Менің атам Отан үшін от кешкен
Мамыражай бейбіт таңның бірі еді. Кенет батыстан от шарпыған қара түтін бұрқ етті. Дүниедегі өмір сүйгіш,тыныштық сүйгіш жүректер солқ етті.Адам да, жан-жануар да,жаңа ғана гүлге орана бастаған дала да күңіренді.Аналар аңырап,азаматтар күрсініп, балалар ұлардай шулап жатты. Әдемінің бәрін түтінге орап,тәтті сезімдерді мұңға айналдырған неміс фашизмі ашқан соғыс еді... Осы қанқұйлы соғысқа біреу жалғыз ұлын,біреу бауырын ,енді біреу сүйікті жарын қимай аттандарды. Отан қорғау-ұлы міндет. Бірақ тыныштықты, әсемдікті аңсаған Әйел-Ана жүрегі соғыс деген сұрапылға ерлерді езіле, егіле аттандырып жатқан-ды.Сол аттанған ердің бірі менің атам-Айтжан Ділешұлы. Айтжан атам 1917 жылы 1 қаңтарда Орда құмында дүниеге келген. Арғы аталарынан сынықшылық қасиет қонған отбасында үш қыз (апалары Нұржамал, Жұмаш және қарындасы Сақила) және жалғыз ұл менің атам- Айтжан тәрбиеленіп өскен. 1938 жылы әскерге шақырылған, атам Прибалтикада әскери қызметін өтеп, 1940 жылы елге оралған соң «Әжен»№88 түйе заводында бригадир болып қызметке тұрады. 1942 жылы соғысқа аттанады. Жапонияға қарсы соғыс ашылғанда Қытай халық Республикасында Манчужурияда және Жапонияны фашистерден азат етуге қатысқан.Сол кезде «Жапонияны азат еткені үшін» деген медаль берілген. 1946 жылы елге оралған......
Шығармалар