Пән: Қазақ тілі Бөлім тақырыбы: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас Сабақтың тақырыбы: Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж1 Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру. ӘТН4.1 Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар • Жоспарға қажетті сөйлемдерді орналастырады; • Туынды және күрделі сөздерді біледі; Көптеген оқушылар • Жоспарға қажетті сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша орналастырады; • Туынды және күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратады; Кейбір оқушылар • Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрайды; • Кіріккен сөздің жасалу жолын дәлелдейді......
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006 – 2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бұдан әрi - Жоспар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес әзiрлендi. Жоспарда сыртқы және iшкi факторларға қарай 2006 – 2008 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындары негiзделедi және орталық және жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау саласындағы iс-қимылы айқындалады. Стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу және басымдықтарды iске асыру үшiн экономика салаларын дамыту саласындағы 2006 – 2008 жылдарға арналған мiндеттер және оларды шешу жолдары Жоспарда айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2005 жылға арналған дамуын бағалау
2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) 9,4 %-ға өсті және 5542 млрд. теңгені құрады. Экономиканың өсуіне өнеркәсіп елеулі үлес қосты, мұндағы жоғары даму қарқынын оның құрамдас секторларының тұрақты дамуы қамтамасыз етті. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің өсуі 10,1 %-ды құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі – 12,7 %-ға, өңдеуші өнеркәсіп – 8,9 %-ға, өндіріс және электр энергиясын, газ және су тарату – 3,5 %-ға өсті. 2003 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 0,1 %-ға өсті және 694,7 млрд. теңгені құрады. Қызметтер секторындағы неғұрлым ауқымды өсу байланыста қамтамасыз етілді, мұнда кәсіпорындар мен ұйымдар көрсететін қызметтер көлемі 2003 жылғы деңгейден 32 %-ға асып түсті және 150,8 млрд. теңгені құрады. 2003 жылмен салыстырғанда көліктің барлық түрлерімен тасымалдау 9 %-ға өсті және 1840 млн. тонна жүкті құрады. 2004 жылы инфляция деңгейі орта есеппен 6,9 %-ды құрады. Қаржы рыногының барлық сегменттерінің тұрақты дамуы елдің ішкі кредит рыногын едәуір жандандыруға және өндірістік сектор мен қызметтер секторын дамытуға бағытталатын ақша қаражатының мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына кредиттік салымдары 2005 жылғы желтоқсанның аяғында 1484,3 млрд. теңгені құрады және 2003 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 51,8 %-ға өсті. 2004 жылы қазақстандық өнім экспорты барлық тауарлар номенклатурасы бойынша 2003 жылмен салыстырғанда 55,5 %-ға ұлғайды. Нақты көлем құны мен индексі бойынша шикі мұнайдың және мұнай өнімдерінің (газ конденсатын қоса алғанда) экспорты 2003 жылдың деңгейінен тиісінше 61 %-ға және 19 %-ға жоғары болды. Темірден жасалған жалпақ илек экспорты 7 %-ға ұлғайды, бұл ретте сатудан түсетін түсім 15 %-ға, тазартылған мыс – 4 %-ға және 64 %-ға, өңделмеген мырыш – 14 %-ға және 42 %-ға, өңделмеген қорғасын – 21 %-ға және 86 %-ға ұлғайды. 2004 жылы Қазақстанға тікелей шетелдiк инвестициялардың нетто-ағымы 5,5 млрд. АҚШ долл. асты, бұл 2003 жылғы осыған ұқсас көрсеткіштен 2,5 есеге көп. Шетелдік қарыз капиталының мол ағылуымен қатар экспорттан түсетін валюталық пайда түсімдері ішкі валюта рыногында шетелдік валютаның шамадан тыс ұсынылуына себеп болды. Ішкі валюта рыногына көрсетілген қысым салдарынан АҚШ долларына қатысты теңгенің айырбас бағамы номиналды қымбаттады. 2004 жылғы қаңтар-желтоқсанда теңгенің орташа өлшенген айырбас бағамы бір доллар үшін 136,04 теңгені құрады, жыл басынан бері АҚШ долларына қатысты номиналды мәндегі теңге 9,30 %-ға нығайды.....
