Өндіріс | Бидай дәні биологиялық жүйе

Кіріспе
Бидай дәні биологиялық жүйе болып табылады. Ол анатомиялық бөлшектерінің күрделі құрылысымен және микроқұрылымымен, ал сыртқы түрі бойынша – дақылдардың әрбір тобы үшін ерекше болып келетін пішінімен ерекшеленеді. Химиялық заттар дәннің анатомиялық бөліктері мен қимасы бойынша өте-мөте бірқалыпсыз бөлінген. Биологиялық маңызды қосылыстар (витаминдер, ақуыздар, ферменттер) ең алдымен ұрықта және қалыпты дәнде клеткалары өмірге қабілеттілігін сақтап қалатын алейрон қабатында шоғырланған; эндоспермнің түпкіріне тереңдеген сайын осы қосылыстардың үлесі біртіндеп төмендей береді.
Тотықтары дәнді жаққан кезде күл түзетін органикалық емес заттардың, сонымен бірге жоғары нәрлілікке ие, әрі сондықтан дәннің өсіп-өнуінің ерте кезеңдерінде-ақ ұрықтың қалыпты дамуы үшін өте-мөте қажет липидтердің бөлінуі де осындай заңдылыққа бағынған.
Тірі организмдер үшін олардың жағдайының, күйінің факторлардың көптеген санына және көптеген ішкі өзара байланыстарға тәуелділігі тән болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | БӘСЕКЕ – РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГIЗГI ЭЛЕМЕНТI РЕТIНДЕ

КIРIСПЕ
Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Бәсеке және монополия

Кіріспе
Бүгінгі экономика өзінің негізгі үш субъектісінің өндірушінің , тұтұнушының және өкіметтің өзара іс-қимылымен сипатталады . Қандай да болсын кәіпорын өзінің серіктестерімен нарықтық қарым – қатынаста іс-әрекет етеді . Ал бұл жағдайда тек заманға сай , бәсекелестік қабілеті жоғары өнім шығаратын кәсіпорын ғана жетістікке жете алады .
Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен практиканың әдіс-амалдарын қолдана білудің маңызы зор,сондықтан нарықтық экономиканың ішінде маркетинг елеулі орын алады .
Маркетинг ( ағылшынша - market + нарық , өткіз ) капиталистік кәсіпорындардың өндірістік өткізу және сауда істерін басқаруды ұйымдастыру әдісі ретінде қолданылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бернияз Күлеевтің ақындық әлемі

Кіріспе
"Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі" [1] делінген Елбасының 2006 жылғы 1 наурыздағы жолдауында. Бұл жолдау Қазақстанды келешекте биік белестерден көрінуіне себепші болады деген сенімдемін. Соған орай мен диплом жұмысын осы жолдауды басшылыққа ала отырып жаздым.
Қазақ өлеңі туралы байсалды әңгіме қозғайтын уақыт әлдеқашан жетті. Қазақ поэзиясы, қазақтың қара өлеңі Абай мен Ыбырайдан бастау алып, оның жалғасы әсіресе, XX ғасыр басындағы поэзия әлемінде ерекше көзге түсе бастаған еді. Себебі, осы тұста асқақ жырларымен, жалынды үніменен халыққа танымал бола бастаған ақындар қатары көбейе түсті.
«... XX ғасырдың басында қазақ поэзиясында... Сұлтанмахмұт пен Сәкеннің, Мағжан мен Бернияздың кейіпкердің ішкі жан сырына үңіліп, оның қалың қатпарын аздап болса да, ашуға тырысатын өлеңдерімен бірге қазақ өлеңіне лиризм келе бастағанды» [2. 146 бет] деп өз мақаласында Бекділдә Алдамжаров 20 ғасырдың басындағы ақындар жайлы, олардың қозғаған тақырыптары мен өлеңге әкелген жаңалықтарын ауызға алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Химия | БЕЛОКТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ, ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

