Экономика | Кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыруға орындалған негізгі есептеу жұмыстары

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы берілген бұйымның жылдық бағдарлама бойынша жасап шығарудағы негізгі шығындарын есептеу арқылы оның өзіндік құнын анықтау, салалық пайдалылығын қолданып , детальдің бағасын есептеп шығару. Жұмыста базалық технология мен жобалау технологиясын салыстырып , экономикалық тиімділікті де анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынды, цехты, учаскені ұйымдастырғын кезде немесе өндіріп отырған өнімнің – детальдің тораптың, бұйымның өзіндік құнын есептеудегі негізгі шығындарға мыналар жатады:
- негізгі материалдар;
- отын мен энергия;
- жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы;
- амортизациялық жарна.

Бастапқы мағлұматтар ретінде берілген детальдің, тораптың құрастыру бірлігінің негізгі технологиялық процестері, ондағы қолданылған операциялардың уақытының қажет екендігі болып табылады. Осы мәліметтер бойынша детальді өндіріп шығару үшін қандай жұмыстар атқарылатынын талдап шығу керек: біріншіден- өнімді өндіріп шығару үшін қандай жабдықтар, станоктар, аспаптар қажет екенін есептеу керек.
Екіншіден – жабдықтардың саны бойынша цех әлде учаске болатынын белгілеу керек, кейін қажетті кескіш аспаптарды, тетіктерді бақылау аспаптарын, жетектерді бақылау аспаптарын, тағы басқа құралдардың көлемдерін есептеу кетек ....
Курстық жұмыстар
Толық