Кіріспе Әр жыл сайын көптеген жаңа техногиялар біздің өміріміздің көптеген салаларына енгізіліп келеді жай қарапайым демалыстан бастап үй шаруаларына дейін. Бұрынғы заманнан бас адам өз өмір тіршілігін жақсартып, барын ша жеңілдетіп , аз шығынды кетіруге тырысып келеді. Бұл қазіргі заманда энергетикалық және азықтық кризис кезінде ерекше байқалып келеді. Мына қазіргі заманда техникалық даму процессі біздерге барлық қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік беріп отыр. ХХ ғысыр соңында мұндай шараларды қолдану « Ақылды үй » атауымен аталып кеткен. «Ақылды үй» бастапқы мағынада «өзгерістерге дайын үй» немесе «бейімделуші ғимарат», инженерлік жүйесі болашақ өзгерістерге дайын ғимараттық проэкт ретінде қарастырылды. Ғимаратттың барлық жүйелері бір – бірімен қарым қатынаста болып аз шығынды қамтамасыз ететін, ал оны өндеу өзгертубарынша оптимальды болатындай етіп проэктіленген болатын.....
Кіріспе Қазіргі таңда бірде бір жаңа құрылыс электр қуатынсыз жұмыс істей алмайды, оған қоса, өз пәтерлеріндегі электр есептеуіштерін жаңа есептеуіштерге ауыстырғысы келетін адамдар саны күн санап артып келеді. Электр есептеуіштері туралы алғаш болып он тоғызыншы ғасырдың соңында итальяндықтар сөз қозғады. 1885 жылы италияндық Галилео Феррарис (1847-1897) ауыспалы тоқтың фаза бойынша бір-біріне сәйкес келмейтін өрістерінің ықпалымен металл дискісі немесе цилиндр түріндегі ротордың тұтастай айналатындығын байқаған болатын. Бұл жаңалық индукциялық қозғалтқыш жасау идеясын туыдатты және сонымен бір уақытта индукциялық есептеуіш жасап шығаруға мүмкіндік берді.....
Кіріспе Информатика - жас ғылым, ол адамзат қызметінің әртүрлі өрісінде қолданылатын информацияны іздеу, жинау, өндеу және пайдалануға байланысты сұрақтарды зерттейді. Қазіргі информатика ғылымын адамзат ЭЕМ-нің көмегімен арқылы ғана қабылдайды және қолдана алады, ЭЕМ информацияны автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады. Біздің елімізде алғашқы ЭЕМ-дер ХХ-ғасырдың ортасында пайда болды. Осымен қатар адам қызметінің жаңа сапасы - программалау дами бастады. ЭЕМ-де программалау инфоматиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі заманғы есептегіш техника – оның материалдық базасы. Орта білім беру жүйесінде « Информатика » пәнінің ролі ақпараттық білімнің ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етуде және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылады. Орта мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаттарында, алдымен оқушыларға ақпаратты өңдеу, беру процестері туралы білімді меңгерту жатады. Бұған қосымша, оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік меңгеруді іске асыру құралы ретінде қолданылуы сондай-ақ, кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру мақсаты да көзделеді. Осы тұрғыдан алғанда, ақпараттық өңдеу, беру және қолдану да үлкен маңызы бар «мәліметтер қоры», «мәліметтер қорын басқару жүйелері» деп аталатын информатиканы қарастыру да қажетті болып табылады. Информатиканы оқыту әдістемелерінің толық еместігін басты назарына (яғни мәліметтер қоры, мәліметтер қорының басқару жүйелерінің информатика оқыту бағдарламасындағы сағат санының аздығы), «Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелерін» оқыту барысы әдістемесіндегі негізгі тақырыптардың бірі болып табылады. Microsoft Access - 1993 жылы ең танымал МҚБЖ-нің (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) бірі болды. Access – сөзі, ағылшын тілінен аударғанда « КІРУ » (доступ) – деген сөзді білдіреді. Талқыланған, индекатифті және интегралданған