Юрий Александрович Хитрин (24.08.1946, Алматы қаласы - 18.10.2004, Астана қаласы), Әділет генерал-лейтенант, С.М.Киров атындағы ҚазМУ заңгер мамандығы бойынша бітірген (1970). Еңбек жолын станокшы болып баста-ған. Одан кейін Алматы қаласы Калинин аудандық прокуратурасыньщ стажері және тергеушісі, Қазақ КСР прокуратурасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі және Алматы прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған (1970-77). Целиноград облысының прокуроры; еңбекпен түзету колонияларында .....
Уәлі Итенұлы (1798, қазіргі Қызылорда облысы, Құмкөл өңірі - 1881, Қорқытата қорымы) - би. Ресей патшасының қазақ жерін отарлау саясатына сай туған жерінен ығыстырылған қазақ ауылдарымен бірге әкесі Итен де балаларын алып, қазіргі Ақтөбе, Қостанай облыстарының жеріне көшкен. Қазір де Қостанай өңірінде «Құлтының қара моласы» деп аталып кеткен жер бар. Ағасы Құлты қайтыс болғаннан кейін Уәлі өзіне қарасты ағайындарымен .....
Қазіргі Павлодар облысында туған. Жас кезінде ескіше хат танып, кейін Павлодарда медреседе оқиды. Өзі мұғалім жалдап, орысша сауатын ашады. Сол кезде А. Құнанбаев пен Ғ. Тоқайдың өлеңдерімен танысады. 1913 жылы тұңғыш өлеңі («Қиялым») «Айқап» журналында басылады. 1915 жылы алғашқы өлеңдер жинағы «Уақ - түйек» деген атпен шығады. 1916 жылы патша жарлығына байланысты империалистік соғыс майданынан қашып, Екібастұз көмір кеніне барады. «Екібастұз» (1916) өлеңінде жұмысшы тұрмысының ауыр азабы суреттеледі.Майданға алынып, Рига маңында қара жұмыс істейді. 1917 жылғы ақпан буржуазиялық революциясынан .....