Жетісудағы қазақ-қырғыздың көтерілісін басуға өкімет тарапынан қылынған қамдар


Жетісуды алғаннан бері орыстың өкімі күшке таянып, әскер, қамшы, абақтымен ел билеп келе жатқандығы айтылып келеді. Қалай да орыс өкіметі Жетісуға орыс келтіріп, оны «сенімсіз көшпеліге» күзетші қылды. Оларға жабдық үлестірілді. Казак-орыстардың еркек кіндігіне мылтық, жабдық үлестіріліп және туысымен жер кесіліп берілетін.

1914 жылғы неміспен соғыс шыққанда Жетісу орыстарына мылтық-қару қайта үлестірілді. Оғымен бердеңке берілді. Бұларға өзін-өзі қорғаушы дружина жасауға ерік етілді.

Жетісуда көтеріліс болатынының алдында орыстың қолындағы күш мынадай еді. Қапалда, Алматыда және Жаркентте бір-бір сақтық әскерінің дружинасы. Бұлардың әрқайсысында 885 -тен бесатар бар еді. Бақтыда 221 мылтықпен бір рота және Аягөзде 55 мылтықпен бес қарауылдық команда бар еді. Лепсіде 90 мылтық, Пішпекте — 194, Қарақолда — 75, Нарында — 75 мылтық бар еді және Пішпектің жергілікті командасында — 24, Алматының жергілікті командасында 44 бесатар бар еді. Бұдан басқа Алматыдағы зеңбірек қоймасында 101 мылтық бар еді. Мұның үстіне жабдықсыз атты запастың 3 бөлімі бар еді. Мұның үстіне Бақтыда, Жаркентте, Нарында казак-орыстың бір-бірден полкі тұрушы еді. Мұның арқасында 100- ден, 120-дан қылыш бар еді. Алматыдағы казак-орыс запасында 264 қылыш бар еді. Бақты, Нарын, Алматы мен Қапалдағы пружинаның екі-екіден пулеметі бар еді. Осы жоғарғы көрсетілгендерден Алматының дружинасының 1- ротасы Әулиеатаға, 20 казак-орыс, 30 ратник Бақтыдан Шәуешекке барып тұрушы еді.

Облыста солдатқа ат алатын болғандықтан атты запастың адамдары! барлығы да облыстан қазақ-қырғызға ат алуға бытыратылған да, бұлардың жергілікті командасы конвой қызметін атқарулы.

Сөйтіп өкімет қолындағы күштің ұзын саны 3736 еді. Бірақ қазақ-орыстың ауруларын санамағанда, анық сойыл соғары 500-ден артылмайтын еді. Осы әскерге қазақ-қырғыз көтерілетіндегі тапсырылғаны:

1) Бақты, Жаркентте қытай мен қазақ астасып кетпес үшін шекарада күзет қылу;

2) штабтың пәтерін күзету (әсіресе Алматыдағы);

3) ат алуға облыс (бойынша) бөлінген 13 учаскедегі конвойлық қызметін атқаруға —175 солдат. Бұлардың бәрі лау мінетін;

4) орыс қалаларын сақтау;

5) жаза (карательный) отрядын жасау. Жаза отряды көбінесе жергілікті казак-орыс солдатынан жасалды.

Ол уақытта бүтін облыста казак-орыс станицасымен 230-дан аса мұжық қаласы бар еді. Жоғарғы айтылған мылтықтар ылғи бесатар болып, олар орыстардың бұрынғы қолындағы бердеңке, қос атар сықылды жабдығының үстіне қосымша еді. Соның үшін әлгі әскер жабдығы мен өкімет солдаттары Қытай шегі мен дуан сықылды қауіпті жерлерге қойылды.

Жетісудың әр жерінен көтеріліс ұшықты шығып, «облыс соғыс халында» деп жарияланғанда, Жетісу 17 учаскеге бөлінді. Әрбір учаскенің басында бір-бір комендант белгіленді. Олардың қолында белгілі мөлшерде әскер күші болды. .....
Әңгімелер
Толық

Тарих | ХVІ ҒАСЫРДАҒЫ ЖЕТІСУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

Бұл мақалада Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихымен тығыз байланыста болған Жетісу аймағының қазіргі таңда тарихи деректер мен ғылыми зерттеулерде зерттелу деңгейіне тарихнамалық шолулар жасалынған.
ХVІ-ғасырдың басындағы бірінші онжылдықта да қазақтың ханы Керей ханның баласы Бұрындық өзінің хандық билігін жалғастырған. Алайда оның Жетісу жерінде ешбір билік жүргізген әрекеттері жазба деректерде кездеспейді. .....
Рефераттар
Толық