Тарих | Кенесары ханның халық ауыз әдебиетіндегі бейнесі

Тақырыптың мақсаты:
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілістің халық ауыз әдебиетіндегі бейнесін толық ашып, тарихи тұрғыдан жан – жақты баяндау.

Тақырыптың міндеттері:
--- Кенесарының жыраулар жырындағы бейнесін ашу.
--- Ол туралы жазылған әдебиеттерді қарастыру.
--- Кенесары көтерілісінің деректерін саралау.
--- Көтерілісті жан—жақты зерттеу.
Тақырыптың өзектілігі. Қандай халық болса да оның тарихы --- ұлт болып қалыптасуында үлкен әсерін тигізеді. Сол тарихымыз Кеңес одағының қылышынан қан тамып тұрған кезде, дұрыс зерттелмей келді. Тәуелсіздік алған соң, ғана тарихымыздың ақ таңдақ қалған жерлерін анықтай бастадық. Сол ақ таңдақтың ең бір үлкені – халқымыздың ұлт азаттық жолындағы Кенесары Қасымұлы бастаған күресі.
Енді міне, еліміз аңсаған тәуелсіздігі алғаннан кейін, Кенесары көтерілісін дұрыс бағалау бүгінгі күнгі қазағым деп соғар жүректердің борышы.
Тарихтың тарихнамасы. Патша өкметінің отарлау саясатын ақтаған Л. Мейр, А. Добрасмыслов, М.Красовский, М.Тереньевтер Кенесарының ұлт азаттық күресін «заңға қайшы» әрекет деп қабылдап, көтерісшілерді «тобыр» «шайка» деп, көтеріліс басшыларын -- «қарақшы» және «жыртқыш» деп барынша қаралап жазды.
Мұндай теріс байлам --- Кеңес өкіметі кезінде де қайталанды. Олардан: А. Рязанов, М. Стеблин – Каменская, А. Якушин және М. Вяткиндер. Бұлар Кенесарыны өз мүддесін көздеді десе де, алайда оны мықты қолбасшы, ақылды саясаткер, нағыз патриот деп мойындады.
Сондай – ақ, орыстың аты әлемге әйгілі географ саяахатшысы П.Семенов Тянъ – Шанъский. Кенесары ханды біздің дәуірімізге дейінгі халқын Рим империясының жаулап алушыларына қарсы көтерген Понт патшасына теңеп « Қазақ халқының Митридаты» деп атауы, оның ұлы кұрескер екендігін даусыз мойындауы деп ұғынуымыз керек.
Кеңестің дәуірі кезіде Кенесары көтерілістің жай жапсарын терең байандаған шоқтығы биік екі еңбекті айрықша атап айтуымыз керек. Оның бірі – тарлан тарихшы Е.Бекмаханов «Қазақстан ХІХ – ғасырдың 20 -- 40 жылдар» атты монографиясы.Бұл кітаптың ұлтшылдықты уағындайтын антикеңестік, тек Сталин өлгеннен кейін ғана ақталғандығы белгілі.
Екіншісі-заманымыздың заңғар жазушысы Ч.Есемберлинің «Қаһар» романы . Көркем шығарма болғаны мен Е.Бекмахановтың еңбегі
қамауда жатқансол кезде бұл романның талайымыздың көкремізге
«осындай да бабаларымыз болыпты-ау» деген сезім сәулесін себізгілеп, тұтас бір ұрпақтың көзін ашып көңілін оятқан ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін шындық .
Қазақ атты халық мекендейтін байтақ аумақты тұтас қамтыған Кенесары Қасым ұлының көтерілісі туралы көптеп кітаптар шыға бастады. ....
Курстық жұмыстар
Толық