Экономика | Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау

Кәсіпорынның қаржы стратегия жоспарын анықтауда кәсіпорынның қаржылық жоспарын, төлем қабілеттілігін, айналым қаражатын, баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның "өтімділігін" анықтап алу керек.
Қаржы стратегия жоспарындағы өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп -"кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі", - деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Т.Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: "шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады". Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Профессор Н.П. Кондраков өтімділік деп - "материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады". Ағылшын авторларының "Бухгалтерлік талдау деген" еңбегінде "фирманың өтімділігі - бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олар¬дың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру қабілеттілігі" деп көрсетілген. "Өтімді" сөзінің өзі дейді олар "ақшаға оңай айналатын" деген ұғымды білдіреді. Ол өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты жүзеге асырылатын уақыттың ұзақтығымен анықталады, уақыт қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі жоғары болады", - деп жазады. ....
Курстық жұмыстар
Толық