Көзіңе жас келеді

Бәрі бұрынғыша өтіп жатты.. Жігіт үйден шығып келе жатып, сүйіктісіне телефон шалып:
- Жаным, шығасың ба??! Сол баяғы жерде кездесейік.. - деді.. Ал сүйіктісі:
- Қайрат, мен сәл кешігіп барсам бола ма?
- Неге? Міндетті түрде кешігуің керек пе?
- Жоқ, жыр-шумақтарын жазып отыр едім..
- Жаным, қойшы, саябақта жаза салшы.. Мүмкін, мен де көмектесермін саған.. Сені қатты сағындым..
- Жарайды жаным. Қазір шығамын..
Қыздың келісімін алған жігіт дүкеннен гүл және қызға тәтті нәрселер алып жолға шықты.. Жол қиылысына келіп, жолдың арғы бетінен қызды көрді.. Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұр.. Екеуі де бір-бірін қатты сағынып, жолдан жүгіріп өте бергенде, қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік қызды қағып кетті...
Көліктің қатты дауысы.. Айқай.. Қыз біраз жерге ұшып түсті.. Қан.. Жігіт қызға жүгіріп келді де қолындағы гүлді кеудесіне қойды.. Қыз әлденені сыбырлап айтып жатты.. Бірақ, ауызынан аққан қан ол дауысты естіртпеді.. Қыз аяқталмаған жыр-шумағын айтып жатты.. Сүйіктісін құшақтап жігіт жылап отырды.. Қызды соққан көлік оқиға орнынан қашып кетіпті.. Көзі жасқа толған жігіт, көліктің номерін де байқамапты.. Қыз сыбырлап жатып, оқиға орнында көз жұмды.....
Махаббат хикаялары
Толық