КІРІСПЕ
1. Белоктардың жалпы сыпаттамасы және физикалық
- химиялық қасиеттері
Академик В.И. Вериадскийдің есебі бойынша жер жүзіндегі тірі организмдердің салмағы 10 т. тең екен. Ал осы барлық тірі организмдердің негізгі құрамда бөлігі белок. Тіршілік ету процестерін зерттеу жұмыстары олардың өмірінде нуклеин қышқылдарының белоктардың жаңаруы, күрделілігі, шексіз әр-түрлілігі, маңыздылығының ерекше кеңдігін көрсетті. Ф.Энгельс өзінің "Табиғат диалектикасы" еңбегінде өмір дегеніміз – белокты денелердің өмір суру тәсілі, яғни организмдегі зат алмасудың қоршаған ортамен тығыз байланысы деп жазды. Басқаша айтқанда белок - барлық тірінің материалдық негізі болса, ал олардың тіршілік ету тәсілі - өмір болып табылады.
Белоктардың "белок" деп аталуы олардың тауық жұмыртқасы белогының қайнап денатурацияланған кезде - ақ тығыз массаға айналуынан шыққан. Оның басқаша аты протеин - бірінші; маңызды
Белоктардың тірі организмдер үшін алатын орны:
1. Белок – генетикалық ақпаратты жеткізуге қолданылатын молекулалық құрал. Белоктардың маңызды қызметтерінің бірі олар түзу сызықтық РНҚ-дағы генетикалық хабарды үш өлшемдік яғни кеңістіктік хабарға айналдыратын химиялық материал болып табылады, Ал бұл үш өлшемдік, яғни кеңістіктік хабар тірі организмдердің макромолекулалық, субклеткалық компоненттеріне тән. Міне, белоктардың бір осы қасиетті ғана, олардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Химия | Белоктар химиясына сипаттама

1.1 Белоктар химиясына сипаттама.
Тірі организм өзіне тәнқұрылымдық ұйымы мен биологиялық қызметтері арқылы сипатталады. Организмнің осы құрылымдық ұйымының қызметінде белоктар өте маңызды роль атқарады, яғни белоктар басқа органикалық заттардың алмасуына келмейді, өйткені олардың өзінше ерекше құрылымдық ұйымы бар.
Белоктар дегеніміз-аминқышқылы қалдықтарынан тұратын, құрамында азоты бар жоғары молекулярлы органикалық заттар.
Әлбетте белоктардың және белокты заттардың аталуы жануарлар мен өсімдік ткандерінің, тауық жұмыртқасының белогына ұқсас заттардың табылуымен байланысты қойылған. Ғалымдар өз заманындағы жаратылыстану ғылымының аздаған жетістіктеріне сүйене отырып, көпке белгілі-«Өмір –бұл белокты денелердің өмір сүру тәсілі» деген болатын. Белоктар генетикалық хабардың малекулалық құрамы; яғни белок арқылы генетикалық хабар жүзеге асып тұқым қуалай беріледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Беларусияның географиялық орналасуына табиғи ресурсы, халқына сипаттама

Кіріспе.
Беларусия республикасы ТМД – ның батысында орналасқан мемлекет. Оның жалпы ауданы 207,6 км 2. Беларусия ТМД елдері ішінен экономикасы жағынан алдағы мемлекет болып көзге түседі. Республика отын есебінде жергілікті жердің салмақ үлесі аз. Басқа жақтан көмір, мұнай, гзды пайдаланады. Электроэнергетиканың негізінен жылу станциялары ( Лукомль, Березовск ) атқарады. Ірі мұнай өңдеу зауыты Новополцк, Мозырьда орналасқан.
Ал өнеркәсібінің негізгі саласы машина жасау және химия өнеркәсібі. Бұл өнеркәсіптер мұнай, металл, газ, көмір т. б . шикізатқа тәуелді. Мұнайды Ресейден Украинадан алады. Жеңіл өнеркәсібі бойынша тоқыма ( зығыр, мақта – мата, жібек, жүн ), тері, былғары өндіреді. Жергілікті жердің ( зығыр талшығы, тері химиялық талшық ) және шеттен келктін ( мақта – мата, жүн, жібек ) шикізаттары қолданады. Елде транспорт жолыда жақсы дамыған, әсіресе теміржол торабы. Елдің территориясының көп бөлігін батпақты жерлер алаып жатыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Бейсик тілінде берілген есепке программа құру

