Экономика | Кәсіпорындарда инвестициялрды тарту

Қазақстан Республикасының егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да, міне, он төрт жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек».
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін беруде.
Кәсіпорындарды, жеке бір сала ұйымдарын құйылып жатқан инвестицияларды да осы егемендік алғалы бергі кезеңге жатқызамыз.
Инвестицияны, алуан түрлі күрделі қаржыны белгілі бір жобаларға ұйымдастырылған түрде жұмсау үшін шешім қабылдау өте қиын.Кәсіпорындар өздерінің инвестициялық саясатының тиімділігіне байланысты инвестицияларды тиімді жүзеге асыра алады.
Дәл осы инвестициялар жайлы мәселелерді қарастыру мақсатында өзімнің курстық жұмысымның тақырыбын «Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері» деп таңдадым. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде өзім таңдаған тақырыбымның теориясы айтылады. Ол бөлім «Инвестиция, оның экономикалық мәні. Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайдағы инвестициялық климат және кәсіпорындардың инвестициялық саясаты» деп аталады және ол 5-12 беттер аралығында орналасқан. Екінші бөлім талдау бөлімі. Бұл бөлімде «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің тенденциясы, олардың динамикасы мен құрылымы, және кәсіпорындарда тиімді бағытталуын» зерттеу туралы айтылады. Ол 13-28 беттер аралығында жатыр. Ал соңғы үшінші бөлім «Кәсіпорындарда инвестицияларды тарту мәселелері» деп аталады. Бұл бөлім 29-33 беттерде орналасқан. Соңында қорытынды 34 бетте, ал пайдаланылған әдебиеттер 35 бетте орналасқан ....
Курстық жұмыстар
Толық