Экономика | Кәсіпорындардың қаржылық инвестициясы

Адам мен саясат бір – бірімен өзара тығыз байланысты. Бір қарағанда шет ел инвестициясы тауқыметтердің шешуші тұтқасы болмауы мүмкін. Бірақ олар инвестиция арқылы жаңа технологиялар енгізеді, өндірісті басқару мен ұйымдастырудың озық әдістерімен жұмыс істейді.
Қазақстан экспорты айналымының өсуіне ықпалын тигізеді. Осының бәрі ел экономикасының тұрақты болып, өндіріс өнімінің көбеюіне жол ашады.
Инвестицияны өзара қорғау және қолдану туралы қол қойылған үкіметаралық келісімдер шет ел инвестицияларына қосымша кепілдіктер береді. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан 23 елмен келісім жасасты. Қазіргі уақытта тағы 21 елмен келісімді жоспарлауда. Қазақстанның Халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен, елдермен, бүкіләлемдік шаруашылық байланыстарға түсуі, республикаға сыртқы ресурстарда тартуға жол ашты.
Сонымен бұл тақырыпты талдау барысында Президент Н.Ә.Назарбаев дұрыс бағыт беріп отырған Республиканың сыртқы саясаты өзінің қалыптасуы кезеңінен өтіп, Қазақстанның жаңа тарихи жағдайдағы мемлекеттік саясатының негізгі құрамдарының біріне айналуы, тәуелсіздік жылдарындағы сыртқы саясаттың нәтижесі Президент Н.Ә. Назарбаев ұсынған ұтымды сыртқы саяси стратегияны Казақстанның бұлжытпай жүргізіп отырғандығының жарқын дәлелі, бұл саясат Қазақстанның қауіпсіз ғұмыр кешуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар, оның дүниежүзілік экономикаға үйлесімді кіреуіне жағдай тудыратыны, оның жалпы инвестиция экономикалық байланыстарды кеңейтуге кең мүмкіндіктер беретіні жөнінде сөз қозғалады.
Қазақстанда «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң 1997 жылы 28 ақпанда қабылданған болатын. Онда инвестицияның қызметі – инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Осы заңды дамытуға байланысты Қазақстан Революциясының Президенті 1997 жылы 5-ші сәуірде тікелей отандық пен шетелдік инвестицияларын тарту үшін Қ.Р. экономикасының басым секторларының тізімі жөнінде Жарлық шығарды.
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауылшаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның. көзі болып жаңадан калыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинакталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзініңтабысының(таратылған)қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуғаарналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық