Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Шейіттерді қастерле! Нанға сатпа арыңды!
Қасиетті құрбандар жанын қиды ар үшін,
Қойсам деймін ескерткіш, бұл солдаттық парызым!
Александр Бек
Соғыс... Қазақ жеріне түрлі қасіретімен келген апат Кеңестер Одағының құрамында болған 1941 – 1945 жылдары өз ізін, қасіретін ойсыратып салып кеткен еді. Бұл жолғы соғыс тек қазақ жұртын емес, бейбітшілікті, тыныштықты жақтаған КСРО-ның құрамында болған 15 республиканың орны толмас қайғысы еді. 1939 жылы 23 тамызда Шабуыл жасаспау туралы Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Бұл соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Елдің жауынгерлік сапын кеміткен, әр шаңырақтың бас иесін мерзімінен бұрын ажал құштырған соғыс аталған жылдың 22 маусымы - барлық кеңес елдерінің тарихындағы ең қайғылы датаның бірі. «Барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер!» деген кеңестік идеялогиямен тәрбиеленіп келе жатқан Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Мәншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», — деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді.......
Шығармалар
Толық