі Мырза би мал орнына қазақ қыздарынан зекет алғанда Бадам өзенінің жағасында, Ордабасы тауының баурайында, Қотырбұлақ қасында тап осы Сапақ датқаның туған інісі Мұсабек батыр қол жинап Мырза бидің басын алған. Қоқан хандығының Сыр бойындағы өкілі Мырза бидің қазасына қатты ашуланған Қоқан ханы Сыр бойының қазақтарын (Қоңыраттарды) жазалуға жіберген әскерін тоқтатқан да осы Көктіңұлы Сапақ датқа мен жандар Қанай датқа болатын. Сапақ датқа жайлы атақты ақындар көптеп жазды.Мысалға:Майлы қожа,Мәделі қожа,Сыр ақыны Ергөбек,Құлыншақ,сыпра шежіреші Байғұт Хәрпіш,Жамбыл Жабаев,Молда Мұса,айтыскер ақын Талап Өскенбаев, ағартушы ұстаз Бауыржан Момышұлының ұстазы Тәңірберген Отарбаев,Нәмет Сүлейменов,сенатор Болат Жылқышиевтың әкесі Әбжапар Жылқышиев,Сары арқа шежірешсі Мәшһүр Жүсіп Көпеев сынды ақын-жазушылар өз еңбектерінде жазып, қалдырып отырды.Көкшетаудың тумасы жас шежіреші Шыңғыс Оразалының айтуынша Сапақ датқа Малайсары,Сырымбет батырдың қарындасын тоқалдыққа алған.,сол Малайсары мен Сырымбеттің қарындасынан туылғанСапақ датқа -ның ұрпақтары белгісіз себебтермен арқада қалып әлі күнге дейін Көкшетау обылысы Қызылту аудандарында тұрады делінген.Бұл жайында Сапақ датқа-ның оңтүстіктегі ұрпақтары біле бермейді.
Майлықожа ақынның Тәнен датқаны сынауы.
Сапақ датқа бірнеше жолдастарымен Тәнен датқаның ауылына қонаққа шығады.Жолшыбай Сапақ датқаМайлы қожаға жолығып қалады. Сонда Датқа: —Уа Қожеке Дастархан жағалайық,бізбен бірге жүр!— деп қолқалайды.Майлы қожа ақын өзінің асығыс екенін айтып ырзалықпен өз жөнімен кетеді. Майлы қожа бұл топтан тай шаптырым ұзағанда алдынан үш-төрт серігі бар Тәнен датқа жолаушылап ауылына қайтып келеді екен.Майлықожа ақынға ой келеді:«[[осы Тәнен датқа сөз таный ма екен?сынап көрейін !]]»—деп,сәлем—сауқаттан соң: —Уа ,Датқа ! Тура сенің шаңырағыңа жүрісі суыт бір топ аттылар барады!—дейді. Ойында ештеңе жоқ Тәнен датқа түрі өзгеріп: —Ой, пірім-ай! Олар кімдер болды екен? Ай ,Майлы !Ең болмаса кескін —келбетін айт!- дейді. Сонда Майлы қожа ақын:
—Ай көзіме алғаш ілінген,
Адам шошиды түрінен!
Дөңгелек жүзді,дөң маңдай,
Қасы менен қабағын,
Ұрып-соғып қосқандай!
Оң қолында қыран бүкіт,
Қауқа сақалы ормандай!
Оң шекесінде құс .....

Рефераттар