Қолданбалы информатика | Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін бюджеттік жабдықтарды таратудағы экономикалық жүйесі

Қазіргі кезде АЖ-сіз көптеген қаржы, өндірістік, сауда ұйымдарында жұмыс істеу мүмкін емес. АЖ-сіз біз ақпараттық тасқыннан тұншығып қалуымыз мүмкін еді. АЖ-ы ақпараттарды құруға, сақтауға, қолданушы үшін оптимальді образ болып қалады. Көптеген әр түрлі өнімдердің ішінен, соның ішінде Delphi негізгі орын алады. Delphi-ге әр түрлі профессионалды ынталары бар, әдеттері, әр түрлі стажы бар өңдеушілер өздерінің көңілдерін аударады.
Delphi ортасын дайын жобаның әр түрлі бөлімінің құрастыруға жауап беретін арнайы программалар жиынтығы кіретін интегралданған жобалау қабықшасы ретінде қарастыруға болады.
Delphi тіліндегі ішкі программалар екі топтан тұрады:процедура, функция. Ішкі программа – арнайы түрде құрастырылған тілдік командалардан және операторлардан тұратын арнайы кішігірім программа. Ішкі программа шақырған кезде, оның аты, параметрлері, мәні көрсетіледі.
Менің жұмысымның мақсаты білімге бөлінетін қаржы жұмысын автоматтандыру. Автоматтандыру әр түрлі ұйымдарда жұмыстарды оңтайландыру үшін Delphi программалар тілін қолданамыз.....
Курстық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның дамуы

Зертеудің өзектілігі. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты анықтайды. Сонымен бірге осы саладағы білім негізінің жүйесін құрайды. Мұғалімнің дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесін жете білуі, оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты. әртүрлі деңгей мен түрлерінде, дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, кейбір ілімдік және іс-тәжірибелік жаңалыққа сын көзбен қарап қабылдауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешуде қосымша өтетін ғылыми пәндердің атқара рөлін дұрыс бағалауға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін жасауда атылып отырған пәннің маңызы зор.
Нақты ғылыми және оқу пәні ретінде бөлімнің қайбір саласы болмасын, егер жеке, өзіне ғана тән пән мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқығы бар. Зерттеу пәні мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқы бар. Зерттеу пәні бір немесе басқа да ғылыми пәндерге тән ізденістің объектісін немесе субъектісін атайды. Зерттеу нәтижесінде жинақталғаг мәліметтер белгілі бір жүйеге қалыптасып арнайы оқу пәнін құрайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасы жүйесінде ұлттық ойындардың атқаратын орны мен мәні

Қазақтардың ойындарында ежелгі заманнан келе жатқан тастан, ағаштан, аң сүйектерінен, кейін металлдан жасалынған құралдар қолданатын. Кең дамыған халықаралық қарым-қатынастар ойын-сауықтың жаңа түрлерін тудырып, жалпы мәдени бойын көтереді.
Ғасырлар бойы балалар мен жастарды ерте жасынан ұлттық ойындарымен тәрбиелеу, қоғамдағы қарым-қатынасқа, қоршаған айналаға дұрыс қатынасу қалыптасуына әсер етті. Қазақтардың өңегелік-этникалық сұраныстарына сәйкес бозбала жасында күнделікті қоғам өмірінде қарқынды қатынасу тәрбиеленетін.
Қазақтардың салт-дәстүрі бойынша, бозбала тәрбиесімен ерлер айналысатын. Ұлдар ойындарында үлкендерге ұқсасып, олардың шаруашылық әрекеттерін жасайтын, ал қыздардын ойындарында тұрмыстық және отбасылық қатынастар көрінетін.
Көшпенді мал шаруашылығының өмірі жанжақты денелік дамуды қажет етті. Сондықтан ұлттық ойындар ереже түрінде ойнап тұрып өзінің іскерлігі мен күшің көрсетіп, өте ырықты болды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Волейболшы қыздарды жаңа тренажер қондырғылары жүйесін қолдану негізінде техникалық даярлау

