Өз жасымыздан егде көрінбеу үшін теріні жасартатын түрлі кремдер жағып, бетімізге көптеген маскалар жасап жатамыз. Сұлулық екпелерін егіп, басқа да косметологиялық сиқырларға жүгінетініміз жасырын емес. Осылайша, бетіміздегі «кәріліктен» құтылғымыз келеді. Десе де, кейбір әдеттерімізбен өзіміз қартаюға қарай қадам жасап жатқанымызды ескере бермейміз. Назарларыңызға қартаюдың негізгі себептерін ұсынамыз.......
Көк жуа кез келген тағамға қосымша керемет дәм береді. Оның құрамындағы пайдалы заттар мен дәрумендер жуашығына (пияздың басы) қарағанда көп. Көк жуа деп пияздың піспеген жасыл сабағын айтады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті халықтық медицинада кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, көк жуаны шаш өсіруде немесе бекітуде косметологияда да қолданады.
Көк жуаның құнарлылығы 100 грамда 19 килокалорияны құрайды. Оның құрамы 1,3 г ақуыздан, 0,0 г майдан және 4,6 г көмірсудан тұрады. Сонымен қатар, көк жуада А, В1, В2, В5, С дәрумендері бар. Сабақтың емдік қасиеттері калий, натрий, магний, кальций, темір, фосфор және цинктің болуына негізделген.......
Алма сіркесуының теріге тигізер пайдасын жоққа шығаруға болмайды. Ол тері майының бөлінуін қалыпта ұстайды, бактерияға қарсы күшке ие, сондай-ақ теріні ағартып, жұмсартады. Оның құрамында өлі клеткаларды жойып, теріні қайта қалпына келтіретін альфа-гидроксильді қышқыл бар. Сондықтан да көптеген қымбат косметикалық құралдардың қоспасында осы компонент кездеседі. Ал алма сірке суында ол әлдеқайда көп мөлшерде болады. Алма сірке суын қарапайым сумен 1:3 қатынаста (1 қасық сірке суына 3 қасық қарапайым су) араластырып қолданады. Екеуін араластырған соң оған мақтаны батырып, жуынар алдында бетіңізді сүртіңіз. Ал бетіңізде жастың ұлғаюынан пайда болған пигментті дақтар болса, су мен алма сірке суының қоспасына мақтаны батырып алып, дақтардың үстіне 20-30 минут ұстаңыз.......
Асқабақтың денсаулыққа пайдалы қасиеттері барлығына жақсы белгілі. Көкөністер мен жемістердің шырынының пайдасы дәлелденген, асқабақ шырыны дәрілік препаратқа теңестіріледі. Оның құрамында көп мөлшерде бето-каротин, ол біздің ағзамызда ретинолға айналады (А дәрумені), сондай-ақ В, Е, К және С (аскорбин қышқылы) бар. Асқабақ шырынының минералды құрамы өте алуан түрлі; калий, мырыш, темір, кальций, магний. Асқабақ шырынында тағы майлар, белоктар және минералды тұздар бар. Асқабақ шырынындағы ағзаға үлкен пайдасын тигізетін пектин болып табылады. Ол зат алмасуды реттеп, асқазан-ішек жұмыстарын қалыпқа келтіреді. Қандағы холестеринді төмендетіп, перифериялық қан айналымын жақсартады. Пектин біздің ағзамызда жиналып қалған токсин, пестициндерден құтылуға көмектеседі. Сондай-ақ, ол бауыр тазалауда жақсы құрал болып табылады. Жүрек-қан тамырлары ауруларында асқабақ шырынының ерекше құнды, пайдалы қасиеттері бар. Бұл сусынмен атеросклероздың алдын алуға болады. Сондай-ақ магний миокард, бұлшық ет талшықтарын нығайтып, қан құрамын жақсартады. ......
Ағзамызға С дәрумені жетіспейді, РР дәрумені жетіспейді деген сөздерді жиі естиміз. Ал жеткіліксіз дәруменді толықтыру үшін қандай тағамдар тұтыну керегін білеміз бе? Білмесек, оқиық.
А дәрумені – сәбіз, цитрусты өсімдіктер, кілегей майы, сыр, жұмыртқа.
В1 – жаңғақ, сұлы (овес).
В2 – соя бұршағы, брокколи орамжапырағы, жұмыртқа сарысы, сыр.
В5 – бұршақ, күріш, саңырауқұлақ, бауыр, ет өнімдері. ......
Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер азаматтар жорыққа не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен ауқаттанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен. ♻♻ Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі.......
Егер буындарыңыз ауырса, одан құтылу үшін көптеген дәрі пайдаланып көрген шығарсыз. Алайда оның ешқайсысы көмектеспесе, сізге жаңа әдіс қолдану керек. Бұл әдіс сіздің аяғыңызға, мойыныңызға, беліңізге пайдалы.
Ол үшін небары 150г желатин қажет. Бұл мөлшер толық бір айға жетеді. Күн сайын желатиннің екі шай қасығын қолданып, оның 1/4 бөлігін бір тостаған мұздай сумен араластырып, түнге қалдырасыз. Ертесіне бұл қоспаны аш қарынға ішіңіз. Егер дәмі ұнамаса, бал, шырын немесе қаймақ қосуға болады.
Бір аптадан соң аурудың әлсірегенін байқайсыз. Ал бір айдан кейін тіпті пайдаланбай-ақ қоюға да болады, өйткені емнің нәтижесіне көз жеткізесіз.......
Су – тәтті. Оның дәмі, мөлдірлігі, пайдасын байқай бермейміз. Ағзаны, миды, сананы реттеп, іске береке беретінін, тіпті, мазасыз адамды тыныштандыратынын оның ерекшелігі деп түсінген абзал. Су уақыт талғамайды, бірақ көлем талғайды. Күніне 2 литр су ішу керек деген қағида дұрыс па? Сұрақтың жауабын және судың мүмкіндіктерін бірге анықтап көрейік. Бізге судың қандай мөлшері керек? Әдетте көпшілік адам күніне 2 литр су ішуі тиіс дейді. Бірақ барлық адам әртүрлі, олардың ағзасы, салмағы, жас ерекшелігі бірдей емес. 2 литр су ішу керек деп жай айта салу оңай. Дегенмен, кей адамдар суды көп қажет ететін жұмыс жасауы мүмкін. Күніне ер адам мен әйел адамның қанша литр су ішу керектігін анықтайтын мынадай формула бар: ......
Біздің аяғымыз болмысымыз турасында көптеген қызықты деректер айта алады. Ел аузында аяқ бармақтары арқылы адамның мінезі жайлы біліп қана қоймай, тағдырын да болжауға болатыны туралы айтылып жүр.
Бүгін сіздерді педомантия сырларынан хабардар етпекпіз. Ол – табандағы сызықтар мен бармақ арқылы болжау. Аталған ғылым жұмбаққа толы тәжірибелерді ұнататындардың арасында танымалдыққа ие физиогномика бағыттарының бірі. ......
Жазда, күзде, кез келген уақытта аяқтың терлеуі қояр емес. Қандай ем қолдансаңда әсері жоқ, міне енді оның ең оңай тәсілін ұсынамын: Дәріханадан фурацилин деген дәріні алсаңыз жетеді. Әсірін көрген сәтте таң қаласыз. Айтсам сенуге қыйналасыз бірақ бұл рас, бар болғаны бір қолданғаннан терлеуі азаяды немесе мүлдем жоқ болып кетеді, ал жаман иісі болса одан да құтыласыз! ......