қосымшаны құру Access жүйесінің иілгіштігіне қарамастан, қосымша программалау көмегімен белгіленеді. Бұл информатикадан лобораториялық жұмыстар жүргізу мақсаты, өткен материялдарды қайталау емес, жаңа тақырыптарды ұғыну процесіне байланысты. Қазіргі заманда информацияны өңдеуде негізгі тамырының бірі Microsoft Access программасы кең түрде қолданылады. Мәліметтер қоры- бұл адам қызметіндегі әртүрлі салаға қатысты ақпараттарды сақтайтын жүйеленген орын. Компьютер пайда болғанға дейін бұл ақпараттардың барлығы папкада немесе картотекаларда сақталған. Әрбір қағаз бетінде немесе карточка, мәліметтерді толтыру үшін қалдырылған бос орындары бар форма бланкы басылған. Мысалы: студенттердің жеке карточкасында фамилиясын, атын, әкесінің атын, туған күнін т.б. мәліметтерді көрсететін графаларды толтыру керек болды. Жеке студентке қатысты ақпараттар бірнеше карточкаларда сақталды. Бұл жағдай қызметкерлер үшін қолайсыз болды. Керекті ақпаратты іздеу тіптен қиын болды. Анықтама алу үшін жүздеген жеке корточкаларды ақтаруға тура келді. Microsoft Access МҚ пайда болып көптеген проблемаларды жоюға мүмкіндік берді. Microsoft Access қазіргі заман талаптарына сай мәліметтерді өңдеу, жинақтау, тарату және сақтау жұмыстарын атқарады. Microsoft Access программасын осы дипломдық жұмыста толығымен қарастырылып, практикалық жүзінде мәліметтер қоры құрылып эксперимент түрінде мәліметтер енгізіліп өңдеу жұмыстары жүргізілді.
І ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР Мәліметтер қоры - бұл информацияны сақтау үшін арналған ұйымдасқан құрылғы. Мәліметтер қоры түсінігімен МҚБЖ түсінігі тығыз байланысты. Бұл программалау тәсілінің комплексі, ол жаңа база құрылғысын құру үшін , оның құрамындағы толықтыруларды редактірлеу және информацияларды визуализациялауға арналған. Қора информацияларын визуаализациялау – деп, мәліметтердің көрінісі берілген критерийлермен сәйкестігін түсінеміз. Олардың реттелуі, сипатталуы және келесі құрылғыларды шығару немесе байланыс арқылы жіберу. Дүние жүзінде көптеген МҚБЖ бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі обьектілермен жұмыс істеп және қолданушыларға әр түрлі функциялар мен амалдарды ұсынатындығына қарамастан, МҚБЖ көп бөлігі негізгі түсініктегі бір ғана орнату комплексіне сүйенеді. Ол бізге МҚБЖ барлық класының түсінігін, әдістері мен тәсілдерін бір системада қарауға мүмкіндік береді. Microsoft Access обьектілерімен жұмыс істеу үшін арналған, бұған мәліметтер қоры таблицасы жатады, сұраныс және мәліметтер қоры жұмысына қосымша обьектілер: форма, есеп беру, беттер, макростар мен модульдер.....
Кіріспе Қазіргі заманғы ақпараттық телеөлшеуші жүйелерде, датчиктерден алынған өлшенетін ақпараттарды қабылдаушы жақта оның қалпына келтірілуін берілген дәлдікте орындайтындай түрде, олардың тағайындалуына тәуелсіз, үлкен қашықтықтарға жібереді. Бірақ, көптеген жағдайларда ақпараттық телеөлшеу жүйелерінде күрделі комминикациялық құрылғыларды пайдалану тиімсіз. Бұл төмен құнымен, жоғары сенімділікпен, бөлшектерінің бір ретті қолданылуымен, конструкциясының қарапайымдылығымен және т.б. шартталуы мүмкін. Сондықтан, бұл дипломдық жобаның мақсаты ақпараттық телеөлшеу жүйесінің бөгеттұрақтылығын, аппаратуралық қиындылығын арттырмай-ақ жоғарылататын, ақпаратты жіберу-қабылдау тәсілдерін жасау болып табылады. Мақсатқа жету үшін бірнеше талаптар қойылды: - басқарушы құрылғыны (микроконтроллерді) таңдау; - бірінші ретті түрлендіргіштерді (датчиктерді) таңдау; - байланыс каналын таңдау; - бағдарламалық қамтамасыздандыруды және бағдарламалау тілін таңдау.....