КІРІСПЕ
Программалаудың тілі БЕЙСИК 1964 жылы мамыр айының күндерінде пайда болды. Ол 70 – інші жылдың соңында ең жақсы алгоритм тілдерінің қатарына қосылды.
БЕЙСИК ( BASIC ) атауы ағылшынның Beginners All – purpose Symbolic Instruction Code деген сөздерінің алғашқы әріптерінен қысқартылып алынған, қазақшаға аударғанда - «универсалдық белгілеуіш кодын бастайын дегендерге». Әуел баста БЕЙСИК тілін жоғарғы оқу орындарының гуманитарлық факультеттерінің студенттеріне арналып жазылған еді. Алайда бұл тілдің грамматикасы мен синтаксисінің қарапайымдылығы, фортран алгоритмдік тіліне ұқсастығы оның математикалық және ғылыми – техникалық есептеулерге пайдалануға кең тарауына мүмкіндік берді. Негізінен БЕЙСИК жоғары дамытылған және дерек алмасу тілі болып есептелінеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Бейсик және Паскаль тiлдерiнде программа құру ерекшелiктерi

Кіріспе
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің ішінде дүние жүзіне кең тараған тілдердің бірі – Бейсик. BASIC (Beginner's All purpose Symbolic Instuctions Code ) – “Жаңадан үйренушілер үшін символдық нұсқаулар түріндегі көп мақсатты тіл ”сөйлемінің қысқарған сөз ретінде алынған түрі. Бейсиктің алғашқы жеңіл варианты 60 – жылдардың ортасында Америкада жарыққа шыққан болатын.Кейіннен әр елдің ғалымдары түрлі салалық информацияны өңдеуге мүмкіндік туғызатын тілдің 30 –дан аса дамытылған вариантарын жасап шықты.
Паскаль бағдарламалау тілі, XVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы – философы Блез Паскальдың құрметіне аталып отыр.Осы тілді құрастырушы Швейцариядағы жоғары политехникалық мектептің информатикалық институтының профессоры Никлаус Вирт болып табылады.Паскаль тілі жжөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болып, содан бері тілдің дүниеге келген жылы болып табылады.
Qbasic және Pascal программалау тілінде тілдердің алфавитінен бастап,алгоритмдердің түрлері (сызықтық,тармақталу,қайталану), көмекші алгоритмдер, массивтер,жолдық шамалар,берілгендер файлы мен жазу,графикалық режим тақырыптары бойынша іріктелген.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Бейнені компьютерлік анализдеу.

КІРІСПЕ
Бейне, көру образдары – онымен адам туған күнінен бастап соңғы күніне дейін кездеседі. Сәби өз өмірінің бірінші аптасының өзінде-ақ анасының түрін басқа адамдардан ажырата бастайды. Сатып алушы өзіне керекті затты магазин полкасынан оған таныс суреті бойынша қателеспей таңдап алады, немесе, егерде ол өзінің түрімен адамды қызықтырар бір жаңа зат көрсе тоқтайды да, оны қолына алып, оны дұрыстап қарайды. Біз үйге немесе офисқа қажетті жиһазды жиі таңдаймыз, оны біз рекламалық буклеттерді және каталогтарды қарау арқылы таңдаймыз. Осы тұрмыстық мысалдар бізге өміріміздегі визуалды ақпараттың ролін айқындап береді. Және де мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бұл айтылған жағдайлардың барлығында біз сапалы түрде анализденген бейнелер, суреттермен жұмыс жасаймыз. Мұндай сапалы түрдегі анализ сонымен қатар бұлардан да «салмақты» мақсаттарда қолданылады, мысалы, қылмыс орын алған жерден алынған саусақ іздерін зерттеуде және оларды базадағы бар саусақ іздерімен салыстыру арқылы идентификациялау үшін, немесе детальдың сыну характерін зерттеп, себебін анықтау үшін және тағы басқа мақсаттарда. Бұл жағдайларда визуалдық ақпарат белгілі бір қорытындыға келуге мүмкіндік береді.....
Курстық жұмыстар
Толық