Бастауын тым әріден, ата-бабаның арманынан, олардың қанмен тасқа қашап жазып кеткен тереңде жатқан тарихынан алатын Мәңгілік Ел идеясы бүгінгі ұрпағынан қажырлы еңбекті, ешқашан таусылмайтын жігерлі де жасампаз патриоттық сезімді қажет ететіндігін Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басты бағдар тұтар ұран етуі тегіннен тегін емес. Бұл біздің мемлекетіміздің , Отанды шексіз сүюдің суалмас тамыры, жалпыұлтты біріктіруші күші, қуатының қайнар көзі. Бұл жолда біз халқымыздың «Ескерген ескісін сақтайды, Ел болған естісін сақтайды», «Ердің баласы – елдің панасы» деген даналықтарының астарына үңіле түсіп, емеуріннен ерліктің қасиетін ұғынамыз. Ежелден батырлар мен дауылпаз ақындардың , билердің мекені танылған көне Дендердің қасиетті топырағында дүниеге келіп, сонау бір дүниежүзілік соғыстың ортасында алапат ерлікпен қаза тапқан батыр – Боран Нысанбаев еді. Күні кешегідей ғана, жер дүниені дүркіретіп кеткен,біраз жылдармен жылжып өткен, өткен ғасырдың ең елеулі оқиғасына айналған Ұлы Отан соғысы бүгінгі ұрпақтың есінен кетуі тиіс емес. Қашанда Ұлы Отан соғысы болса, сол батырлармен қатар өз халқымыздың мақтанышы, жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағын алған Боран Нысанбаев ең алдымен еске түседі, оған деген құрмет сезімі жүрек иітеді, көңілді баурайды, ерлікке үндейді. Боран Нысанбаев 1918 жылы Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай округіне қарасты Қаңбақты елді мекенінде кедей шаруаның жанұясында туған. ......
Жеңіс күні! Бұл сөз менің бала санамда өте ғаламат сөз ретінде әсер қалдырады. Біз бұл мерекені жыл сайын 9 мамырда атап өтеміз. Мен «Жеңіс күнін» аға- апалардың, ата – әжелердің және мектептегі мұғалімдеріміздің әңгімесінен, сыныптан тыс тәрбие сағаттардан көріп білдім. Бала күнімнен бері жылда Жеңіс мерекесін атап өтсек те, оның шын мағынасын түсінбейтінмін. Өсе келе балабақша, содан соң мектепке келдім. Жасым есейе, ержете келе «Жеңіс күні» мерекесін жете түсіндім. Жеңіс күні – адамзат аңсап жеткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр – азат күресінің айбынды күні. Менің бейбіт өмірде алаңсыз өмір сүріп, білім алып, болашаққа жоспар құруымның кепілі болған күн. Ол ата – бабамыздың, ана- әжелеріміздің көзінің жасы, маңдайының тері, қаны аққан күн. Міне сол жеңіске биыл 71 жыл. Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Иә, ол барды жоқ етті, тауды жер етті емеспе? Жер бетіндегі бүкіл тіршілікті өлтірді. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының батырлықтарын паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді көзі көрген аталар мен әжелер тойлайды. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш – бірлік болатын. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды , сондықтан бұл мереке одақтас болған он бес мемлекеттің мерекесі. Мен осы жазғалы отырған шығармамды Жеңіс күніне, жерлес батырымыз Боран Нысанбаевқа арнаймын. Ең алғаш мен Боран есімін мұғалімімнің өткізген тәрбие сағатында танысып білдім.......
Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлің тіріл, мейлің өл. Танымассың, көрмессің, Қаптаған соң көзді шел. Имамсыздық намазда — Қызылбастың1 салған жол. .....
Барлық сынықтар ішінде кеуде жарақаты үшінші орында және 40 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Негізгі себептері: сақы, биіктіктен қулау, жол апаттары т.б. Кеуде жарақаттары ашық және жабық болуымен ерекшелінеді. Жабық жарақат алған кезде терінің анатомиялық құрылысы сақталса,ал ашық жарақат кезінде керісінше тері зақымданады. Кеуде жарақаты локализация мен және жарақат түріне байланысты ерекшелінеді. Кезкелген кеуде жарақаты сыртқы тыныс алу жүйесінің бұзылуымен яғни тыныстың тереңдігі, ритмін өзгертеді. Жабық кеуде жарақаты кезінде сыртқы тыныс алу жүйесі зақымданып өкпе жүрек жетіспеушілік синдромына алып келеді. Ауыр және өмірге қауіпті жарақат алғанда адам ағзасында анатомиялық және физиологиялық өзгерістері болады. Мысалы:плевра жапырақшаларының жарақаты, плевра және өкпедегі жоғары рецепторлардың сезімталдығы, теріс плевра ішілік қысым өзгереді. Кеуде жарақат алғанда тері ішілік қан құйылу, бұлшық ет қызметі, тыныс алу тереңдігі мен ритмі бұзылады. Кеуде қуысының қаңқа тірегі бұзылғанда өкпе вентиляциясына әсер етеді. Жарақат түріне қарай келесі түрлері болады: 1. Жеңіл жарақат 2. Орташа жарақат 3. Ауыр жарақат Кеуде жарақатының жеңіл түрінде тыныс алу мен жүрек қан тамыр жүйесі зақымданбайды. Бұл кезде тыныс алу бір минутта 25 аспайды. Орташа түрінде тыныс алу және қан айналу жүйесінде өзгерістер болады. Тыныс алу 1 минутта 25-30, тахикардиямен көрінеді. Ауыр түрінде терең тыныс алу және қан айналу жүйесі бұзылады. Тыныс алу минутына 35, бірден тахикардия пайда болады. Егер жарақат алғанда жұмсақ тіндер зақымдалса жарқаттың жеңіл түрі, қан құйылса яғни гематома болса орташа тіпті ауыр түріне жатады. Жұмсақ тіндер зақымдалса жарақат алған жерде кішкентай ісік пайда болады. Ауру терең дем алғанда, қабырға аралық бұлшық еттерге қан құйылғанда күшейе бастайды.....