Мұхтар Шаханов (Танакөз)

Ізгілікпен ізеттің байлауында,
Мама қаздар самғайтын қойнауыңда,
Достық атты қазына аралы бар
Сонау Мақсат тауының жайлауында.

Жұрттың бәрі баруға құштар оған,
Құштар бол деп тіпті ешкім қыстамаған,
Өзін мәңгі бақытты санайды екен
Сол аралдан от алып ұшқан адам. ....
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Көз жіберсем өткенге)

Құлағым елеңдейді ән дегенде,
Кежегем кейіп тартар мал дегенде.
Қалмайды қойға барсам ала мысық,
Ақ күшік арт жағымда дәндегендей.
Маған жолдас ақ күшік, ала мысық,
Ақ лақ үшеуі жүр бірге ілесіп,
Ақтиін, қоян қуса қоймаушы еді,
Мысығым мәулеп тұрар көзін қысып.
Үш достың біреуі еді ақ лағым,
Жарысып, озып алған нақ лағым.......

Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Көз жасы)

Көз жасы!
Көз жасы!
Көз жасы!
Түнек түнде көз жасы,
жалғыздықта көз жасы,
Тамшыдан соң тамшы кеп, жағалауға тамады,
құм қылғытып алады.
Жұлдыз да жоқ,
жоқ пенде,
түнек,
көздің жасы ағады .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған)

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,
Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман.
Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған,
Шашың сенің - жан баспаған жапандағы қара орман .....
Өлеңдер
Толық