Құқық | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Конституция - деген сөздің латын тілінен аудармасы құрылғы жарғы заң деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған.Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып,осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік келісімдерін мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
-қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
-құқықтың негізгі бастауы болып табылады;
-ең жоғарғы заңдылық күші бар;
-оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
-тұрақтылығы;
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап,құрамына кірген одақтас республикалар егемен,тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жойылды.Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып,жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады.Оларға жататындар:
1.Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклкрациясы.
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3.1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.
Аталған конституциялық келісімдер Қазақстанның тәуелсіздігін,дербестігін жариялап,демократиялық,құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы.Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап,бір арнаға келтірді.
Бұрынғы конституциялар социалистік мемлекеттің негізгі заңдары деп саналса,жаңа Конституция демократиялық мемлекеттің Ата Заңы деп жарияланды.Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзінен-ақ байқалады.
Біз ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып,өзімізді еркіндік,теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғарғы жауапкершілігімізді сезіне отырып,өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып,осы Конституцияны қабылдаймыз,делінген.Оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады.Республиканың бүкіл аумағына тікелей қолданылады.Бейнелей айтсақ,бұл Конституция –мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін,мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді.Адам және оның өмірін,құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып,мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі туралы видео жарияланды

Желіде Қазақстанның Тұңғыш президентінің мәртебесі туралы видео пайда болды. Елбасының ерен еңбегі мен қазір атқарып жатқан қызметі жөніндегі бейнежазбаны оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жариялаған деп жазады nur.kz.
Жаңалықтар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституциялары

Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси – құқықтық күшті бойына жинаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, бірнеше ондаған, жүздеген жылдардан бері өмір сүретін мемлекеттің қатардағы кезекті Конституциясы емес. Ол жаңа құрылым мен басқару нысандарымен, қоғамның экономикалық құрылысының жаңа негіздерімен және басқаларымен мүлдем жаңа үлгідегі мемлекет құрды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы құқықтық мәдениетінің тарихи жадын белгілейді. Ешқашан енді мұндай Конституция болмайды. Ол Қазақстан мемлекетінің нақ қазіргі кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының тарихи өзгерістерінің аясында туды. Сондықтан, ол өзіне айрықша мұқият қарауды, нақ осындай түрінде, қабылданған күйінде сақталуын талап етеді.
Қазақ елінің саралап өткен даму жолдарын бірнеше кезеңдерге бөлуге болатындығы жөнінде пікірлер аз емес. Белгілі заңгер ғалым А.К.Котов Қазақстанның конституциялық эволюциялық дамуын мынадай 4 кезеңдерге бөледі:
- Кеңес дәуіріне дейінгі (1900-1917 ж.ж. ұлттық – демократиялық идеяларының Алаш конституциясының жобасына ұласуы);
- Кеңес дәуірі (20 жылдар мен 80 жылдардың аяғы);
- Кеңес дәуірінің аяқталуы (80 жылдардың аяғы мен 1990 жылдар аралығы);
- Кеңестік дәуірден кейінгі (1991 – 1993);
- Қазақстан дамуының алғашқы сатысы «де-фокто» (1993 жылдың қарашасынан бастап).
КСРО – ның күйреп, саяси аренадан кетуі, сөйтіп барлық бұрынғы социалистік республикалардың енді өз алдына тәуелсіз мемлекеттерге айналуы заңды процесс.
Социализмнің қоғамдық құрылысы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Социалистік одақтас республикалардың орнына демократиялық, құқықтық, зайырлы, әлеуметтік өмірге аяқ басқан тәуелсіз, егеменді мемлекеттер келді. Осындай елеулі құбылыстарды Негізгі заңда нақыштап белгілеу - өмір заңы. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Конституция - деген сөздің латын тілінен аудармасы құрылғы жарғы заң деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған.Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып,осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік келісімдерін мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
-қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
-құқықтың негізгі бастауы болып табылады;
-ең жоғарғы заңдылық күші бар;
-оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
-тұрақтылығы;
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап,құрамына кірген одақтас республикалар егемен,тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жойылды.Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып,жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады.Оларға жататындар:
1.Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклкрациясы.
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3.1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.
Аталған конституциялық келісімдер Қазақстанның тәуелсіздігін,дербестігін жариялап,демократиялық,құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы.Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап,бір арнаға келтірді.
Бұрынғы конституциялар социалистік мемлекеттің негізгі заңдары деп саналса,жаңа Конституция демократиялық мемлекеттің Ата Заңы деп жарияланды.Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзінен-ақ байқалады.
Біз ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып,өзімізді еркіндік,теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғарғы жауапкершілігімізді сезіне отырып,өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып,осы Конституцияны қабылдаймыз,делінген.Оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады.Республиканың бүкіл аумағына тікелей қолданылады.Бейнелей айтсақ,бұл Конституция –мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін,мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді.Адам және оның өмірін,құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып,мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Конституцияның қабылдану себептері