Қаржы секторының өзі нарықтың әлемдік экономикалық өзгерістеріне барынша сезімталдықпен қарайтын сегменттерінің бірі. Соның ішінде Қазақстанның қаржы секторы халқаралық қаржы жүйесімен көбірек интеграциялаанған себепті ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда әлемдік экономиканың құбылыстарына көбірек байланған. Сондықтан осы қаржылық дағдарыстардың алдын алып, үйлестірілген саясат жүргізу үшін 2007 жылдың аяғында Үкімет, Ұлттық банк және Қаржылық бақылау агенттігі қаржы тұрақтылығы мәселелері бойынша мемарандумға қол қойған болатын. Желтоқсан айында Ұлттық банк ақша-несие саясаттының 2008-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарын мақұлдады. Бұл саясаттың негізгі мақсаты жылдық инфляцияны 7,9-9,9% және 2009 жылы 7,5-9,5%көлемінде ұстап тұру болып табылады. Әлемдік экономиканың келеңсіз үрдістерінің мемлекеттің макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсіміне қысым дәрежесін азайту үшін Үкімет елдің әлеумменттік- экономикалық дамын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар енгізіп жатыр. Бұл қатарда елбасының қатысуымен былтырғы қазан айында болған кеңесте «Қазына» қоры мен Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы 2007 және 2008 жылдардағы республикалық бюджеттен елдің ипотекалық рыногын қолдау үшін 4 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінгенін айта кетуге болады. Басқаша айтқанда, ол тұрғын үй құрлысын қаржыландырады. Сонымен қатар, ол үлесшілердің құқын қорғауды қамтамасыз етеді. «Салықтар және басқада міндетті төлемдер туралы» кодекс 2002 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Оның тұжырымдамасы халықты салық жүйесімен әділ қамтамасыз етуге бағытталды және оның тұрақтыллығы мен ықтималдылығы анықталған, салық салмағының барлық категориядағы салық төлеушілерге теңгерімдігі қарастырылады. Бірақ кейінгі жылдары кодекске енгізілген толып жатқан өзгерістермен толықтырулардың кесірінен ол көптеген жеңілдіктер мен преференцияларға толып кетті. Мәселен, қандай да бір мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы оған қатысушыларға салықтың преференциялар берумен қосарланып отырды. Ерінбегендердің бәрі де Салық кодексіне сілтеме жасай отырып, өзгеруіне әйтеуір бір жеңілдіктер мен преференциялар талап етті. Соның салдарынан 170-тен артық преференциялар мен жеңілдіктер пайда болды.ал экономиканың нақты секторындағы салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен мүлдем шаршады. Шынында да, Кодексенгізілген кезден бері оған 60-тан арттық өзгерістермен толықтырулар енгізілген екен. Сондықтан Қазақстан дамуының жаңа кезеңі жаңа Салық кодексін әзірлеуді талап етті. Мен оған өзгерістермен толықтырулар жылына бір-ақ рет енгізілгені дұрыс дер едім. Жыл бойына түскен ұсыныстарды жинап және жүйелеп негіздегеннің нәтижесінде Парламентке енгізілетін жаңа заң жобасын әркім емес, депуттатардың бастамаларынан басқа экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі ғана дайындауы керек....
Ақпараттық жүйенің теориясы деп ақпаратты алуға, өткізуге, өңдеуге және сақтауға байланысты сандық заңдылықтарды меңгеретін ғылымды айтуға болады. Ақпарат - латынның деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімеде немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды. Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайдалы болатын, қабылданып алынған , түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз оны алушы кісіге дейін қабылдау механизімінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе. Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарастыруға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық және пргматикалық. Синтаксистік деңгейде, ақпараттың бағалылыға, болашақ жүйені зерттеудегі әсері, ЭЕМ-да кодталу форматы, сандық бейнеленуі және мөлшері қарастырылады. Синтаксистік деңгейде мыналар есепке алынады: - тасушы типі; - ақпаратты еөрсеті тәсілі; - ақпаратты беру және өңдеу жылдамдығы; - ақпаратты көрсетудің кодтар форматы; - ақпаратты түрлендірудегі қауіпсіздік және нақтылық және т.б. Синтаксистік деңгейде қарастыратын ақпаратты әдетте мәліметтер деп атайды. Семантикалық деңгейде бейне, таңба, объект сәйкестілік аспектісін білдіреді. Яғни ақпараттың оның сол ақпарат көзіне қатысын анықтайды. Семантикалық ақпарат тек ақпарат және пайдаланушы тұтас болғанда ғана көрінеді.Семантикалық аспект ақпарат мазмұнының мағынасын қарастырады. Негізгі 2 зерттеу әдістері бар: 1. Берілген ақпараттың қабылдаушымен қабылдау мүмкіндігін болмауында. 2. Ақпаратты қабылдаушыға бұрынна белгілі болуы. Прогматикалық деңгей ақпарат пен оны пайдаланушы арасындағы байланысты көрсетеді, ақпарат пен басқару мақсатының сәйкестілігін тексереді. Ақпараттың прогматикалық қасиеттері ақпарат пайдаланушы және басқару мақсаты тұтас болған кезде көрінеді. Прогматикалық аспект ақпараттың бағалылығын, тиімділігін, басқару шешімін жасауды қолдануды қарастырады. Ақпарат жүйесінде элементтер арасындағы байланыс ақапарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысты бар мәліметтер мен қандай да бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады. Ақпарат жүйесі - қандай да бір объектіні басқаруға қажетте ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.....
