Шерхан Мұртаза | 41 жылғы келіншек


— Сен мені танымай қалдың ба, неге үндемейсің Мақсұт?

Ол тіл қатпады. Босағада тұрды да қойды.

— Бір-бірімізді көрмегелі отыз жылға жуық болды, Мақсұт. Сен соғысқа кеткенде, мен жиырма сегізде едім ғой.

Ол үндемеді.

— Қартайдым, Мақсұт. Ал сен дәл осыдан отыз жыл бұрынғы қалпыңда қалыпсың.

Ол үндемеді.

— Танымадың ба, Мақсұт? Мен Хадишамын ғой! Сені әне келеді, міне келеді деп отыр едім. Жұрт көрсе, сені менің балам дер. Сен, сірә, сол сөзден қорқып тұрсың ғой.

Ол үндемеді.

— Босағада тұрғаның қалай, Мақсұт! Төрге шық, өз үйің ғой.

Хадиша Мақсұтты қолынан ұстап төрге алып шықпақ болып,ілгері аттайын деп еді — орнынан қозғала алмады. Арада екі адым жер, бірақ алынбас асу сияқты. Жілік-жілігіне қорғасын құйып, жерге қағып қойғандай тырп етуге дәрмен жоқ.

Ал Мақсұт табалдырықта әлі тұр. .....
Әңгімелер
Толық

Шерхан Мұртаза | Келіншектау сағымдары

Шілденің күні шаңқай түс болғанда батыстағы Келіншектау сағымданып, үздік-создық қимылдай бастайды. Баяғы байдың ұзатылған қызының көші қайта тіріліп, уап-шуап бара жатқандай.

Байдың қызы ұзатылған ғой. Қыз әкесіне өтініш айтыпты: Менің жасауыма алтын шаңырақты, күміс уықты ақ отау дайындатыңыз. Қазан, ыдыс-аяқ, табақ бәрі де алтын жалатқан күмістен болсын. Төсегімді пілдің сүйегінен жасат. Көрпе-жастық шытырма шәйі, сусыма жібектен болсын, — деп тағы басқа керек-жарақтың бәрін небір асылдан әзірлеткен ғой.

Жасау мүлкі қырық түйеге артылып, қалыңдық көші шұбатылып жолға шыққанда, кенет байдың қызы көшті тоқтатып, әкесіне:

— Әкетай-ау, біз бір нәрсені ұмытып кетіппіз ғой — дейді.

— Нені, шырағым?

— Итаяқ алтыннан болмады ғой.

Әкесі аттың үстінде келе жатып, қос қолының алақанын көк аспанға қарата жайып жіберіп:

— О, Тәңірі! Бар болсаң, мына көшті тас қыла гөр! — деп, сақалын көзінің жасы жуып, құдіретті күшті Құдайға шын ниетімен жалбарынған екен дейді. Әкенің қарғысы қатты, тілегі тәтті, байғұс қыз келіншек болып келе жатып, лезде бүкіл көш ұзақтан-ұзаққа созылған қаратас болып қатып қалған ғой.

Содан бері Келіншектау аталады. Күндіз оны сағым буып тұрады. Кешке жақын, күн батарда Келіншектау алыстан ерекше ап-айқын көрініп, келбеттеніп, құдіреттеніп кетеді.

Шілденің күні шаңқай түсте ысып, ми айналдыратын тұста, тірі жан кірерге тесік таппай, бәрі де алақандай болса да көлеңке іздейді. Тал түсте көлеңке де барынша қысқарады.

Киіз үйдің көлеңкесі қураған терідей қусырылған жерде келісті ақ ешкі екі лағымен бүйірі бүлкілдеп, ыстықтап жатқан болатын. .....
Әңгімелер
Толық

Жұмсауық келін

Ерте, ерте, ертеде бір қарияның келіні болыпты. Ол өзі өте жұмсауық екен, маңайындағы ауыл үй адамдарын талғаусыз жұмсай беріпті. Көршілері оны сондықтан «жұмсауық келін» деп атап кетіпті.

Мұны естіп бір күні қария отауына беттейді. «Келінге барып хабарласайыншы, мені де жұмсар ма екен», – деп ойлайды ол.

Қарт отауға таяй бергенде, үйден......
Ертегілер
Толық

Шал мен келін

Баяғыда Қайыр деген шал болыпты. Шалдың Самет деген баласы болыпты. Шалдың кәсібі: базарға тоғыз серкені айдай барады екен, не сатпайды, не соймайды, тоғыз серкенің пұлына тоғыз нар түйенің жүгін әкеледі екен. Бір күні шал баласына айтады:

— Балам, мен қартайдым төрімнен көрім жақын. Сондықтан осы тоғыз серкені базарға айдап бар, не сатпа, не сойма, бірақ осы тоғыз серкенің пұлына тоғыз нар түйенің жүгін әкел, – депті. Баласы тоғыз серкені базарға айдап келіп сатайын десе, әкесі «сатпа» деген; сояйын десе, «сойма» деген......
Ертегілер
Толық

50 пайыз өтірік: Есентаеваның қайын әпкесі Баянның кітабы туралы шындықты айтты

Бақытбек Есентаевтың әпкесі Назым Есентаева бұрынғы келіні Баянның атышулы кітабы туралы пікір білдірді. Назымның айтуынша, Баянның кітабы 50 пайыз өтірік жазылған деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Үшінші рет тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова күйеуінің тегіне өтіп кетті

Жақында үшінші рет тұрмыс құрып, тойын өткізген әнші Ақбота Керімбекова тегін өзгертті. Бұл туралы ерлі-зайыптылар 31 арналағы «Айта берсін» бағдарламасында айтты деп жазады NUR.KZ, reactor-ға сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық

Бір жыл бойы клиенттерден ақша ұрлаған банк қызметкерінің қылмысы әшкере болды

Ақтөбе қаласындағы банктердің бірінде су­первайзер қызметін атқарған келіншек бір жыл бо­йы клиенттердің шоты­нан өзіне ақша аудар­ып отырған. Мұны біл­іп қойған банк филиа­лының басшысы полици­яға арыз жазды, деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Келіндер сайысы (таныстыру)

Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан қыздың арын!
Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!

Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге....
Өлеңдер
Толық

Астаналық әнші әйелді туған қызы "алаяқ" деп сотқа берді (фото)

Астаналық әнші келіншек әрі әлеуметтік желінің жұлдызы Сандуғаш Жұмабектің үстінен қозғалған қылмыстық іс Есіл ауданына келіп түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Instagram мен Facebook желісінде түрлі көйлек киіп, тойда ән айтқан фотосын жүктеп, Алланы аузынан тастамайтын келіншекті бірнеше азамат сотқа берді. Әншіні сотқа берушілердің ішінде оның туған қызы да бар.

Жаңалықтар
Толық

Күйеуі мен туыстарын жек көретін келінге қалай тығырықтан шығуға болады?

Құралай Ханым: «Күйеуімді де және оның туыстарын да жек көремін. Балам үшін ғана шыдайтын сияқтымын. Қалай ара қатынасты жақсартуға болады?»- деп сұрапты шаршаған келін… Орыстар айтпақшы: «Любовь спасет МИР!» Жақсы көруді үйрену керек! Адамдардың жақсылығын көре білу қажет!
Бiз қазiр жақсы көрудi ұмытқан адамдармыз… Үйленiп алып, әйелімiздi жақсы көргiмiз келмейді, басыма шығып алып, би билеп кетеді деп… Күйеуге шығып алып, күйеуімiздi жақсы көрмеймiз, құтырып....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық