Абылай хан Қарақалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру тар- тып барғанда, қалмақтың ханы Абылайға кісі салды дейді:
—Абылай мен екеуміздің таласымыз дін емес, дүние ғой. Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық. Мен жекпе- жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тауып шығарайын, Абылай да өзіне қараған қазақтан (елінен) «осы сырттан-ау» деген біреуін таңдап шығарсын. Менің кісім Абылайдың шы- ғарған кісісін....
Жәнібек батыр бала күнінде ақыл-білім үйрену үшін, Қаракерей Соқырабыз дегенді іздеп келген екен. Сәлем беріп кіріп келсе, қарттықтан екі жағын жібекпен таңып отырған кісі екен. Жәнібекті көріп:
— Сен қай ұлсың? — деді.
— Қошқар ұлымын, — деді.
— Қошқардың адам есті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба?—деді.
— Болармыз, — деді.
— Балам, не жұмысың бар, бұл жақта неғып жүрсің? — деді.
— Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл-білім алайын деп жүр едім, — деді.
— А-а!!! Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап, би болайын деген ұл екенсің, алдыңа келсе әділдігіңді аяма — аймағың кетпес алдыңнан; қол бастап жол алайын деген ұл екенсің жолдастың мыңын алма, бірін ал, мың кісіге — бір кісі олжа сала тұғын, олжаңды аямасаң — жолдасың қалмас жаныңнан. Жүз жиырма алтыға келіп отырмын, жас күнінде қалың бер де қатын ал, жігіттің хан болатын, қыздың ханым болатын уақыты сол, қартайған соң өкінбе, ұлым. Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең — таяғың, қарның ашса — тамағың.
Мұнан шығып, Кіші жүзде тоқсанға келіп отырған Тайған деген биге келді. Келсе бидің елі қош екен, қош үстінде кез болып, сәлем беріп, ат үстінен көрісті. Мұнысын жақтырмай, бұл би де сұрады: .....