География | Канада еліне экономикалық мінездеме жасау

Канада(Canada)- Солтүстік Америкада орналасқан мемлекет.Жер көлемі -9970610 км кв. Халқы-31,0 млн. адам(1999(. Тұрғындарының 48% ағылшын канадалықтар , 29 % -ы француз канадалықтар, 23 % -ы басқада еуропалықтар, 3 % - ы америкалық үндістер мен эскимостар. Қала халқы 77,9 % (1996). Ресми тілдері ағылшын және француз тілдері. Тұрғындары христиан дінінің католик және протестант тармағын ұстанады.. Канада парламентті монархия. Британ достастығына кіретін федерация болғандықтан Ұлыбритания королі (королевасы) формальды түрде мемлекет басшысы болып саналады. 1952 жылдан –Елизавета ІІ. Ол Канада премьер министірінің ұсынысымен бес жыл сайын генерал губернатор тағайындайды . Жоғарғы заң шығарушы орган –екі палатадан (Сенат пен қауымдар палатасы )тұратын парламент. Сенат мүшелерін премьер министірдің ұсынысы мен генерал губернатор тағайындайды. Үкіметті премьер министр басқарады. (1997 жылдан -Жан Кретьен ) .Оған өте кең құқық тар берілген. Ол –Қарулы күштердің Бас қолбасшысы Ел әкімшілігі жағынан 10 провинциямен 3 территориядан тұрады..
Астанасы – Оттава қаласы. Ақшасы – Канада доллары.
Табиғаты- Канада арктикалық, субарктикалық, қоңыржай белдеулерде орналасқан. Оның батысында ( таулы ) жылы тынық мұхит, шығысында (жазық) суық арктика ауа ағыны әсер етеді. Негізінен ,жазық жіне үстүртті келетін шығыс және орталық канада Гудзон ойпаты, Лаврентий қыраты ( биіктігі-100м) . Орталық және Ұлы жазықтар орналасқан. Елдің батыс шетінде Кордильер таулы жүйесі (ең биік жері Логан тауы, 6050 м ), ал оңтүстік шығыс шетінде Аппалач таулы қыраттары орналасқан. Пайдалы қазындалры : уран, темір ,никель, мыс, мырыш, қорғасын, алтын, мұнай, көмір, табиғи газ. Климаты арктикалық, субарктикалық, оңтүстігінде қоңыржай , континенттік. Қаңтардағы орташа температура- 35 -30С (солтүстікте және 4 - 7С (оңтүстікте ). Шілдеде 4-7С (солтүстікте) және 21 С (оңтүстікте). жауын шашынның жылдық мөлшері 150 мм-ден (солтүстікте) 2500 мм-ге (батыста) дейін. Аса ірі өзендері Макензи, Фрейзер ,Юкон, Колумбия ,тағы басқа. Атлант ,Солтүстік мұзды және Тынық мұхиттарға құяды. 200 –ден аса ірі көлдер бар. Солтүстігінде қынамен мүк қана ссе, орталығында тундра, тайга өсімдіктері, оңтүстігінде аралас ормандар (шырша, майқарағай, көктерек ,қылқан жапырақты ағаштар ) өседі. Жан-жануарлардан солтүстік бұғысы,ақ аю, сусар, поляр түлкісі, бизон, қызыл тиын, сілеусін, таутеке кездеседі.....
Курстық жұмыстар
Толық