Жалпы «бюджет» термині (budget) деген – ағылшын сөзі. Оның аудармасы, белгілілі бір уақыт аралығындағы ақшалай кірістер мен шығыстардың есептелуін білдіретін ұғым. Ал «мемлекеттік» дегеніміз-ол, сол есептелудің белгілі бір мемлекеттіке қатысты анықталуын айтамыз. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің пайда болуымен, яғни обьективті анықталуымен тікелей байланысты. Мемлекеттік бюджет-тауарлы өндірістің әлеуметтік-экономикалық формациясына байланысты категория деп айтуымызға да болады. Оның даму мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және саяси мекемелердің белгілі көлемдегі қаржы ресурстарының байланысуымен туындайды. Бюджет экономикалық категория ретінде обьективті. Бюджет негізінен экономикалық, ғылыми және әлеуметтік басқа да сфераларды белгілі көлемде қаржыландыруға бағытталған. Қаржылық көзқарас жағынан мемлекеттік бюджеттің үш негізі түсініктемесі бар;....
Әрбір Қазақстандық үшін ең басты құндылық оның денсаулығы. Ілеспелі түрде белсенді демалыстың дамуы мен дене тәрбиесіне, жаппай спортпен шұғылдануға жағдайлар жасалынуы керек. Білім беру мекемелерінде сабақтан тыс дене шынықтыру сабақтары мен дене шынықтыру секцияларын кеңейту қажет. Н.Ә.Назарбаев Зерттеутақырыбының өзектілігі.Қазіргі таңда шаңғы түрлері өзінің танымдылығы және жалпы көпшілікке қызығушылық жағынан алдыңғы орындарда.Әрине бұл тұрғыдан алғанда дамушы спорт түрлеріне жатады. Еліміздегі шаңғы түрлерінің дамуына соның ішінде қысқы демалысты ұйымдастыруда шаңғышылардың көпшілік демалысын ұйымдастыруда көптеген жұмыстар жасалуда.Спорттың бұл түрі қысқы туризмге оң әсерін көрсетіп, көптеген дамыған елдерде және ол елдердің ұлттық экономикасын дамытуда өз үлесін қосуда. Ертеректе елімізде шаңғы тебу дәл қазіргідей көпшілікті қызықтырмайтын, себебі тау туризмі орталықтарының жабдықталуы нашар еді. Ал қазіргі кезеңде спорттық туризм, әсіресе тау шаңғысы туризміне деген қызығушылық артып келеді.....
Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді. Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан бұндай жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланыстыі. Яғни, баланың болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады. ....
Кіріспе Бидай дәні биологиялық жүйе болып табылады. Ол анатомиялық бөлшектерінің күрделі құрылысымен және микроқұрылымымен, ал сыртқы түрі бойынша – дақылдардың әрбір тобы үшін ерекше болып келетін пішінімен ерекшеленеді. Химиялық заттар дәннің анатомиялық бөліктері мен қимасы бойынша өте-мөте бірқалыпсыз бөлінген. Биологиялық маңызды қосылыстар (витаминдер, ақуыздар, ферменттер) ең алдымен ұрықта және қалыпты дәнде клеткалары өмірге қабілеттілігін сақтап қалатын алейрон қабатында шоғырланған; эндоспермнің түпкіріне тереңдеген сайын осы қосылыстардың үлесі біртіндеп төмендей береді. Тотықтары дәнді жаққан кезде күл түзетін органикалық емес заттардың, сонымен бірге жоғары нәрлілікке ие, әрі сондықтан дәннің өсіп-өнуінің ерте кезеңдерінде-ақ ұрықтың қалыпты дамуы үшін өте-мөте қажет липидтердің бөлінуі де осындай заңдылыққа бағынған. Тірі организмдер үшін олардың жағдайының, күйінің факторлардың көптеген санына және көптеген ішкі өзара байланыстарға тәуелділігі тән болып табылады.....
Кіріспе Тілді оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдарды немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихынан өн бойында үнемі жалғасып келеді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, оны сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезінен бастап мектептерде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы олқылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлінгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді. 60-жылдары бастауыш мектеп бағдарламасына, оның ішінде тіл пәнін оқытуға байланысты жүзеге асырылған өзгерістердің мәні неде еді? Бастауыш мектептерде тілді оқыту барысы мынадай мәселелерді қамтиды: а) оқуға үйрету;....
І. Кіріспе бөлім Тілді оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдарды немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихынан өн бойында үнемі жалғасып келеді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, оны сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезінен бастап мектептерде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы олқылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлінгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді. ....