Швейцарияның құрамында конфедерация (орталық штат), 26 кантон, 3000-нан астам муниципалитет бар. Кантондар дербес әкімшілік – аумақтық бірлік болып саналса, муниципалды автономияның дәрежесі кантон заңнамасымен анықталады. Швейцариясының салық жүйесі біртіндеп қалыптасты. 1848 жылға дейін кантондар өз табыстарын кеден баждары есебінен құрады, жекелеген кантондарда мүлік салығы енгізілді. 1848 жылдан бастап кеден баждарын алу өкілеттігі Конфедерацияға берілді. Осы жылы Швейцария мемлекеті құрылып, кантондарда табысқа және мүлікке салынатын салықтарды алу құқығы берілді. Швейцария Үкіметі салық жүйесін жетілдіріп, дамыту барысында жалпыға ыңғайлы және нарықтық жағдайларға бейім өзгерістерді енгізуге, әлемдік бәсекелестік барысында отандық кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді қолдауға ұмтылыс жасайды. Швейцарияның салық жүйесі мынадай қағидаларға негізделген: • теңдік; • сауданың еркіндігі; • меншіктің кепілденген құқығы; • діни нанымның еркіндігі; • кантонаралық екі жақты салық салуға тыйым; • расталмаған салықтық түсімдерге тыйым. Бұл елде салық жүйесінің жетілдіруі мен оңайлатылуына баса көңіл бөлінген және ел Конституциясында кәрініс тапқан. Конституцияда салық салудың үйлесімділігінің екі типі қарастырылған: а) вертикалды, яғни конфедерация, кантон, муниципалиттер үшін; ә) горизанталды, яғни кантондар, муниципалиттер арасында.
Осы мақсатқа жету барысында 1990 жылы 14 желтоқсанда Конфедерация «Кантондар мен муниципалитеттердің тура салықтарын үйлестіру туралы» және 1995 жылы 1 қаңтарда «Федералдық тура салықтар туралы» заңдар шығарады. Осы Заңдарға сәйкес төмендегідей қағидалар іске қосылады: • отбасына салық салудың схемасын сақтау; • әріптестік рентаға шекті салық салу; • қайта құрылған компанияларға артықшылық пен салық жеңілдіктер; • ұйымдық нысаны өзгерген заңды тұлғаларға салық жеңілдіктері; т.б. ....
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді. Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.....
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Банктердегі валюталық операцияларды ұйымдастыру принциптері». Бұл тақырыпқа жазу мақсатым: дүниежүзілік валюта қатынастарының даму тарихын ҚР- да валюта жүйесі және оның қазіргі жағдайы, банктерде жүргізілетін валюталық операциялар туралы мағлұмат алу. Менің кеурстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. I бөлім. Халықаралық валюта қатынастарының қалыптасуы және дамуы деп аталады. Бұл тарауда мен мынадай мәселерді талдадым. Валюта дегеніміз – 1- ден сол елдің ақша бірлігін, 2-ден шетелдік мемлекеттің ақша белгілерін, 3-ден халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралын айтамыз. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымын қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтың нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде ( ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болды. Валюта қатынастарының туындауына ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше әсер етеді. Валюта қатынастары құқықытық нормалармен және ережелермен реттеледі. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі дегеніміз ұлттық заңдылықтармен н/е мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы. Тарихи үштүрлі: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюта жүйесі қалыптасты. Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып, оның орнына тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйенің ауысуына әкелді.Сөйтіп валюта жүйесі бірнеше кезендерден өтті. Яғни, әр елдің өзінің валюта жүйесінің қалыптасуына жағдай жасады. Валюта бағамы – басқа валюталық ақша бірлігімен көрсетілетін ұлттық валюта бірлігі құны. Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын анықтауды валюталық котировка деп атайды. Валюта нарығында валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей және жанама. Валюта жүйесінің үш негізгі жүйесі бар: бекітілген бағам, еркін құбылмалы бағам, басқарылатын құбылмалы бағам. IIбөлім.Валюта-қаржы механизмі туралы тарау. Бұл тарауды валюта қатынастарының реттеу, саясат , нарық түсінігінің мәнін аштым. Нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады. - нарықтық реттеу - мемлекет тарапынан реттеу Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс пен ұсыныс, сондай – ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады. Бірақ та, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқыда ол жанама түрде араласып келген, кейіннен тікелей араласа бастады. Нарықтық және мемлекеттік реттеу бірін – бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеке негізделсе, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады. ....
