Азаматтық құқық | Құқық жүйесінде «Азаматтық құқықтың» орны

Азаматтық құқық ғылымы
Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған кұқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтыц тарихы, оның даму келешегі мен тожірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық қүқық үғымының өзі қүкықтың саласы және заң ғылымыньщ жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде қүқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде — білшнің жиынтығы арқау болады.
Азаматтық құқық ғылымы сол қүқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетендікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар Азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Қуық жүйесінің аурулары

Кіріспе
Қуық жүйесінің аурулары - малдың бүйрек түйнегі қан тамырларының тез өтетін қабыну процесі және онан әрі бүкіл организмнің жіңішке қан тамырлары қабынады.
Қуық ауруларының шығуына індетті аурулар (оба, шошқа тілмесі, аусыл, сарп, септицемия, лептоспироз, бұзау қылауы, ит обасы, туберкулез және басқалар) организмнің өзінен-өзі улануы (көн қотыр, терінің жайылма қабынуы, терінің өлі еттенуі, іш өту, жатыр қабырғасының ішкі жағының қабынуы, шу түспеуі, анемия және организмдегі шіру процестері) сол сияқты өсімдік текті және минералды улармен улану, суық тию, жарақаттану және басқалар себін тигізеді. Бүйректің бүрісуі көбіне жайылмалы нефриттің, калькулезді процестің, кейбір зиянды заттардың (қышқыл шөп, қорғасын мен мыстың тұздарымен улану т.б.) ұзақ уақыт әсер етуінің салдары болып табылады.
Пиелонефрит дегеніміз - бүйрек түбегінің және оның қалың еті қабатының қабынуы. Пиелонефрит көбінесе энтерококктардан, әсіресе несептің несеп жолымен дұрыс ақпауынан пайда болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Қуық жүйесінің аурулары туралы түсінік

Кіріспе
Қуық жүйесінің аурулары - малдың бүйрек түйнегі қан тамырларының тез өтетін қабыну процесі және онан әрі бүкіл организмнің жіңішке қан тамырлары қабынады.
Қуық ауруларының шығуына індетті аурулар (оба, шошқа тілмесі, аусыл, сарп, септицемия, лептоспироз, бұзау қылауы, ит обасы, туберкулез және басқалар) организмнің өзінен-өзі улануы (көн қотыр, терінің жайылма қабынуы, терінің өлі еттенуі, іш өту, жатыр қабырғасының ішкі жағының қабынуы, шу түспеуі, анемия және организмдегі шіру процестері) сол сияқты өсімдік текті және минералды улармен улану, суық тию, жарақаттану және басқалар себін тигізеді. Бүйректің бүрісуі көбіне жайылмалы нефриттің, калькулезді процестің, кейбір зиянды заттардың (қышқыл шөп, қорғасын мен мыстың тұздарымен улану т.б.) ұзақ уақыт әсер етуінің салдары болып табылады.
Пиелонефрит дегеніміз - бүйрек түбегінің және оның қалың еті қабатының қабынуы. Пиелонефрит көбінесе энтерококктардан, әсіресе несептің несеп жолымен дұрыс ақпауынан пайда болады.
Цистит – қуықтың қабынуы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Қуаңшылықтың өсімдіктегі физиологиялық және биохимиялық процестерге әсері

1. К і р і с п е
Ауыл шаруашылығы құрғақшылықтан зиян шегеді. Сондықтан құрғақшылықты зерттеу ең басты проблемалардың бірі. Құрғақшылықтың екі түрі болады. Біріншісі — ауа құрғақшылығы, ал екіншісі — топырақ құрғақшылығы. Әдетте ауа құрғақшылығы топырақ құрғақшылығына айналып отырады. Ауа құрғақшылығы ауада антап ыстық желдің соғуы салдарынан пайда болады. Оның әсерінен ауа торланған сияқты көрінеді. Өйткені, жел топырақтын кішкентай бөлшектерін ауаға ұшырып алып кетеді. Ауада олар қатты қызады да өсімдік жапырақтарына түседі, оларды күйдіріп жібереді.
Құрғақшылық жаз айларының әр мезгілінде болады. Қуаңылық болған айларда өсімдік суды қарқынды буландырады. Сондықтан топырақтағы судың қоры өсімдіктерді қамтамасыз етуте жетіспейді.
Күн нұрының әсерімен гидросфера, литосфера және атмосфераның қызуына байланысты, ауа ағынының өзгеруі нәтижесімде жер шарының әр түрлі аймақтарында қуаңшылық құбылысы жиі кездеседі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-ң кедендік-тарифтік саясатының қалыптасуы, мәні және СЭҚ-дағы рөлі

