Жиһаз күтімі

Жиһазды ұзақ уақыт қолданғыңыз келсе, оған дұрыс күтім жасау керек. Оны пеш пен орталықтан жылыту батареяларына жақын және күннің көзі тікелей түсіп тұратын орындарға қоюға болмайды.Жылу мен күн көзінің әсерінен жиһаз қақсып, қисайып, оңып кетеді.

Лак жағылған және жылтыратып өңделген жиһаздың бетіндегі шаң мен кірді ешқашан дымқыл шүберекпен немесе сумен кетіруге болмайды. Бұдан өңі күңгірттеніп қана қоймай, мебельдің бетіне ұсталған фанер қабаты ажырап кетуі мүмкін.

Жиһазды, оның лак жағылған және жылтыратып өңделген бетіндегі шаңды таза құрғақ фланель, шұға немесе пүліштің қиындысымен сүртіп тазалайды. ......
Кеңестер
Толық