Нарықтық экономикада несие – банк жүйесі маңызды рөлін атқарады. Ол арқылы кәсіпопындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдер жүгізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтарымен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай – ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық инвистициялық, сенім кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатан несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігін өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардық бір саладан екіншісіне қайта құйылуан қамтамасыз етеді. Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б. ....
Өзінің даму процесінде ХВЖ төрт кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Бірінші, алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе ХІХ ғасырда стихиялы түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы конференцияның шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып есептеледі. Алтын стандарт жүйесі төменгі принциптерге сүйенеді: 1. Бұл жүйенің негізі-алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері белгіленеді. 2. Әрбір валютаның алтынға айырбасталуы. Алтын танымал әлемдік ақша ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекарасынан тыс жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады. 3. Алтын құймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен бірге, алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын халықаралық нарықта сатылады. 4. Алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында қатаң арақатынас орнатылады. Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін салыстырмалы түрде болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт ескіре бастады, яғни ол өсіп бара жатқан шаруашылық байланыстардың масштабына сәйкес болмай қалды. Соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық банктері банкноталарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын жабу үшін олардың эмиссиясын ұлғайтты. Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленді. Ол алтынға еркін айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді. ....
Тыныс алу мүшелері организімді оттегімен қамтамасызетуге және одан көмір қышқыл газды шығару қызметін атқарады. Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16-дан 40-қа дейін өзгеріп отырады, бұл адамның жасына, жынысына, дене құрлысына байланысты. Дене қызуы көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс алу жилігін артырады. Тыныс алу жилігін сырқатқа байқатпай санау керек. Осындай мақсатпен сырқат білегін алып, тамыр соғуын анықтағандай (санағандай) болады, ал екінші қолын сырқат көкірек клеткасына қойып оның бір минуттағы қимылын санайды. Тыныс алу қалыпты, белгілі бір тереңдікте болуы тиіс. Тыныс алу орталығының функциясы зардап шеккен кезде тыныс алу сирейді. Ауыр жағдайларда Чайн –Стокс, Биота және Куссмауль типтес патологиялық тыныс пайда болады. Чайн –Стокс тынысы-дем алу қимылдарының оқтын –оқтындылығымен сипатталады, дем алу қимылдарының арасында біртіндеп өсетін және тыныс толық тоқтап қалғанша азаятын үзілістер болады. Биота тынысы қалыпты, ырғақты тыныс алумен сипатталады, ол арасында 1 минутке дейін созылатын ұзақ үзілістермен сипатталып отырады. Куссмауль тынысы қалыпты сирек тыныс алу Тыныс алу органдары ауруларының жалпы сипаттамасы Ентікпе дегеніміз тыныс алудың қиындауы, ал дем алу қимылдарының ырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталады.Бұл жағдайда сырқат дем жетпегендей ауыр сезініп, осыған байланысты терең де жиі дем алады. Ентікпе - қорғаныш- физиологиялық икемделу,оның көмегімен организм жетіспейтін оттегінің орнын толтырып, жиналған көмір қышқылының артығын шығарады.Ентікпе кезінде тыныс реттілігі бұзылады, ал тыныс алу жилігімен және тереңдігімен білінеді. Жиі және сирек, сондай –ақ үстірт және терең дем алулар түрін ажыратуға болады Ентікпенің екі түрі бар – инспираторлық және экспираторлық. Инспираторлық ентікпе узақ дем алумен сипатталады және ол дауыс саңылауының рефлекторлық қысылуы кезінде пайда болады. Бұл кезде сырылдап дем алады. Экспираторлық ентікпе (қиналып дем алу) ұсақ бронхтардың және бронх бұлшық еттерінің жиырылуы салдарынан майда бронхтардың саңлауы тарылған кезде, әдетте бронх демікпесі кезінде пайда болады. Сырқат ентігі бастаған кезде мейіркеш ол жөнінде дереу дәрігерге хабарлауы және оның тыныс алуын жеңілдету үшін шұғыл шаралар қолдануы қажет: оның басын көтеріпнемесе жауырынынабірнеше жастық қойып, әйтпесе арнайы кереуеттің жоғарғы жағын көтеріп тастап қысып тұрған киімдерін ағытып шешуі, терезені немесе әйнекті ашыпкөбірек таза ауа келуінқамтамасыз етіп, сондай –ақ сырқаттқа оттегі жастығын жіберу тиіс. ....