Жаңа еліміздің Конституциясы туралы мәселені көтерудің басты себебі- ол еліміздің қоғамдық және иеилекеттік өмірдегі оң елеулі өзгерістердің ықпалы мен Республиканың қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаттарын баянды ету.
КСРО-ның тарап, оның негізінде ТМД құрылуы Қазақстан мемлекеті дамуының келесі бір себебі еді. Егемендік алу жағдайында қалыптасқан саяси ахуалдан туындаған жаңа нормативтік құжат қабылдау қажеттігі өзекті мәселелердің бірі болды.
Қазақстанның ең жаңа тарихындағы айтулы кезең болған маңызды екі күн –Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдаған 1990 жылғы 25 қазан мен 12-ші шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған 1991 жылғы 16 желтоқсан туралы болғалы тұр. Әу бастан –ақ еске түсетіні, сонау 1920 жылғы Қырғыз Автономиялы Республикасының І-Бүкілқырғыздық құрылтай сьезіндегі қабылданған Қырғыз АКСР-і еңбекшілері құқығының Декларациясы, өйткені қазақ халқының тарихында алғаш рет оның ұлттық мемлекетінің құрылу дерегі сонда бекітілген болатын.
Егемендік туралы Декларация Тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық көзі, мемлекеттік биліктің ішіндегі үстемдігі мен оның халықаралық жария еткен алғашқы ресми бағдарламалық мәлімдемесі болып табылады.
Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация еліміз тәуелсіздігінің іргетасвн қалады. Мұның өзі мемлекеттілікті нығайтумен тығыз байланысты еді.Бұл шын мәнінде егеменді ел болу қазақтың ұлттық мемлекеттігін қалпына келтіріп дамыту жолындағы батыл қадам болатын.
Тарихи-құқықтық маңызы бар сомадай екі құжат бірін-бірі жалғастырып, толықтырып тұрады, бұлар біріге келе еліміздің қоғамдық құбылыстардағы түбегейлі өзгерістерді еңсеретін 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабырғасын қалайтын ірге тасы, өйткені, кейініректегі уақыт көрсеткендей, жаңа Конституцияның бет пердесі осылардан бастау алған.
1993 жылғы конституциялық реформаның Назарбаев тапқан негізгі себептері мен алғышарттарына тоқталайық.
Олар Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 1 маусымдағы сессиясындағы «Конституцияның жобасы туралы» және 1992 жылғы 9желтоқсанда өткен сессиясындағы «Республика Конституциясының жобасы және оны бүкілхалықтық талқылаудың қорытындылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы қарашадағы республикалық кеңесіндегі баяндамасында және конституциялық комиссиясының өзінде жасаған баяндамалары мен сөздерінде айтылады. 1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың алғышарттарына келсек, ол терең қоғамдық өзгерістердің тамыр тарта бастаған нышандары 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясының орнына жаңа конституциялық ресімдеуді талап еткенін атап көрсетеді. Көнергенді кейінге ысырып, жаңа қағидаттардың негізінде жаңғыра бастаған қоғамның қадамдарын конституциялық деңгейде баянды ететін Ата заң қажет болды. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Конституциялық реформалар

