Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Айсұлтан немересі елдегі маңызды оқиғалар, елбасының жұмысы мен жемқорлық жасады деп айыпталған шенеуніктерге қатысты өз пікірін білдіріп, ел назарына ілікті. Айсұлтан халыққа несімен танымал және 26 жастағы жігіттің осы күнге дейін жеткен жетістіктерін қандай? NUR.KZ порталы осы туралы толығырақ ақпарат ұсынады.
Сара Алпысқызы Назарбаева Үлгілі жар, аяулы ана, "Бөбек" қорының негізін салушы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Сара Назарбаева Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан. Инженер-экономист мамандығы бойынша білім алған. 1994 жылдан "505 — Қазақстанның балалар ауылы" қорының, 1999 жылдан "Демография" қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы қызметін атқарды. Бірінші ханым небәрі бес жасында анасынан айырылып, сәбидің махаббатсыз, жақын адамының қамқорынсыз жетілуінің қаншалықты қиын екенін біліп өседі. "Бөбек" қорының дүниеге келуіне де осы нәрсе себепші болған. Бірінші ханым Нұрсұлтан Әбішұлымен қалай танысты? "Бала күнімде құрдастарымнан ешбір ерекшелігім болмады. Қарапайым кеңестік мектепте білім алдым. Оқу орнын тәмамдаған соң комбинатта жұмыс істей бастадым. Нұрсұлтан Әбішұлымен осы комбинатта таныстым", — дейді бірінші ханым.....
16 жасында ең дарында фотограф деп аталған, қыздардың жалаңаш тәнін түсіруге құмар Данияр Сәрсеевті бүгінде модельдік бизнесте жүрген кез келген өнер адамы біледі. Қазақ актрисаларының әйгілі журнал мұқабаларына арнап түскен суреттерінің көбін осы Данияр жүзеге асырған. Бүгінде 21 жастағы фотограф өзін осы саладағы маман ретінде көрсете білген. NUR.KZ порталы Данияр түсірген қазақ қыздарының суреттерін назарға ұсынады.
Зарина Талғатқызы Байкенова — 1993 жылдың 24 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол – педагог-хореограф, актриса, Қазақстан халықтарының Атырау облыстық Кіші ассамблеясының мүшесі, "Атырау балет" хореографиялық мектебінің директорының орынбасары. Хореография бойынша халықаралық фестивальдар мен байқаулардың лауреаты. Фильмдері 2011ж. - "Запрещённые танцы" - "Лия" (режиссер - Есболат Беделхан (Орда тобы) және Анар Жунусова[1]) Видеография 2011 ж. - "Каракоз" - Тел коныр (режиссер Анар Жунусова) 2012 ж. - "Асыл жаным " - Алмас Кішкенбаев (режиссер Жандос Айбасов) 2010 ж. - Kcell компаниясына арналған жарнамалық ролик "Дари любовь всем влюблённым" (режиссер Сәкен Жолдас) 2015 ж. - "Helios - солнце наших дорог" атты жарнамалық ролик (режиссер Арман Хайруллин) 2014 ж. - "London time " атты жарнамалық ролик (режиссер Исабек Абуталиев) Мансабы ....
Ләйла Ақназарқызы Бекназар-Ханинга (6 ақпан 1960 жылы Алматы қаласында туған) — актриса, театр педагогы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1996). Ләйла Ақназарқызы 1960 жылы Алматы қаласында туған. 1977-1981 жылдары Алматы көркем театр институтында КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Хадиша Бөкееваның шеберханасында оқып. «Драмалық театр және кино артисі» мамандығын тәмамдады. Сол жылы М. Әуезов атындағы Академиялық драма театрының құрамына алынды. Әуезов театрындағы ойнаған рөлдері: Қара шаңырақтағы алғашқы рольдері: Т. Ахтанов «Жоғалған дос» – Ғалия, С. Сматаев «Жұлдызым менің жоғары» – Шолпан, Б. Мұқай «Тоят түні» – Баян, М. Әуезов «Айман-Шолпан» – Шолпан, И. Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» – Әйгерім, «Шыңғыс хан» – Құлан, У. Шекспир «Асауға тұсау» – Катарина, Б. Атабаев, А. Тасымбеков «Кебенек киген арулар» – Жания, Володин «Кесіртке» – Әнші, Е. Аманшаев «Сұлтан болсам егер мен» – Зарина, т.б.....
Еркебұлан Әбілханұлы Қайназар (18 қазан, 1984 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, А.Үсен ауылы - айтыскер ақын, жыршы, термеші. Өмірбаяны А.Үсен атындағы орта мектепте оқып (1991-2001) бітіреді. ақын Әбдіхалық Әбдірайымұлы ашқан Шымкент қаласындағы «Жас ақындар мен импровизаторлар, жыршы-термешілер» мектебін үздік бітірген (2001-2002). Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика факультеті, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасында білім алып, үздік бітірген (2002-2006).....