АЛТЫН КҮЗ

Дайындаған: Жадыра Манатовна Шарипбекова, Көктөбе ауылы, «Ақбота» бөбектер бақшасы
Қатысушылар:шегіртке-үлкен адам.
Құмырсқа-үлкен адам,балалар.
Күз ханшайымы-үлкен адам.
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар! Бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне қош келіпсіздер!!! Біздің балаларымыздың мерекеге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар. Ортаға Ақбота, Тамерлан, Сәния, Дана шақырылады.
Ақбота:Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгілді.
Біздің өмір таңшуақ,
Біздің өмір көңілді.
Тамерлан:Алуан-алуан жапырақ,
Ой, алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Сәния:Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
О, алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Дана:Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күн шуақта маужырап,
Жатыр, әне, жапырақ.
Жүргізуші:Балалардың орындауында «Күз жомарт» әнін қабыл алыңыздар.
Ертегі:
Шырылдауық шегіртке,
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып, гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан,
Ойын қайда,ән қайда?
Секіру қайда сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Сабанда жатып дән жиған.
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұрды.
Шегіртке:Қарағым жылыт, тамақ бер.
Жаз шыққанша асыра.
Құмырсқа:Мұның жаным сөз емес,
Жаз өтерін білмеп п(а) ең?
Жаның үшін еш шаруа.
Ала жаздай қылмап п(а) ең?
Шегіртке:Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ елеу илі ме?
Көгалды қуып ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
Құмырсқа: Қайтсің, қолың тимепті.
Өлеңші, әнші, есіл ер.
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!!!
Шегіртке кетіп қалады, оның артынан құмырсқалар барып тамақтарын береді. Шегіртке оларға алғысын білдіріп, ендігіде ондай жалқау болмайтынын айтады.
Тақпақ:Алема, Айгерім, Сандияр.
Алема:Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға иілді,
Алтын астық алтын тау. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Ұлттық ойын: Күзем алу

Халықтың қой бағуға байланысты еңбегін бейнелейтін мерекеге ұласатын ойын-сауық ойындарының бірі — «Күзем алу» болып өткізіледі де, үлкен тойға ұласады. «Күзем алып» жатқан ауылдың сыртынан байқастаған адам, ығы-жығы адамдарды көрер еді, біреуі ән салып, бірі күй шертіп, енді біреулерінің айтысып жатқанын естисің, жүнді шаңырақтан шығара көтере сабаған жастар, киізді шиге орап қарпығанда, жон асырып бір ауыл мен екінші ауылдың арасында домалатып теуіп жүргенде де, әзіл мен айтыс өлеңдерді, киізді басуға арналған ән-жырларды айтады. «Қой басты, қой басты»,— деп үлкен үйлердің алдына әкеліп — ырымын алады. Қазіргі «Өрмек биі» осындай халық ойындарынан алынған......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Аспап жасау | Өрт қауіпсіздігі және күзет дабыл жүйесі

Кіріспе
Соңғы кездерде, ірі өндірістік тағайындау объектілермен қатар, орташа
және кіші өндірістік, өнеркәсіптік, шаруашылық және т.б. тағайындау
объектілері үшін орталықтандырылған күзет-өрт сөндіру сигнал беру
жүйесіне (ЦСОПС) деген сұраныс өсті. Мұндай кәсіпорындарда, әдетте, өзінің
жеке күзет бөлімшелері болады. Сигнал беру кезінде жылдам әрекет жасауды,
сигнал берудің нақты уақытын және жерін анықтауды, күзетке шараларды
өткізу және оны күзеттен алуды жеңілдетуді қамтамасыз ету үшін, барлық
объект аймағында орталықтандырылған бақылау жүйесін орнату қажет.
Күзет-өрт сөндіру сигнал беру жүйесі- бұл, өртті немесе жануды табу,
бұл объектіде өрт туралы және мәліметтерді өндеу және көрсету, техникалық
құрылғылар мен өрт сөндіру орнатуларды қосуға арналған автоматты түрде
бұйрық беруі үшін арнайы ақпараттарды, және де күзетілетін аймаққа
рұқсатсыз дендеп кіруді тоқтату үшін, заманауи объектіде орналастырылған,
бірлесіп жұмыс істейтін өрт сөндіру сигнал беруінің техникалық заттарының
жиынтығы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Алтын күз

Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.....

Тақпақтар
Толық

Күз келді

 Күз келді, алақай!
Алтын келді далаға.
Дәні бітік бидайды,
Құйып жатыр қамбаға.

Молшылыққа бөлеген,
Күз айы неткен...

Тақпақтар
Толық