Жыр алыбы Жамбыл Жабайұлы

Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаев 1846 жылы «Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым сонан» деп ақынның өзі айтқандай қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені бойындағы (Шу ауданы) Жамбыл тауының етегінде Жапа деген қыстауда ақпан айының боранды күндерінің бірінде дүниеге келген. Бұл кез ақынның «Менің өмірім» өлеңінде:

Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,
Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім,
Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнында Алатаудың зарды көрдім, –

деп айтқандай ел ішіндегі әлеуметтік жағдайдың меңдеп тұрған тұсы еді. Бұл – Жетісу өңірінің Қоқан хандығына қарап тұрған шақтағы ел басқарудағы жолсыздықтың шектен шыққан кезі еді. Бір жағынан ақ патшаның, екінші жағынан жергілікті ел билеушілердің мөлшерден тыс алым-салығы бұқара халықты титықтатып тастап еді. Қалың бұқараның дені жоқ-жітікпен.....

Шығармалар
Толық

Әдебиет | Жыр алыбы Жамбыл

Кіріспе
Қазақ халқы бұл күндері дамудың тарихи жаңа кезеңдеріне аяқ басты. Ғасырлар бойы қалыптасу, даму жолдарынан өтіп келе жатқан қазақ халқы 90 - жылдардың басынан бері өз тарихына жаңаша көзқарастармен қарай бастады. Бұл – әлемдік өркениеттің қауымдастыққа өз тұлғасымен толық танылуға ұмтылған ұлттық жаңғыру, жаңару жолы. Осыған байланысты ұлттық әдебиет тарихындағы көрнекті шығармашылық тұлғалардың мұраларын жаңаша көзқарастармен бағалау маңызды. Қазақ әдебиетінің тарихындағы ұлы ақындардың қатарын құрайтын Жамбыл Жабаев шығармашылығы да бүгінгі және болашақ ұрпақтардың рухани қазынасы ретінде сөз арқауынан ажырамайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына арналған мерейтойдағы баяндамасында осындай мәңгілік өмір ұлағатына айрықша баға берілді: «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі, Жамбыл арманының адамзаттың арман - аңсарымен ұласып жатқанында. .....
Ғылыми жобалар
Толық