"Тағы да сүй" атты жаңа клипінде жартылай жалаңаштанған Кәмшат Жолдыбаева мен бейнебаянда актер ретінде ойнаған Тәуекел Мүсілімнің басы дауға қалды, деп хабарлайды NUR.KZ.
Бүгінде ел алдында жүрген қыз-келіншектер әр көйлегінің, тіпті әр сәнді бұйымының ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын, ерекше болғанын қалайды. Дегенмен, кей жағдайда олардың бірдей көйлек киіп қалатын кездері де болады. Мәселен, отандық дизайнерден эксклюзивті көйлекке тапсырыс берген Аиша дәл сондай көйлекті Гүлнұр Оразымбетованың үстінен көріп, таң-тамаша болған еді.
Әнші, биші, актриса, тележүргізуші Кәмшат Жолдыбаева 1988 жылы қаңтар айының 28-ші жұлдызында Маңғыстау өңірінің «Форт-Шевченко» қаласында дүниеге келген. Кәмшаттың өзінен кіші сіңлісі бар, есімі Алтынай. Айта кететін жәйт – Алтынай да өнерден алыс емес, 2015-ші жылдың мамыр айында құрылған «JayRun» тобының әншісі. Мектеп қабырғасында 9 жыл оқып, ағылшын тілі мамандығы бойынша колледжде білім алып шығады. Мұнымен тоқталмай Алматы қаласы Қыздар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінде 3 жыл бойы «Ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жүргенде, сәті түсіп «Shine production» продюсерлік орталығына еліміздің үздік girls-band-ді КешYou тобының мүшесі ретінде кіреді. Осыған орай Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясына «Эстрадалық вокал» кафедрасына ауысып сол жерде білімін шыңдай түседі. Бақытына орай қос продюссерінің бірі Бағым Мухитденовадан сабақ алады. Топтағы қарқынды жұмысымен қоса оқуды қатарынан алып жүрген Кәмшат өзін актриса ретінде сынап көруді үлгерді. Ал ән айтудан бұрын Кәмшат көп жылдар бойы кәсіби бимен айналысып, топтың хореографиясына көңіл бөлген. Негізінде КешYou тобының құрамында жұмыс жасау ұсынысының тарихы Баян Есентаеваның «Ғашық жүрек или Коктейль для звезды» фильміне ұйымдастырылған кастингінен бастау алды....
Дөненбаева Кәмшат Байғазықызы (15.09.1943 жылы туылған, Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы) — ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан қайраткер, тың игеруші, танымал механизатор, Социолог Еңбек Ері (1975). Еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында жұмыс істеуден бастаған. Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы «Каменск-Уральский» кеңшарында механизаторлар даярлайтын курсты (1968), Қостанай ауыл шаруашылық техникумын.......