Тарих | Исатай мен Махамбет бастаған ұлт азаттық көтерілістің себептері мен мақсаттары

Бөкей ордасында өзі құрылған алғашқы 25 жыл ішінде орын алған (1803-1892) бүкілхалықтық толқын – Жайық сыртындағы кең байтақ даланы қоныстанған, өз жамағайындарына сонау Нарын құмынан қайтып оралып, қосылуды көздеген халық талпынысынан туған еді. Сырт жақтағы өздерінің туған- туыстарынан ажырап, әрі жан-жағынан, берісі Жайық өзені мен Каспий теңізінен бастап Еділ бойына дейінгі аралықта орыстың елдімекенімен, әскери бекініспен қоршалып қалған осынау қарапайым халықтың бұл талпынысының шыққан басты себебі Жайық сыртындағы қазақтар толықтай бостандықта өмір сүрді де, оларға орыс үкіметі мен Ордадағы басшылар тарапынан басыбайлы құл етіп ұстаудың қауіпі төнген жоқ . Жайық сыртына өтуге деген бұл талпыныс, әсіресе, малдары жаппай жұртқа ұшырап қырыла бастаған және басқа да көлденең қарсылықтардан халықты қайыршылыққа душар еткен шаруашылық дағдарысы тұсында ерекше қаулай түсті .
1818 жылы үкімет қазақтардың Нарыннан Кіші ордаға , яғни Жайық сыртына өздігінен өтіп кетуін тыю жөнінде жарлық шығарған соң олар өздерінің аса бытыраңқылық дәрежесіне қарамастан , линиядан “қарулы қолмен “ өтіп шығамыз деген ниетте болды.
Орданың ішкі рулық құрлысына қатер төндірген Жәңгір ханның барлық шарасы – 1827-28 жылдардағы қоғамдық ауыртпалық және Қайыпқали сұлтан мен тағы басқалардың ”кешікпей қазақтар басыбайлы шаруаға айналып,Еділдің оң жақ жағалауына қоныстандырылады да сол жақта орыс казактарымен бірдей әскери борышын өтеуге жіберіледі “ деген лақап үгіті – бүкіл Орданы дерлік көтеріліске аяғынан тік тұрғызды.
Алайда, арғы жаққа өтуге ұмтылған қараусыз халық бұқарасының барлық әрекеті Орал казактарына қарама- қайшы келді де, олар мұны көбінесе тыйып тастап отырды. Өздерінің әрбір сәтсіз әрекетінен соң шұбырған халық ескі қоныстарына қайтып оралып, уақытшатыныштала тұрса да, кезекті сыртқы дүмпу ықпал еткен кезде қайтадан көтеріліп, линияға қарай қайталап ....
Курстық жұмыстар
Толық