1.1 Сыртқы экономикалық қызметті кедендік-тарифтік реттеу құралдары
Мемлекет көздейтін мақсатқа байланысты сыртқы сауданың белгілі бір құралдарын пайдаланады. Халықаралық сауданы реттейтін мемлекеттік құралдар өзіне тән сипатына қарай екіге бөлінеді: тарифтік, бұл кедендік тарифті қолдануға негізделеді және тарифтік емес әдістер. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік емес әдістері, өз кезегінде, мөлшерлік, қаржылық, үкіметаралық келісім әдістері мен жасырын протекционизм әдістері болып бөлінеді [1,б.200].
Сыртқы сауданы реттеудегі мемлекеттің алдына қоятын басты мақсаты елдің салыстырмалы артықшылығы болып табылатын тауарларды экспорттауға көмек көрсету немесе ұлттық өндірушілерге зиян келтіретін импортты шектеу. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әдістерінің көбі ішкі рынокты шетел бәсекеден қорғауға бағытталған.
Кедендік тарифтің мәнін, рөлін, оның ұлттық экономикаға тигізетін пайдасы мен мезханизмін, сонымен бірге елдің сыртқы саудасына әсерін тигізетін тарифтік емес құралдарды түсіну үшін бұл сұрақтарды тереңінен қарастырған жөн.....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | ҚР-ң агробизнес негіздерін талдау «Берік» ӨК

Кіріспе
Еліміз өз егемендігін алып, ауыл шаруашылығында экономикалық реформалардың өркендеуінің нәтижесінде нарықтық қатынастарға өту жылдамдады. Бұрынғы ұжымшар, кеңшарлар таратылып, әрбір ауыл, отбасы өзінің жер және мүлік үлестеріне ие болды. Мемлекетімізде көпукладты агроқұрылымдардың агробизнесін ұйымдастырудың құқықтық негізін қолдау мақсатында: “Шаруа (фермер) қожалығы”, “Өндірістік кооперативтері”, “Акционерлік қоғамдар”, “Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер” туралы сонымен қатар “Жер кодексі”, “Су кодексі” және “Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі” бойынша тағы басқа да бірқатар заңдар қабылданды. Бұл заңдардың жер учаскесін және мүлік үлесін тиімді пайдалануға ықпалы мол болып жатыр.
Осының нәтижесінде елдегі табиғи және өндірістік ресурстарды дербес пайдалануға, құрылымдық негізін қайта құрып, оның тиімділігін арттыруға қол жеткізіледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-дағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Кіріспе
Халықты әлеуметтік қорғау реформалары кедейлік мәселесін шешу және адамның өмір сүру деңгейін жоғарлату мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының басты бағыты болып табылады.
Еліміздің дамуының әр кезеңінде әлеуметтік қорғау деңгейі оның экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен анықталады.
. Сайып келгенде, мемлекеттік басқарудың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету,халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан әлеуметтік бағытталған мемлекет болып табылады. Ал бұл дегеніміз, ол мемлекеттік басқару органдары белсенді әлеуметтік саясат жүргізуі қажет және әлеуметтік мәселелерді шешуге экономиканы бағыттау.
Соңғы жылдары әлеуметтiк процесстерге көп көңiл бөлiнуiн қазiргi кезеңдегi бiздiң қоғамымыздың дамуының мазмұны мен оны басқару формасының күрделенуiмен түсiндiруге болады. Сондықтанда осы процесстердiң өту ерекшелiктерiн, олардың қоғам өмiрiнiң әр түрлi сферасындағы, әр түрлi масштабта, оны басқарудың әр түрлi деңгейiндегi байланысын терең түсiну қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-дағы кәсіпорындар инвестициясының тиімділігі

Кіріспе
Кез келген елге шетелдік инвестициялардың ағыны және олардың эффективтілігі жағымды инвестициялық климаттың бар болуымен анықталады.
Инвестицияның климатты үлгілеу (модельдеу) – мемлекет саясатының шетел инвестицияларын пайдалану және тартудағы маңызды звеносы. Себебі ол, біріншіден шет ел инвесторына әсер ететін факторлардың жүйелік көрінісін береді, екіншіден, елдегі жағдайды терең бағалауға, үшіншіден, шет ел іс-әрекет ынтасын сезінуге мүмкіндік береді. Елдегі жағымды инвестициялық климатты қалыптастыру – бұл көрсеткіштердің толық жүйесін құратын, сол кезеңдегі Қазақстандағы инвестициялық климаттың салыстырмалы анализді бағалау негізі болып табылатын әртүрлі шаралар кешені:
1. елдегі нарық потенциалының сипаттамасы; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизнгтік операцияларды талдау

Кіріспе
Қазіргі Қазақстан жағдайында кәсіпкерлік қызметтің өркендеп дамуында шешілмей жатқан мәселередің бірі қаржы ресурстар жеткіліксіздігі. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруде қаржы институттары негізгі құралдарды уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен ұсынуда – лизинг.
Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі – лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-дағы еңбек биржасы және халықтың жұмыспен қамтылуы

Кіріспе
Осы уақытқа дейін біздің елімізде жетілген еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйенің болуы тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді.
Жұмыссыздық - соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары «екі қолға – бір жұмыс» деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі – экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс орны болады.
Экономикалық әдебиеттерден адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы , яғни, талаптануы тек нарық, соның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығымыз жақсы білеміз. ....
Курстық жұмыстар
Толық