Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ БОЛЖАУ ӘДІСТЕРІ

Нарықты экономика жағдайларында, ең негізгісі айқын реттелген бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылатын, басқарудың экономикалық әдістерін зерттеу мен тәжірибелік жұмыста қолданудың маңызы өте зор.
Бухгалтерлік есеп халықаралық қатынас құралдарының бірі, жәнеде кез – келген бизнеске сипатты қызметтің әр алуан түрінің байланыстырушы буыны болып табылады.
Басқару процесін ақпараттық қамтамасыздандыру бухгалтерлік және статистикалық есеп-қисабты, оперативтік деректерді, әртүрлі ресмиленбеген есептен тыс мәліметтерді қамтиды. Ақпараттық ресурстарды басқаруда қолдану дәрежесі әрқалай, дегенмен жалпы беталыс болып, басқару шешімдерін өндіру кезінде бухгалтерлік деректердің жеткілікті әлсіз қажетсінулігі табылады.
Көбінесе бұл қалыптасқан таптаурындардан шығады: шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің ақырғы нәтижелері бойынша, бухгалтерлік есепте бақылау функцияларының басым болуы, есеп беру нысандарының уақытша кешеуілдеуі, олардың мейлінше күрделілігі және т.б. Сонымен қатар, қаржы нәтижелерінің есебі және сол бойынша құрылған қаржылық есеп-қисап, өзінде, өте зор талдамалы әлуетті сыр сақтайды және ағымдыда, келешектікте сипаттағы басқару шешімдерін қабылдау процесінде қолданыла алады.
Бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында қаржы нәтижелерінің бухгалтерлік есебін жүргізуде, сонымен қатар қаржылық есеп-қисапты құру мақсатында жаңа көзқарастар қалыптасады. Басымдылық ретінде, экономикалық шешімді қабылдау мақсатында шаруашылық жүргізуші субъекттің қаржы нәтижелерін объективті бағалау үшін қажетті, ақпаратты қалаптастыру мәселесі қарастырылады.
Сондықтан Қазақстандағы қаржылық есеп-қисап жүйесін реформалау бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарының, талдау мен аудиттің (тексерудің), олардың қазақстандық тәжірибеде қолданылу мүмкіндіктерінің мағызының терең түсінілуін талап етеді.
Қаржылық есеп-қисап қаржылық есептің қорытындыланған деректеріне сүйенеді. Ол негізінен, кәсіпорынның өнімдерін, жұмыстары мен қызметтерін, негізгі құралдарын және басқа мүліктерін өткізудің қаржылық нәтижесінен және негізгі емес операциялардан алынатын табыстардан, осы операциялар бойынша шығындарға азайтылған сомадан құралатын ақырғы қаржылық нәтижелерді көрсетеді, сонымен қатар онда инвестициялық шешімдер мен несиелер беру бойынша шешімдер қабылдау үшін, жәнеде субъектінің келешектегі ақша ағымын, ресурстарын және оның міндеттемелерін бағалау үшін пайдалы ақпараттар болады.
Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің бірі болып табылатын СБУ 2-де (бухгалтерлік есеп стандарты) қаржылық есеп-қисаптың мақсаты субъектінің қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы пайдалы, маңызды және сенімді ақпаратпен пайдаланушыларды қамтамасыздандыру болып табалатыны туралы айтылуы кездейсоқтық емес. ....
Курстық жұмыстар
Толық