Кеңес волейболының халықаралық аренадағы табыстары жалпыға мәлім. КСРО ерлер және әйелдер құрама командалары – Еуропаның, әлемнің, Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін чемпиондары, көптеген өзге де халықаралық жарыстардың жеңімпаздары.
Зерттеудің өзектілігі. Осы жетістіктеріне қарамастан, елдің құрама командаларында осы күнге дейін ойыншылардың техникалық даярлығында айтарлықтай ақаулар кездесіп отырады. Мәселен, В.А.Тюрин әр ойыншының серігіне пас беруге қабілетті бола бермейтіндігін және елдің құрама командасының өзінде де жаттықтырушыларға волейболшы қыздарды жоғарыдан доп берген кезде қолдарын қою секілді негізгі тәсілге үйретуге тура келетінін атап көрсеткен болатын.
Техникалық даярлықтағы осындай ақаулар бізде оқытудың, үйретудің бірыңғай мектебі жоқ екендігінен, ал жалпы қабылданған әдістемеде техниканың бөлшектеріне операция бойынша бақылаудың қамтамасыз етілмейтіндігінен туындайды. Сондықтан осыларды жаттықтырушылар спортшылардың дербес ерекшеліктеріне жатқызатын, эталонды техникадан үлкен ауытқулар пайда болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Университет магисттурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру

Зерттеу жұмысының тақырыбы: “Болашақ жоғарғы мектеп оқыту-шы¬лары¬ның кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистра¬-турасының білім беру жүйесінде қалыптастыру”
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы ғылым мен университеттік білімнің дамуының қарқындылық сипат алуы ХХІ ғасырдың мемлекеттік басты талаптарының бірі болып отыр. Бұл талаптар жоғарғы мектеп, әсіресе университеттегі маңызды сұрақтарды тереңірек әрі кеңінен қарастыру мүмкіншіліктерін туғызуда. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты қоғамымызда жаңа заман талабына сай білікті мамандар даярлау талабы өсіп келеді.
Бұрынғы Кеңес одағы құрамындағы мемлекеттерінің егемендік алуы, дүниежүзіндегі дамығын мемлекеттермен дипломатиялық, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту байланыстарының көбеюі, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік көзқарастағы өзгерістер, оның салауатты қоғам орнатуы әрбір азаматтың жан-жақты дамуын талап етеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Кәсіпорында еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жолдары

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік -еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.
Жоспарлы жүйе жағдайында қалыптасқан еңбек ақыны төлеу мен еңбекті ынталандыру жүйесі жұмысшы күшінің тауарлық сипатын мойындамауға негізделді, ал жұмыскер жалпы халықтық әлеуметтік меншіктің иесі деп қарастырылды. Сол себептен осы кезеңде еңбек ақы жұмыскердің жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес оған бөлінетін ұлттық табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Басқару ұғымы, қоғамдық жүйедегі басқару салалары

асқару ұғымы, қоғамдық жүйедегі басқару салалары және олардың өзара ықпалы.
Кең мағынасында алғанда, басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф.Энгельс еңбек ұралдарын басқаруға “заттарды басқару” деген анықтама берген;
- тірі организмдердегі (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;
- қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ақпараттық жүйе | БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ

КІРІСПЕ
Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы –қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды.
Адам шаруашылығының ақпараттық процесстерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуі қажет.
....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | БАНКТІҢ КЛИЕНТТЕРГЕ НЕСИЕ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖОБАЛАУ

КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктерге және банк жүйесіне сипаттама

Кіріспе
Банктерге және банк жүйесіне сипаттама.
Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіпорны, мекеме, дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны, -дейді; үшіншілері - делдалдық үйым,- дейді. Төртіншілері — несиелік кәсіпорны деп сипаттайды. Ал, күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді. Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін, оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды. Негізінде, банктің мазмүнын түсіну үшін, алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшауланушылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі, Ресей Академигі О.И. Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты: "Банк ақшалай, несиелік жоне қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашылығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар - ақша және есеп айырысудың құралдарың шығарады". ....
Курстық жұмыстар
Толық