Кенен Әзірбаев (Кенен мен Халиманың қағысуы)

[quote]К е н е н:
Ақ серке ай мүйізді қой бастаған,
Анық батыр жорықта жол бастаған.
Атамыз қазақ халқы өлмес - өшпес,
Торқалы міне осындай той бастаған.
Батырмыз Компартия жол бастаған,
Бұлжытпай нұсқауларын ел қостаған.
Ақ отау жұртым тіккен орда мынау,
Отанның ақынымын ойқастаған.
Айталық партияға сансыз алғыс,
Кедейді ең алдымен алға ұстаған.
Халима, әріптесім, бері отыршы,
Шал едім келінге көп жамбастаған.......[quote]
Өлеңдер
Толық