Конституциялық реформалардың алғышарттарын қоғамдық дамудың бүкіл объективтік барысы әзірлейді. Олардың уақтылы ескерілмей қалуы да мүмкін, мұндай жағдайда қажетті конституциялық реформалар кешеуілдеп жүргізіледі немесе мүлде жүргізілмей қалады. Мұның қоғамдық қозғалыстың жүрісін тежері даусыз.
Егер конституциялық реформалар қажетті себептерсіз, алғышарттарсыз жүргізілсе, тіпті қоғамдық даму кезеңдерінен ілгерілеп кетсе, онда мұның өзі оның шын болмыстан алшақтауына, сондай - ақ қоғамға теріс ықпал жасауына әкеліп соғары сөзсіз, өйткені шешімі әлі пісіп - жетілмеген міндеттерді алға тартуы ықтимал. Конституциялық реформа жүргізудің алғышарттары мен сәттерін анықтаудағы қателіктердің екі жағдайда да ұзақ мерзімдік зардаптары болады, өйткені Конституция мен оның нормалары ұзақ бойы қолданылады, ал кей кездерде Конституцияның қате ережесін бірден түзетудің мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті конституциялық реформалар туралы, оны жүргізудің алғышарттары туралы мәселе барынша байыпты ғылыми тұрғыдан келуді қажетсінген еді, Назарбаевтың абыройына қарай, конституциялық реформалардың, Конституцияның өзінің негізгі идеяларының авторы ретінде оның бұл міндетті терең ғылыми негізде барынша нәтижелі орындап шыққанын айту керек.
Бұл міндеттерді шешу барысында ол конституциялық құрылыстың, елімізде жинақталған тәжірибесімен және басқа мемлекеттердің орасан мол тәжірибесімен егжей - тегжейлі танысты. Оның " Ғасырлар тоғысында " кітабында мынадай бір айғақ бар: конституциялық реформаларға әзірленген кезде жинақтаған мол білімі өз алдына, ол конституция жөніндегі референдумның алдына (тіпті демалыста жүріп) әлемнің он екі елінің конституцияларын зерделген екен.
1993 жылғы Конституция қабылданғаннан кейін де өмір бір орынында тұрып қалған жоқ. Назарбаев өмірдің өзі - ақ оның кемшіліктерін, әлеуметтік - экономикалық және саяси процестердің шын ахуалынан аулақ жатқандығын көрсеткенін жазады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу объективтік тұрғыдан қажеттіліке айналды. Осындай жағдайда ол, егкр халық қолдайтын болса, онда конституциялық реформаларды ары қарай жүргізе беру жөнінде тоқтамаға келеді. Конституцияны өзгерту және толықтыру қажеттігін немесе жаңа Конституция қабылдау қажеттігін негіздегенде, ал Ата Заңның ұзақ мерзімнің ішінде тұрақты болуға тиіс екеніне, әрі қазіргі уақытта қанша сапалы болғанына қарамастан, Конституцияның, әсіресе, өтпелі кезеңде өзгермей тұрмасын да ескерусіз қалдыра алмады.
Президент былай дейді: "... қоғамның бір орында тұрмайтынын, жаңа сан қилы саплық деңгейлерге котерілетінін, кез келген мемлекеттік шешімдер мен құжаттардың ерте ме, кеш пе, бәрібір уақыт талабынан қалып қоятындығын ойладым. Ондай көптеген қоғам мен мемлекет өмірінде болып жатқан шын өзгерістерді бейнелеуге тиісті Конституцияның да қашып құтыла алмайтындығы даусыз. Сондықтан кез келген елдегі конституциялық процесс Конституцияның қабылдануымен тоқтап қалмайды. Әлеуметтік - экономикалық және саяси процестердің құықтық кепілдемесі қоғамдағы өзгерістер қарқынына ілесіп қана қоймай, алға озып отыруға тиісті"....
Рефераттар
Толық

