География | Каспий теңізіне жалпы сипаттама

Каспий теңізі суы бұдан 13 мың жыл бұрын қазіргі деңгейінен 75 метр биік болған.
Ерте заманнан бері Каспий теңізінің аты бірнеше рет өзгерген, тарихи деректерге сүйенсек жетпіс түрлі аты болған. Қазіргі Каспий аты біздің эрамызға дейін 1 ғасырда теңіз жағалауында өмір сүрген «Каспий» тайпасының атына байланысты аталған.
Ертедегі араб ғалымдары Каспий теңізін Гиркан, Обескун, Журджан, Дайлем, Колзум, Хазар деп атаған.
Орыстар Хвалын (Х-ХІІІ ғ.) Мазандаран, Табаристан, Орыс, Астархань, Ширван, Албан және тағы басқа көптеген аттары болған.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында теңіз суы тартылып, деңгейі төмендей бастады. Мұндай құбылыс 1929 жылы, 1933 жылы, 1941 жылдары байқалған.
1977 жылы Каспий суының көлемі 424 мың текше метрден 360 мың текше метрге азайған.
1978 жылдан бастап теңіздің деңгейі қайта көтеріле бастады.
1991 жылдан бастап теңіздеңгейі 2,06 метрге көтеріліп жағалауындағы көптеген жер су астында қалды.
Каспий теңізі - түркі тілдес елдеріне дүние жүзіне ортақ орналасқан ең үлкен тұзды көл. Жалпы көлемі 400 мың м3- ке жуық , айдыны өте үлкен болғандықтан , теңіз деп аталады. Каспий теңізі 13 мың жыл бұрын Қара теңіз бен Жерорта теңізі арқылы дүние жүзілік мұхитпен жалғасқан. Ол кездегі теңіз суының деңгейі қазірден 75 м жоғары болған. Каспий аты ерте заманда теңіз жағасын қоныстанған «Каспий » тайпаларына байланысты айтылған, Олар туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымы Геродот еңбектерінде жазылған. ....
Курстық жұмыстар
Толық