Кіріспе Экономикалық өзгерістер процесі бүкіл басқару қызметін реформалаудан басталады. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде бәсекелік басымдыққа қол жеткізу үшін ақпараттық технологияларды, соның ішінде компьютерлік ақпараттық жүйелерді пайдаланудың қажеттілігі туындап отыр. “Қоғамды ақпараттандыру ” дәуіріне қадам басқан кезде ақпараттық методологиялар мен құралдарды қолдана отырып, ақпараттарды ұйымдастыру және оларды тиімді басқару жөнінде негізгі түсініктерді қарастыру міндетін атқаратын ақпараттық менеджментті айналып өтуге болмайды. Қазіргі жетекші ұйымның бөлімдерімен (оның ішкі өзгерістері) ұйыммен және оның сыртқы ортасы ( сыртқы өзгерістері) аралығындағы өзара байланысты үнемі талдай білуі тиіс. Ол өзі қабылдаған кез келген шешімнің қандай да бір себеппен ұйымның барлық аспектілеріне әсер ететінін ұмытпауы тиіс. Сөйтіп фирманың алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін өзара байланыстары мен өзара тәуелділіктерді ескере отырып бірегей жүйе ретінде айқындауы қажет.Курстық жұмыстың мазмұны шағын және орта кәсіпорындардың дамуын ақпараттық қамтамасыз етуін қарастыру болып табылады......
Кіріспе Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. табалдырығында «адам капиталының» рөлі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16% –ы, табиғи қорларға -20% – ы, «адам капиталына» 64% -ы тигенін есептеп шығарды. Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарады. Осындай тәсілдің теориялық негізін алғаш рет Джон Роулз қалады. Оның философиясының мәні былай тұжырымдалады, әр азамат өзінің болашағын нық сеніммен болжай алмағандықтан, кедейшіліктен немесе табыс көзінен айырылудан сақтандыру әбден тиімді болуы мүмкін. Қоғам ауқамындағы мұндай сақтандыру оның ең аз қамсыздандырылған мүшелері жөнінде қамқорлық нысандарын қабылдауы ықтимал: өздерінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін осы мақсаттарға беру арқылы, әрбір азамат, болашақтағы қолайсыз жағдайлардан өзін сақтандырғандай болады. Роулз критирийіне сәйкес қоғамның жалпы әл-ауқаты оның ең кедей тұрмысты жіктерінің әл-ауқат деңгейімен анықталады. Алайда, үнемелі теңдікке бағытталған саясат, өте қымбат қоғам игілігі ретінде (немесе тиімділіктен айырылу ретінде) қаралуы мүмкін, оңай игілікті тек дәулетті қоғам ғана пайдалана алады. Бұл арада орынды жеткіліктілік қағидасын сақтау ерекше маңызды.....
КІРІСПЕ Әлеуметтік жұмысқа қойылатын талаптар әлеуметтік сферадағы терең және жан-жақтылы реформаны қайта ұйымдастыру жағдайы, жаңа экономикалық қатнастың қоғамдық жағдайға ауысуы, экономикалық білімді меңгеру болып табылады. Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік экономикалық цикл сияқты жалпы мамандандырылған тәртіп циклі бойынша да әлеуметтік жұмыс бағыты бойынша мемлекеттік деңгейде жоғары мамандандырылған білім экономикалық білімге көлемінің қажеттілігін көрсетеді. Оқу құралында курстық тақырып әлеуметтік және экономикалық негізін, мемлекеттік экономикалық саясатының әлеуметтік бағыты және әлеуметтік даму сұрақтары, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі, әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігінің түсінігі мен мәні, әлеуметтік сферада субъекттердің экономикалық қарым – қатнастардың қарастыру болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік стратификация және оның әлеуметтік – экономикалық зардаптары, нарықтық қатнасқа ауысу кезеңінде халықтың материалдық жағдайының жақсаруы мен динамикасы түсіндіріледі. Халықты әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыздандырудың ұжымдық – экономикалық негізі, әлеуметтік қызмет көрсету орындарының өкілі, салық салу, қаржы мен байланысты мәселелерді қарастырады. Экономикалық ұжым, кадырлық қамтамасыздандырылу және әлеуметтік жұмысшының еңбек ақысын төлеу тақырыптары енгізілді. І Бөлім Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері.....
Кіріспе Халықаралық несиелік қатынастардың қазіргі формалары әр алуан. Олар зайымдық қаражаттарды пайдаланудағы дүниежүзілік шаруашылық қажеттіліктің өсуін көрсетеді. Халықаралық несие олардың тағайындалуына, экономикалық мазмыны, несиені беру көздеріне қарай жіктеледі. Халықаралық несиелер көбіне сыртқы сауда ағымдарына қызмет етумен, көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ең бастысы ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, халықаралық несиелердің маңызды бөлігі, тек ғана нақты сыртқы экономикалық мәмілелерді қаржыландыру үшін емес, сол сияқты банкаралық несиені беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу мақсатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер-бір жағынан, экспорттық және қаржы несиелері мен зайымдары ретінде, екінші жағынан, жеке және мемлекетаралық несие түрінде қарастырылған. Экспорттық несиелер өнеркәсібі дамыған елдер арасында жиі қолданылады. Экспорттық несие берудің көлемі ғана емес, сондай-ақ қаржыландыру әдістері де өзгеруде. Жаңа несиелік құралдар пайда болып, несиелік операйияға қатысушылар құрамы кеңейді, қатысушылардың өзара қатынасу жүйесі жетілдірілді, кейбір қаржыландыру көздерінің ролі мен маңызы төмендеді. ....
Кіріспе Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұллттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезендері Лиондағы вексель жәрменкелері мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізіледі. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды. Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады. Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.....
Кіріспе Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұллттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезендері Лиондағы вексель жәрменкелері мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізіледі. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды. Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады. Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.....
Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы. Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады. Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.....
Кіріспе “Біздің зерттеуіміздің мақсаты мүлде автоматты түрде қатесіз жауап беретін механика құру, немесе бірсарынды операциялардың нобайын жасау емес, ол бірнеше мәселелерді жүйелі және жоспарлы зерттеу- дің әдісімен өзіңді қамтамасыз ету болып табылады.” (Дж. М. Кейнс) Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше.Бұл курстық жұмыс материалдың көлемімен және ұсынылған тақырыптардың санымен белгіленбейді. Ол зерттеудің тереңдігімен және деңгейімен, экономикалық ғылымның маңызды мәселелерін талдаудың әдістерімен белгіленеді.. Жұмыс барысында халықаралық валюта жүйесі барынша жан-жақты қаралады.Валюта қатынастары валюта жүйесі туралы ұғымдарға арналып, халықаралық валюта-несие қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері, ұлттық валюталардың айырбасталымдылығы, халықаралық есеп айырысу баланстары, валюта бағамы және оның ұлттық экономикаға әсері, сонымен қатар халықаралық және аймақтық валюта-несие, қаржы ұйымдары туралы кеңінен баяндалады.....
Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы. Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады. Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда.....