Құқық | Конституциялық құқық ұғымы

Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерге көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады.
Құқық дегеніміз – мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқық нормалары өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Осы мақсатта олар салаларға, салашықтарға және құқық институттарына бөлінеді. Мұндай құрылым құқық жүйесі деп аталады.
Құкық жүйесі құкық нормаларынан тұрады, аталған нормалар құқық саласын кұрайды, салалар ішінде құқық нормалары құкық институттарына топтастырылады. Біркатар іргелі құқық салалары құқық, салашықтарына бөлінеді.
Кез келген құкық саласы өзінің пәні мен құкықтық реттеу әдістеріне ие. Құкық нормалары арқылы реттелінетін біртектес қоғамдық қатынастар құкықтық реттеу пәні болып табылады. Құкықтық реттеу әдісі дегеніміз - біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құкықтық ретттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер.
Құкықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:
 имперактивті (тегеуірінді түрде) - тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;
 диспозитивті - рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құкықты әдісі.
Сондай-ақ қосымша әдістер де болалы:
 көтермелейтін – құрметтеуге лайықты іс-әрекет үшін марапаттау әдісі;
 ұсынылатын - мемлекет пен коғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Конституциялық құқық негіздері

Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды болғандықтан, коституциялық құқық, Қазақстан құқық салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Құқық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялық құқық қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын құқықтық формада бекітеді; екіншіден, конституциялық құқық барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық құқықтың нормалары құқықтық актілердің түрлерін, оларды қабылдайтын органдарды, актілердің заңдық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конституциялық құқықтың нормалары құқықтың жасалу үрдісін реттейді.
Конституциялық құқық ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституциялық құқық ғылым болғандықтан оның өзіне оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері бар. Конституциялық құқық салалық заң ғылымдарына кіреді. Конституциялық құқық ғылымы – конституциялық құрылыстың институттарында бекітілген мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік биліктің іске асырылуына байланысты болатын – ерікті қоғамдық қатынастардың дамуы заңдылықтары жайындағы ғылыми білімдер жүйесі. Конституциялық құқық жүйесіне: 1) конституциялық құқықтың құқық саласы екендігі жайындағы білімдер; 2) Қазақстан Республикасы Конституциясының мәні, мазмұны, құрылымы жайындағы білімдер; 3) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері және олардың қоғамдағы үстем қатынастарымен қарым-қатынасы жайлы білімдер; 4) Қазақстан Республикасы азаматының, адамның құқықтары мен бостандықтары туралы білімдер; 5) Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлкеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы білімдер; 6) Қазақстан Республикасының билік органдары жүйесі, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы білімдер жатады.
Көрсетілген объектілер ғылыми зерттеудің пәні болып табылып ғылыми әдістемелік қағидаларға сүйеніп, тарихи, қисынды, салыстырмалы-құқықтық , жүйелік, статистикалық, нақты-әлеуметтік сияқты әдістерінің көмегімен оқытылады.
Теориялық қортындылар жасай отырып, конституциялық құқық ғылымы, ғылыми танымның негізін құрайтын барынша кең деректер жүйесіне сүйенеді. Осындай деректердің қатарына Конституция, конституциялық және қатардағы заңдар, Президенттің, Парламенттің; Үкіметтің, жергілікті атқару және өзін-өзі басқару органдардың нормативті актілері жатады. Сонымен бірге конституциялық құқықтың деректері көздеріне отандық, шетел оқымыстылары, ғалымдары, зерттеушілерінің конституциялық құқық саласына байланысты жазған еңбектері жатады.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Конституция және Сот билігі

Заңды қорғау дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет органының мәжбүрлеу қызметі. Заңды қорғау үшін мемлекетімізде заңды қорғау органдары құрылған. Оларға Сот, Прокуратура, Ішкі Істер Органдары, Ұлттық Қауыпсіздік Комитеті жатады.
Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады. Оның алдына қойылған мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету. Сот істерді соттасушы жақтардың тікелей қатысуымен жүргізеді. Сотта іс қазақ тілінде немесе қатысушыларға түсінікті басқа тілде жүргізіледі. Сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адам ана тілінде сөйлеуге хақы бар. Мұндай адамның сөзін сот аудармамен қамтамасыз етеді. Сотта іс ашық жүргізіледі. Тек мемлекеттің құпиясын, отбасының сырын сақтау керек болса, іс соттың жабық мәжілісінде қаралады ....
Рефераттар
Толық