Экономика | Кәсіпорынды жалдау шарты

Қазіргі кезде нарықтық қатынастың дамып мемлекеттік меншік пен меншіктің қатар танылуы, жекелендірудің жүзеге асырылуы жағдайында кәсіпорынды азаматтық құқықтық объектісі ретінде қарау заңдылыкты немесе негізді деп айтуымызға болады.
Қазіргі кезеңде азаматтық құқықтық дәстүрлі объектілерінің қатарында, азаматтық құқықтық бірқатар жаңа объектілері пайда болды, олардың біріне кәсіпорынды жатқызуымызға болады. Азаматтық құқықтық объектілер қатарының кеңейуі біздің Республикамыздың нарықтық қатынасқа кеңінен мүмкіндік жасауы негіз болып отыр.
Кеңестер Одағында ұзақ уақыт халық шаруашылығын жоспарлы түрде реттеу, қысымды экономикалық жағдайдың болуы, мемлекеттік меншікке басымдылық беру, жеке меншіктің жоқ болуы жағдайында кәсіпорын объект ретінде қарастырылмады. Ол тек азаматтық құқық субъектісі болып табылады.
Мүлікті жалдау шартының да сату-сатып алу шартындағы сияқты шарттың пәні елеулі белгі болып саналады. Сондықтан мүлікті жалдау шартының аталған жекеленген түрлері, өзара пәні арқылы ажыратылады (көлік жалдау шартының пәні-көлік (ұшақ, кеме, авто, т.б.) ал үй жалдау шартының пәні-үй (пәтер, бөлме, т.б.)
Мүліктік көмек ретінде кәсіпорындарға қатысты шартты қатынастар аясы кәсіпкерлік салада (сатып алу, сату, жалдау сенімгерлікпен басқару немесе т.б.) кеңейе түсуде.
А.К. 29 тарауының 2,3,4,5, -параграфтары мүлікті жалдау шартының жекеленген түрлерін реттеуге бағытталған (лизинг, кәсіпорынды жалдау, үйлер мен ғимараттарды жалдау, көлік кұралдарын жалдау, прокат).
Мүлікті жалдау шарты қоғамдық мүліктік қатынастардың ішінде сату-сатып алу шартынан кейінгі ең көп таралған шарттың бірі. Оның жекелеген түрлері азаматтық қатынастардың түрлері салаларын қамтиды. Қазақстан республикасы нарықтық экономикаға бет бұрып, қоғамдық қатынастар сипат ала бастаған тұста Қ.Р. Азаматтық кодексі де қайта өңдеуден өтіп, қайта қабылдаңды. Осыған орай көптеген мүлікті жалдау шартына қатысты ережелер түбегейлі өзгеріп, мүлікті жалдаудың жаңа түрлері пайда болды. Соның ішінде лизинг шарты көп өзгеріске түскен, заңнамасы жаңартылған түрі. 2000 жыл 5 шілдеде Қ.Р. "Қаржы лизингі туралы" заң қабылданды. ....
Курстық жұмыстар
Толық