Зерттеудің өзектілігі. Адамзат дамуының алғашқы белестерінде, аң аулау мен соғыстар сәттерінде кімнің күштірек, жылдамырақ екендігі кімнің алтын медаль, кімнің күміс медаль алатынын емес, кімнің өлетінін, кімнің тірі қалатынын айқындайтын. Бара-бара адамдар өз бойына табиғат-ана дарытқан қуаттың кәдулігі тіршілік етуден артылатынын, өзінен-өзі ойнап, секіріп жататын басқа да жан-жануарлар сияқты сол энергияның уақытылы сыртқа шығып тұруы қажет екенін пайымдай бастаған. Ағылшын филосфтары Г.Спенсер мен Ф. Шиллер мұны ойын теориясы деп анықтаған болатын. Сол теория бойынша спор тіршілік иелерінің зат алмасуындағы сақтыандырушы клапан міндетін атқарады. Солай десек, адам артық қуатты өзінен-өзі ойнап, секіріп жүріп-ақ неге сыртқа шығара бермейді? Адамдар неге жарыс алаңына барады, неге алысып-жұлысады? Өйткені, бәсекелестік-биологияның басты белгілерінің бірі. ....
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, мен салауаты» тармағындағы азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи таза ортада салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі айтылған. Қоғамның дамуының қазіргі заманғы жағдайында халықтың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығының күрт төмендеуі байқалады. Әр түрлі зерттеулердің деректері бойынша жастардың 10%-ға жуығының ғана дене бітімі мен денсаулығы қалыпты деңгейде, адамдардың өмір сүру ұзақтығы 7–9 жасқа қысқарып, өлім туудан асып түсуде, қоғамның өндірістік әлеуеті төмендеуде. Қазіргі уақытта адам денсаулығы білім берудің әр түрлі салалары үшін ең өзекті проблема болуда, олардың ішінде халықтың валеологиялық мәдениетін қалыптастыру жолымен адам денсаулығын дамыту және сақтау жүйесі арқылы танылған педагогика ғылымына ерекше орын берілген. «Тәні саудың – жаны сау» демекші, дені сау, денсаулығы мықты, дене күші, дене мәдениеті қалыптасқан адам ғана зерделі ойлап, өз іс-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті. Сондықтан дене тәрбиесі жастарға, жалпы ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбек нарығындағы бәсекелестікке және Отан қорғауға даярлауға қызмет етеді.....
Мемлекет туралы әрқилы түсініктер, оның пайда болуы, дамуы және болашағы, оның мән-маңызы, нысандары туралы жинақталған қорытындылар, зерттеулер болашақта Қазақстан келешегі үшін маңызды. Жұмыс мемлекет нысаны ретiндегi саяси тәртiп туралы, яғни аталған теорияның (ұғымның) мемлекеттанудағы мазмұндамалық сипатын анықтауға арналған. Саяси тәртiп ұғымын жан-жақты зерттеу мақсатында оны жеке тарауда қарауды мақсат еттім. Саяси тәртiп туралы ұғым маңызды сипаттамалардың бірінен саналады. Әдістемелік жағынан қарағанда мұның маңызды екеніне сөз жоқ. Канттың өзі де дер кезінде нысанды мемлекеттіліктің материясын тәртіпке келтіретін, оны синтездейтін түпкі бастамалық негіз ретінде қарастырған. Мемлекеттік-құқықтық жаратылыстан туындайтын мемлекет нысандарының қатаңдығы мен айқындығы саяси бағыт-бағдарларды іске асырудағы шектей алатындығы белгілі. Мемлекет нысанын зерттеу теорияның өзін әліппеден бастаудың магистралдық бағытына тең болатын және қазіргі уақытта мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымы ұсынылады. Басқару нысаны ұғымын пайымдағанда ең жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы түсініледі. Әсіресе, оның ең жоғарғы және орталық органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзыреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттіктерінің мерзімі, былайғы халықпен қатынасу түрлері, бұл халықтардың оларды қалыптастырудағы қандай дәрежеде қатысатыны түсініледі. Басқару нысаны мемлекет нысанының кең мағынада баяндалып түсіндірілуіндегі жетекші элемент болып саналады. Алғашқы рет мемлекет түрлерін жіктеуді Аристотель жасады. Ол Геродот пен Платонды үлгі ете отырып мемлекетті монархияға (бір адамның үстемдігі), аристрократияға (элитаның үстемдігі) және политеимге (тіке демократия мағынасында халықтық үстемдігі) бөлді. Ағарту (қайта өрлеу) заманынан бастап мемлекетті үш түрге бөліп алып, оны монархия және республика деп екі түрге ажырататын болды. Мемлекеттің типі оның мәніне, басқару нысанына, шешетін індеттеріне сәйкес болып отырады. Сонымен қатар мемлекеттің өтпелі типі (түрі, нысаны) де болады. Осындай жағдайды Қазақстан басынан кешіп өтті, қазіргі уақытта Конституциямыз бойынша Қазақстан - демократиялық, біртұтас, тәуелсіз, зайырлы мемлекет деп жариялап, басқарудың президенттік түрін таңдап алды. Қазақстан тәуелсіз, құқықтық, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезде ел билеудің, басқару нысанын іске асырудың баламалы мүмкіндіктерін жан-жақты ойластырып жатқан кезде жастарымыздың басқару нысаны туралы ұғым түсініктердің қыр-сырымен қаруландырудың маңызы зор деп санаймын.....