Валюталық қатынас дегеніміз ақшаның Халықаралық айналымда жұмыс істеуі.Олар ұлттық шаруашылықтардың қызметтерінің нәтижесімен айырбастауға жәрдем етеді. Олардың объективтік негізі болып тауарлы өндіріс, Халықаралық сауда, капиталдың, әр түрлі қызметтердің қозғалысы. Валюталық қатынастың түрі, Халықаралық экономикалық қарым-қатынастан және ел арасындағы экономикалық күштің ара қатынасы мен ынтымақтастығының дәрежелеріне байланысты. Шаруашылық тұрмысты интернационалдандырудың өрісіне қарай ұлттық және Халықаралық валюта жүйелері құрылады. Алдымен тарихи үйлестірілген және ұлттық заңдармен бекітілген ұлттық валюта жүйесі пайда болды. Ұлттық валюта жүйесі пайда болды. Ұлттық валюта жүйесі тәуелсіз, ұлттық шеңберден шығатын болса да, ұлттық ақша жүйесінің негізгі құрамы. Қазіргі ұлттық валюта жүйесі мынандай элементтерді қосады: - Валютаның аты (теңге, рудль, марка т.т.) - Шетелдердің валютасына айырбастау жағдайлары. Бұл мағынада мынандай бөлектену бар: а) еркін айырбасталымды валюта. Мұндай валюталар кез келген басқа елдің ақшасына еркін айырбасталынады. Оларға Американың доллары, Немістің маркасы, Жапонның иені, Франсуздың франкасы, Англияның фунт-стерлингі кіреді; б) жартылай айырбасталымдар валюталар (ел ішінде ғана айырбасталымды валюта, рубль, теңге т.б.); в) айырбастауға жатпайтын валюталар (жабық валюталар). - Валютаның тепе-теңдігінің тәртіптемесі – екі валютаның ара қатынасы; Ақша бірлігіндегі алтынның мөлшеріне негізделген алтын тепе-теңдігі Батыс Европада 70 жылдардың (өткен ғасыр) ортасында, Ресейде – 1992 ж. жойылған. Енді, Халықаралық валюта қорының жарғысына сәйкес валютаның тепе-теңдігі, алтынмен емес, СДР – (арнаулы өзара қарыз құқықтары) мен немесе басқа Халықаралық валюта бірлігімен белгіленеді. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап, валюталық қоржын негізіндегі, тепе-теңдік пайдаланылды. Бұл, бір ақшалық бірліктің орташа бағамын, белгілі бір топ валюталардың жиынтығын өлшейтін әдіс. Мысалы, СДР валюта қоржынына жоғарыда келтірілген 5 еркін айырбасталымды ....
Халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері - вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы "вексель жәрмеңкелері" мен басқа да Орта ғасырлык Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың кұрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды. Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатынастар қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады. Валюталық қатынастар жағдайы ұлтгық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді. Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекетгік-құқыктық формасы. Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық. Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттык жүйе пайда болды. Ұйымдық-зандық тұрғысынан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің акша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады ....
Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң онды әсерiн тигiзедi. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады. Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi . Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi....
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып абылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға ай-налуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды, Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше^өмір сүретін тауар, ол ақша"'. Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне аүысаяы Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 қүмыра, 1 қой = 1 қап бидай және ъб.). Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды. Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. ....
Жалпы валюта жүйесі дегеніміз халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау. Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға эсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің эрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүние-жүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері. Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағынды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтың нормалармен және ережелермен реттеледі. ....
Бүгінгі әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықарылық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштерін қарқынды өсуімен дүниежүзілік рыноктың қалыптасуы-мен халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен шаруашылық байланыстарының интернационалдану және жанандануымен сипатталады. Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылықтың шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын туындыратын әдістер құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрі даму экономикасы халықаралық ақша кеңістігіндегі адекватты шарттарды талап ететін ұлттаралық капитал үрдісінің объективті дамуын бейнелейді. Халықаралық валюталық жүйенің негізгі құраушы элементтері ретінде әлемдік ақшалай тауар және халықаралық өтімділік, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келісім шарттарды атауға болады. Курстық жұмыстың өзектілігі еліміздің әлемдік рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсуімен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып соның ішінде өзекті саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы еліміз үшін маңызды. Өйткені біздің экономикамызда теңгеміз еркін айналысқа шыққандықтан әлемдегі валюта өзгерістері бізге де әсер етеді. Сондықтан мен экономикалық теория пәнінен курстық жұмысының тақырыбын бүгіндегі өзекті мәселелердің бірі "Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаны тұрақтандыру мен нығайту проблемалары" деп алдым.....